Кеше арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығында «Серпін» жобасының қатысушылары Павлодар мемлекеттік институтының болашақ дефектолог мамандарының еңбек сабағынан шеберлік сыныбы өтті.
Сабақ барысында жас мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларға қойдың жүнінен киіз басып, түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды үйретті. Мұндағы мақсат: балалардың мүмкіндігін кеңейтіп, білім алу, еңбек етуге деген құлшынысын арттыру, оларды қолөнерлік кәсіпке баулу, қол моторикасын дамыту болды.
Жасөспірімдер жас ұстаздарының қолдауымен берілген тапсырмаларды тамаша орындап, сыйлықтарға ие болды.
Айгүл МОЛДАШ
Білім айнасы
Павлодар қаласы