Әлемде көптеген пайдалы мамандықтар бар. Сол мамандықтардың ең маңыздысы – білім беру саласының қызметкерлерінің ісі. Сондықтан мұғалімдер әлемнің қай бұрышында болсын үлкен құрметке ие! Өйткені мұғалім болу игілікті іс, қоғамға қажет мамандық. Ал, менің ойымша кез-келген пәннің мұғалімдері әлеуметке тиімді саланы оқытады. Олар бізге белгілі бір тақырыпты ғана емес, сонымен бірге кейінгі өмірде пайдалы бола алатын ережелер жиынтығын да үйретеді. Барлық педагогтардың қоғамдық орыны маңызды. Біздің мектептегі мұғалімдердің мәртебесі оқушылар үшін әрдайым биік. Мәселен, тарих пәнінің ұлағатты ұстазы Серік Кеңесұлы бізге өткен ғасырлардан маңызды мәліметтер беріп, білім нәрімен сусындата алады. Географияның мұғалімі Татьяна Витальевна әлемнің әр түрлі елдері жайлы қызықты ақпараттармен оқушыларды таңғалдырып, сабағын тартымды өтеді. Ағылшын тілінің педагогы Ким Елена Станиславовна өзге тілдер мен басқа елдердің салт-дәстүрімен таныстырып, үйретуден еш жалықпайды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шәрипа Бегалықызы қазақ тілі мен әдебиетінің сұлулығын сөзбен жеткізуге әрбір сәтте көмек береді. Сонымен қатар, сынып жетекшіміз әрі физика пәнінің мұғалімі Веряскина Таьяна Юльевна табиғаттағы құбылыстарды физикалық тұрғыдан жан-жақты түсіндірсе, мектеп директоры әрі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оңғарбаева Жанна Бүркітбайқызы өз ісінің білікті маманы және мықты басшы! Мектеп директорының орыны оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар үшін әрдайым жоғары болмақ! Бұдан басқа да оқытушы мұғалімдер шәкірттері үшін тұлға болып саналады.
Білім ордамыздың мұғалімдеріне қарап мен өзімінің білімді, қатал, әділ әрі талапшыл болған алғашқы ұстазымды еріксіз есіме түсірдім. Өйткені ол сыныптағы барлық оқушыларға мейірімді әрі толерантты болды. Ол маған және басқаларға өмірдегі ең маңызды ережені үйретті. Өмірде ешнәрсе себепсізден-себепсіз болмайды. Біз күш-жігер жұмсамайынша ешқашан да жоғары баға алмаймыз. Міне, уақыт өте келе мұғалімдер тек мектепте ғана емес екендігін түсіндім. Себебі қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда кездесетін кейбір адамдар да мұғалім бола алады. Және де жақсы мұғалімдер университетте деп көп адамдар ойлауы мүмкін. Иә, әрине жоғары оқу орнында мықты мұғалімдер жоқ емес. Әйткенмен, өмірдің заңдылығына қарап, жақсы мұғалімдер белгілі бір қасиетке ие қарапайым адамдар деп ой түйген едім. Қателеспеппін. Яки кез келген мұғалім үшін ең маңызды қасиеттер – ақыл-ой, бейтараптық, жақсы қарым-қатынас дағдылары, басқа адамдарға құрмет көрсету, оң көзқарас пен өмірді сүю.
P.S. Өзімнің алғашқы ұстаздарыма және де Тараз қаласындағы Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектептің мұғалімдеріне мың да бр алғысымды айтамын. Олар құрметке ие жандар!
Мучи-Оглы Сурия Суликоевна,
Дмитрий Карбышев атындағы
№16 орта мектептің 11 «Б» сынып оқушысы,
Бошаева Шарипа Бегалиевна
жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Жамбыл облысы, Тараз қаласы