Білім беру Департаменті мен Облыстық ПК БАИ бастамасы негізінде 2000 жылы облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ашылған Павлодар облысының білім беру мұражайының көп жылғы тарихы бар. Мұнда ерекше тарихи экспонаттар орын тауып жайғасқан, деректі материалдар жинақталған, олар Павлодар облысының оқу-ағарту жүйесін дамыту тарихын сақтау, ұстаздың жеке тұлғасын сыйлауға тәрбиелеу, білімнің дамуындағы, оның ішінде педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің қорын жаңа мағлұматтармен толықтыру және жинақтау сияқты өзінің негізгі мақсатын орындайды.
Жаңа материалдар ішінде экскурсанттар қызығушылығын тудыратыны — «Өрлеу» БАҰО» АҚФ құрылу тарихы, білім берудің инновациялық жобалары, филиалдар жетістіктері.
Білім мұражайы облысымыздың мектептер мұражайларына тарихи материалды жинақтауда, оларға талдау жүргізу мен жүйелеуге, мұражай қорын сақтау шартын орындауда әдістемелік көмек көрсетеді. Павлодар облысының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының 66 жылдығы қарсаңында мұражай қызметкерлері мамыр айында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында мектеп мұражайы жастарға патриоттық тәрбие беру құралы ретінде» атты жаңа жобаны өткізуді жоспарлауда.
Келем деушілерге мұражай есігі әрдайым ашық, бұл мүмкіндікті курс тындаушылары белсенді пайдаланады. Мәселен, Екінші республикалық педагогикалық оқуларына әр облыстан келген қатысушылары үшін институттың білім мұражайында экскурсия өткізілді. Осы экскурсия жайлы қатысушылар «Педагогика хабаршысы» газетіне өз ойларын білдірді.
Мұражай сайтынан: электронды түрде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен Совет Одағының батырлары және Қазақ КСР-не еңбегі сіңген ұстаздар мен Социалистік Еңбек Ерлері туралы, Павлодар облысының білім саласының даму тарихы жайлы мәліметтерді көруге болады. Ал, мұражайдың ішінде осы ақпараттарды ұялы телефон мен планшет арқылы оқуға мүмкіндік туды, оған себеп әр экспонаттқа штрих код орналастырылды. Мұражайдағы теледидар арқылы 4 жылда атқарылған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жұмысы мен жетістіктері жайлы таныстырылымдар дайындалып, ұсынылды (23,24 маусым). Сонымен бірге қазақша, орысша және ағылшын тілінде вертуалды экскурсия жүргізу мақсатында дыбыстық жазба жасалды. Қалалық, аудандық білім ұйымдарынан «ҚР білім беру саласының үздігі» туралы ақпараттар жинақталды.
Пікірлер кітабы келушілердің ризашылығын білдірген жылы лебіздерімен толықты: «Тарих ешқашан – өшпейді, өйткені ол мәңгілік халық есінде. Әсіресе, сыныпта, аудиторяда өз еңбегімен білімін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын ұстаздарды ұмытпау керек», «Мұражай 16 жылдық тарихында үлкен даму жолына бет алды. Мұражайда болу өте қызықты». «Мұражай — ол үлкен бір ерекше құбылыс, тұнып жатқан қазына осындағы әрбір экспонат адамның жүрегін баулиды» деген жазбалар көп.
Экскурсияға келген ұстаздар институт директорының міндетін атқарушы Н.Н. Шпигарь және мұражай қызметкерлеріне білім жүйесінің даму қорын сақтап, өсіп келе жатқан ұрпаққа насихат жұмыстарын алға қойғаны үшін өз алғыстарын білдіруде.
Мұражай бөлімі сонымен бірге институтта өтіп жатқан әр түрлі іс-шараларға қатысуда. Атап айтсақ, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудағы тарихи тұлғалар» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларына экскурсия ұйымдастырылды (22.04). «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы ПҚБАИ-дің білім мұражайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік орталығының М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында ұйымдастырған қосымша білім берудің біліктілікті арттыру курсының 28 тыңдаушыларына экскурсия өткізілді. Республикадан келген тыңдаушылар үшін арнайы бағдарлама мен буклет дайындалып, Ақсу қаласының педагогикалық еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер А.З. Арыновтың қатысумен кесдесу өтті. Осы атқарылған іс шара бойынша ақпарат институттың сайтына және «Педагогика хабаршысы» газетінде жарияланды (№21, 5 қараша).
Өзінің мақсаты мен бағдарына сәйкес білім мұражайы аймақтық білім беру тарихын зерделеу бойынша қорды сақтау, жинақтау, экспозицияларды жасау, экскурсиялар өткізу, тарихи және ғылыми құндылығы бар материалдарды жинау бойынша 2017 жылы жұмысын жалғастыруда. «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамыту тарихы Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі деген мұражайдың тақырыбы анықталды.
Жунусова А.Р., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша
ПҚБАИ мұражай бөлімінің бастығы
( ПҚБАИ -Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты)