Бүгін «Білім айнасы» газетінің редакторы Қуантай Амантайұлы бастамасымен 23 ақпанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында №7 жалпы орта мектебінде семинар өтті. Үйренген жастар үшін нұр үстіне нұр болар. Ұстаз үшін мақала жазу үлкен еңбекті керек етпесе де үйрену қажет. Біз үшін семинардың болашақта пайдасы мол. Мақала жазудың түрлері, міндеті, құрылымы жөнінде толық ақпарат алдық және педагогтар қызыға қатысты. Бәрімізге Қуантай Амантайұлы «Білім айнасы» газетінің редакциясы атынан «Сертификат» табыстады.
№7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасының
әдіскері А.А. Мухыш
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы