Home » Балабақша » Мың бұралған бишілер

Мың бұралған бишілер

Рухани жанғыруға байланысты мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Жас бүлдіршіндерді өнерге қызықтыру, бойындағы талантын, жеке қасиеттерін дамыту, өз халқының және өзге халықтардың мәдиниетін танып білуге бағыттау. Балаларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр-сырын үйрету.
Осы мақсатында Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйінде  аудандық аула клубтары, жалпы орта мектеп және балабақшалары арасында «Мың бұралған биші» атты қазақ ұлттық билері сайысы өткізілді. Қатысушы оқушылар мен балалар өте жақсы деңгейде дайындық пен келгені көрініп тұрды. Киім үлгілері қазақтың сәнді, әдемі киімдерін киген. Билері де тамаша болды, жоғары деңгейде өтілді. Әділ қазы алқалары қатысушыларды  биылғы  балалардың билері өткен жылға қарағанда өте жақсы нәтиже көрсеткенін айтып өтті және де қатысушыларды  диплом және жеке сыйлықтармен марапатталды.

 

Ардақ Сейдабула,
«Арай» жекеменшік балабақшасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.