Home » Жаңалықтар » Мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы «Жұлдызай » ХІІ республикалық балалар шығармашылық фестивалі және І республикалық спартакиаданың облыстық іріктеу кезеңі өтті

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы «Жұлдызай » ХІІ республикалық балалар шығармашылық фестивалі және І республикалық спартакиаданың облыстық іріктеу кезеңі өтті

2017 жылдың  17 сәуірі күні мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында  «Жұлдызай» ХІІ шығармашылық фестивалі мен І спартакиадасы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен және «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысындағы филиалының қолдауымен өткізілді.

«Жұлдызай» шығармашылық  фестивалі мен спартакиада                 10-18 жас аралығындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қоғам, бизнес-құрылым өкілдерінің назарын аударту мақсатында ұйымдастырылды.

«Жұлдызай» І республикалық спартакиадасының іріктеу кезеңі

Өткізілетін мерзімі: 17 сәуір 2017 жыл, сағат 10-00.

Өткізілетін орны: №278 орта мектеп базасы.

Мүмкіндігі шектеулі 10-17 жас аралығындағы балаларымыз  спорттың                             4 түрінен  (мини футбол, асық ату, жеңіл атлетика, үстел теннисі) жарысқа қатысты.  Барлық 48 қатысушы облыстық білім басқармасының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 «Жұлдызай» шығармашылық фестивалі

Өткізілетін мерзімі: 17 сәуір 2017 жыл, сағат 11-30

Өткізілетін орны: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайы.

Аудандық, қалалық іріктеу кезеңінде барлығы 320 бала өнер көрсетіп, облыстық фестивальге жолдама алған 150 бала  ән айту, би билеу, әнді ым-ишаратпен айту, аспапта ойнау, қолданбалы көркем өнер, сурет-бейнелеу өнері бойынша өз өнерлерін ортаға  салды.

Шығармашылық фестиваліне қатысушыларды  «Бәрімізде бірдейміз» атты Қазанғап атындағы музыкалық колледж студенттері мен «Волонтеры Кызылорды» ҮЕҰ – ның бірлескен флешмобымен қарсы алды.

Шығармашылық Фестиваль «Болашақ» университетінің студенттері, №6 есту қабілеті бұзылған мектеп интернат тәрбиеленушілері, музыкалық колледждің әншілерінің ым-ишарат тілінде «Жұлдызай» Гимнді айтуымен басталды.  Байқауға қатысушы өнерпаздар өз өнерлерін нақышына келтіре ән айтумен қатар би билеп, ым-ишаратпен жүректерге жеткізе өнерлерін көрсетті.

Әрбір өнерпаз балаларға  «ТорғайПетролиум» АҚ, облыстық мәслихат депутаттарының сый-сыяпаттары мен облыстық білім басқармасының дипломы табысталды.

Фестиваль соңын мерекенің құрметті қонағы – Қазақстанның эстрада әншісі Нұржан Керменбаев әнімен шашу шашты.

«Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының фестивалі мен спартакиаданың облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары 1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Алматы қаласында  өткізілетін шараға  жолдама алды.

2015-2016 жылдар аралығындағы жетістіктер:

2015 жылы  өткізілген  Республикалық фестивальде №6 құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатының «Балауса» домбырашылар ансамблі І орын иеленді,  Халықаралық «Бала — өмірдің гүлі» байқауының бас жүлдегері «Алтын диплом» иегері, Түркия қаласында өткізілген байқаудың лауреаты атанды.

2016 жылы республикалық байқауда әнді ым-ишаратпен айтуда Қуандық Еркебұлан 2-орын иеленді. №1 оңалту орталығында тәрбиеленушілер ауыр мүгедектігіне қарамастан би номинациясы бойынша ІІІ орын иеленді. №222 мектеп оқушысы Болат Ермек ІІІ орын иегері, Шиелі ауданы №148 мектеп оқушысы Жадыра Жүсіп лауреат атанды. Қызылорда облысынан әр жанр бойынша қатысқан 12 мүмкіндігі шектеулі балаларымыз үлкен жетістіктермен оралды.

«Жұлдызай» фестивалі мен спартакиадасының демеушілері:

Фестиваль «Нұр Отан» партиясы  Қызылорда облыстық филиалының қолдауымен өткізілуде.

Балаларға бағалы сыйлықтарды облыстық мәслихат депутаттары: Кенжебаев Темірхан Бердәліұлы,  Бекжанов Мәдіхан Әріпұлы, Махашев Бағдаулет Еркінбекұлы және «Евразия» спорт кешені және жеке кәсіпкер Ибрагим Рустемұлы ұсынды.

Басты демеушіміз – «Торғай Петролеум» АҚ.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.