Home » Жаңалықтар » МҰРАЖАЙ МҮСІНДЕРІ СӨЙЛЕЙДІ

МҰРАЖАЙ МҮСІНДЕРІ СӨЙЛЕЙДІ

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тірі ескерткіштер мұражайы орын алды.

Іс-шара Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай жастарды адамгершілікке, сауатшылыққа, бірлік, ынтымаққа, елін сүйіп Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға баулу мақсатында ұйымдастырылған бір топ мерекелік шаралар тізбегін қамтыған жоспардың соңғы бөлімі болып табылады.

29 сәуірде бастау алған жоба аясында Зияткерлік мектеп оқушылары елордамыз Астана қаласында орналасқан Жер Ана монументіне, Кеңес одағының батыры, Екінші Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының, Берлин басылымдарында Рейхтсагқа ту тіккен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткіштеріне тағзым етіп, өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа тарихымызды тереңінен таныту, патриоттық сезімді халық арасында ояту және жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерліктерін ұлықтау мақсатында қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, патриоттық әндер флешмобын ұйымдастырды.

Мектеп ішінде «Суреттер сыр шертеді» фото көрмесі мен эсселер байқауы, “Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына-25 жыл” атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Жыл сайын өтетін “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жауынгерлік және еңбектегі жеңістерін жас ұрпақ арасында насихатап, мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары, кураторлары және ата-аналары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Кездесу барысында жастар майдан әңгімелерін тыңдап, қарттардың көңілін жеңіс әндерімен, күй мен өлеңдер арқылы көтеріп, ұйымдастырған сый-сияпаттарын табыс етті.

Ескерткіштер образына кіру, олардың сол замандағы шынайы сезімдерін халыққа жеткізу оқушылар үшін маңызды әрі қиынға соққан сынау болды десек болады. Бір ай көлемінде оқушылар қосымша білім беру қызметкерлерімен бірге қойылымға дайындалған болатын. Дайындық барысында тарихи деректер, қатысты бейнематериалдар мұқият зерттеліп, ардагерлермен кездесулер өтіп, сұхбат алынды.

Жоспар бойынша «Мұражай мүсіндері сөйлейді» бағдарламасы Ұлы Отан соғысының басталуы, Кеңес Одағының Батырлары, Шығыстың қос жұлдызы, Жау тылында, Қаһарман қала – Ленинград, Жеңіс Туының желбіреуі көріністерін қамтыды. Нәтижесінде Ұлы Отан соғысы басталған жылдан бастап аяқталған кезеңге дейінгі оқиғалар тізбегі жоғары деңгейдегі шеберлікпен бейнеленді.

Әрбір көрініс мұражайға келген көрермендер жүрегінде ерекше жаңғырық тауып, ықыласына ие болды. Қойылым соңында көзіне жас алған мұражай келушілері балаларға рахметін айтып, қол соғып қарсы алды.

Батыр бабаларының ерлігін, қайтпас қайсарлығын, Отанға деген сүйіспеншілігінің ұшқыны әрбірінің жанарларынан байқалған ертеңгі күннің болашақ қоғам көшбасшыларының аталмыш шараны ұйымдастыруда қызығушылық танытып, белсенді қатысуы көрер көзді қуантады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.