17.09.2017 ж. күні Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызды сәт» қайырымдылық концерті болды. «Мүмкіндікке шектеу жоқ» тақырыбымен алынған қайырымдылық концерті жоғарғы деңгейде өтті. Төрт бөлімнен тұратын сайыста балалар өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Қолөнер, мәнерлеп оқу, би өнері, ән айту бойынша балалар бақ сынасты. «Жұлдызды сәт» сайысына 16 бала қатысты. ОШҮ-не қарасты «Жұлдыз» аула клубынан мәнерлеп оқуға екі оқушы қатысты. Экібай Жансерік бас жүлдеге, Ондасын Мыңкісі І-орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Балалар Калығыз Таженқызының туындыларын орындады. «Тағдырыңа налыма», «Өмір сыры» туындылары балалардың өміріне арналған болатын. Қайырымдылық жасаған қайырымды жандарға алғысымыз шексіз.
Алладан үміт үзбейміз,
Жаз кетіп, келсін күз мейлі.
Мейірімді жанды іздейміз,
Қара күздегі, күндейді.
Жақсылық жаса, қолыңда сенің барыңда,
Сарандық жасап, опынып қалма соңында.
Бергенге берер, еселеп Тәңір көгінен,
Бергенің сенің науқасқа дем боп төгілер!
Калығыз Таженқызы
«Жұлдыз» аула клуб: Педагог-ұйымдастырушысы
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы