Home » Жаңалықтар » Мұғалімдерге Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сыйақы беріледі

Мұғалімдерге Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сыйақы беріледі

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеудің арқасында әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ бюджеттік және әлеуметтік салада қызмет ететіндерге сыйақы беріледі, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен өткен конференция барысында айтты.

Оның айтуынша, қалалық бюджетті оңтайландырудың нәтижесінде дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әлеуметтік жұмысшылар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға сыйақы беру мүмкіндігі туды. 2016 жылы жергілікті бюджеттен 123 миллиард теңге үнемделген: жол айналымдарын оңтайландыруға, құрылыс нысандары мен Универсиадаға бөлінген қаражаттан 60 миллиард теңге, әлеуметтік нысандарға бөлінген қаражаттан 56,5 миллиард теңге үнемделсе, мемлекеттік сатып-алулар кезінде 6,5 миллиард теңге үнемделген.

«Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысының тікелей тапсырысымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жергілікті бюджеттегі қаражаттан әлеуметтік және бюджеттік салада жұмыс істейтін алматылықтарға бір алатын айлығының көлемінде сыйақы берілсе, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сыйқақы беріледі», — деді Байбек.

Жалпы, сыйақы алатын алматылықтардыкң саны шамамен 114,3 мың екен. Ал бөлінет қаражат 6,2 миллиард теңге болып тұр.

«Мемлекет басшысы мен Партия көшбасшысының мереке қарсаңында көрсетіп отырған көмегі оларға бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алуына, азық-түлік өнімдерін алып, коммуналдық қызметтерін төлеп, несиелерін өтеуге көмектеседі деп сенемін. Яғни, ең қажетті дүниелеріне жарата алады деп сенемін», — деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы Алматыдағы экономикалыө жағдайдың жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын айтты. Оның айтуынша, биыл салық көрсеткіші айтарлықтай көтеріліп, 35,3 миллиард теңгеге (114 пайызға) жеткен.

Еске сала кетейік, бүгін Бауыржан Байбек ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қалада туындаған мәселелер бойыншаесеп берген болатын Өз есебінің соңында қала әкімі қазіргі жағдайдың тұрақталғанын айта отырып, алматылықтарға және еріктілерге алғыс білдірді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.