Home » Жаңалықтар » Мұнайлы ауданы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәй-күйі қоғамдық кеңес отырысында талқыланды              

Мұнайлы ауданы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәй-күйі қоғамдық кеңес отырысында талқыланды              

Бүгін ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Мұнайлы ауданы әкімдігінің алаңында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Жиын басталуымен Қоғамдық кеңес төрағасы Т.Әміров мемлекет басшысы  Қ. Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауының маңызды тұстары мен басым бағыттарын таныстырды.

Шара кезінде, ҚР Мемлекеттік қызмет  істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н. Жанназарова аудандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жай-күйі жөнінде баяндады.

Бұдан басқа, Департамент басшысы 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы атқарылған жұмыстары туралы баяндап, Мемлекет басшысының алға қойған бірқатар тапсырмаларына сәйкес қабылданған шараларға тоқталып өтті.

Атап айтқанда, есепті кезеңде облыста және ауданда көрсетілген қызметтердің саны жөнінде, сондай-ақ  Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижелері айтылып, халықтың қызмет алуға цифрлық сауаттылығын ашатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының маңыздылығы, аудандағы электронды форматта көрсетуге болатын кейбір қызметтерді, электронды түрде көрсетуге мүмкіндік болмай отырғандығы жөнінде баса айтылды.

    Оның себебі біріншіден, аудандағы ведомстволық ақпараттық жүйелердің «электронды үкімет» веб-порталымен интеграцияланбаған болса, екіншіден құжаттарды қабылдау және қызмет нәтижелерін беру үшін тиісті ақпараттық жүйелердің орнатылмауынан орын алып отыр.

Отырыс барысында, кеңес мүшелері мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы мәселелер жөнінде Департамент басшысына өз сауалдарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Жиналыс соңында, аумақтық департамент басшысымен Қоғамдық кеңес мүшелеріне аудан бойынша адам көп шоғырланатын жерлерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу жұмыстарын ұйымдастыруды, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептіліктерді ұсыну сапасын арттыруды, жауапты қызметкерлермен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, регламенті және жалпы заңнама талаптарын қатаң сақталуын бақылауға алуды, қызметтерді электронды форматта көрсету үшін тиісті ақпараттық жүйелерді «электронды үкімет» веб-порталымен интеграциялау, орын алған техникалық қателерді жою, сондай-ақ қажетті мекемелерге ақпараттық жүйелерді орнату жөнінде аудан әкімінің атына ұсынымдар енгізу ұсынылды.

Жиын қорытындысымен, аталған ұсыныстар Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қолдау тауып, аудан әкіміне тиісті ұсыныстар жолдау жөнінде шешім қабылданды.

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.