Home » Ашық сабақтар » Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Мақсаты: а)Оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін таба білуге үйрету,
Ә) Мақал айту арқылы оқушылардың ақыл-ойын, сана-сезімін, танымдық қабілетін, білімділігін, сөз сараптауларын дамыту.
Б) Халық ауыз әдебиетінің  түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата-баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, оқушыларды жарыстыру.
Көрнекілігі: төсбелгілер, кітаптар, қанатты сөздер, салт-дәстүрге байланысты суреттер,.
Түрі: дәстүрден тыс ойын, жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Біз бүгін тілдер күніне байланысты 3-ші сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»атты тақырыпта тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 3 «А» сынып оқушыларын және 3 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз.
(Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады.Әр топтан бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады.)
Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!
Туған тілім-анам тілім-өз тілім!
Туған тілім-далам тілім-өз тілім!
Туған тілім-адам тілі-өз тілім!- дей келе,
бүгінгі сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.
Сайыс сабақтың жоспары:
1.Өздерін таныстыру, ұраны, төсбелгісі, топтың аты.
2.Мақалдар сайысы.
А)мақал құрастыру
Ә) мақалдың жалғасын табу
Б) тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.
Жұмбақтыр сайысы
Көрермендер сайысы.
(Сайыс басталмас бұрын әділқазылар сайланады)
-Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,
Келген жоқпыз кешке бекер еруге
Тиістіміз болашақтың алдында,
Тік түрегеп, тура жауап беруге,- деп әр топ өздерін таныстырып өтсе.
Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар,-дегендей оқушылардың тапқырлығы мен ой-өрісін тексеру мақсатында 2–ші бөлімді бастаймыз.Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі-мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы. –деп
ІІ-ші бөліміміздің мақал құрастыру сайысын бастаймыз.
Бұ л сайыста әр топқа  сөздер таратылып беріледі. Олар осы сөздерден мақал-мәтел құрастырады. Құрастыруға 2-мин уақыт беріледі.
А) еңбек туралы мақал-мәтел.
Еңбек  еткен мұратына жетеді.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Ә) ана тілі туралы.
Басқа бәле тілден.
Піл көтермегенді тіл көтереді.
Тіл қылыштанда өткір.
Тіл тас жармаса бас жарады.
Тіл жүйрік емес ой жүйрік.
Өнер алды қызыл тіл.
Б) Достық туралы мақал-мәтел.
Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.
Дос тұтқанды қадірле.
Досы көпті жау алмайды.
Дос таппай көңіл тыным таппас.
-Осымен мақал-мәтел құрастыру сайысы аяқталды.
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректеп біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.-деп орамызға 3 «Ә» сынып оқушысы Ермағанбет Гүлсезімнің орындауында кәріс биін тамашалаңыздар.
Әділ қазылар алқасы бағаларын берсе.
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
ІІ-бөліміміздің «Мақалдың жалғасын тап» сайысын бастаймыз. Мен сендерге мақалдың басын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар. Жалғасын тапқан топ қол көтеріп жауап береміз.

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Мақсаты: а)Оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін таба білуге үйрету,

Ә) Мақал айту арқылы оқушылардың ақыл-ойын, сана-сезімін, танымдық қабілетін, білімділігін, сөз сараптауларын дамыту.

Б) Халық ауыз әдебиетінің  түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата-баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, оқушыларды жарыстыру.

Көрнекілігі: төсбелгілер, кітаптар, қанатты сөздер, салт-дәстүрге байланысты суреттер,.

Түрі: дәстүрден тыс ойын, жарыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

— Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Біз бүгін тілдер күніне байланысты 3-ші сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»атты тақырыпта тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 3 «А» сынып оқушыларын және 3 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз.

(Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады.Әр топтан бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады.)

Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!

Туған тілім-анам тілім-өз тілім!

Туған тілім-далам тілім-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі-өз тілім!- дей келе,

бүгінгі сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.

Сайыс сабақтың жоспары:

1.Өздерін таныстыру, ұраны, төсбелгісі, топтың аты.

2.Мақалдар сайысы.

А)мақал құрастыру

Ә) мақалдың жалғасын табу

Б) тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.

  1. Жұмбақтыр сайысы
  2. Көрермендер сайысы.

(Сайыс басталмас бұрын әділқазылар сайланады)

-Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,

Келген жоқпыз кешке бекер еруге

Тиістіміз болашақтың алдында,

Тік түрегеп, тура жауап беруге,- деп әр топ өздерін таныстырып өтсе.

Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар,-дегендей оқушылардың тапқырлығы мен ой-өрісін тексеру мақсатында 2–ші бөлімді бастаймыз.

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-мәңгі өнеге айдыны,

Жан байлығы, салт-дәстүрі, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және туған тарихы. –деп

ІІ-ші бөліміміздің мақал құрастыру сайысын бастаймыз.

Бұ л сайыста әр топқа  сөздер таратылып беріледі. Олар осы сөздерден мақал-мәтел құрастырады. Құрастыруға 2-мин уақыт беріледі.

А) еңбек туралы мақал-мәтел.

Еңбек етке мұратына жетеді.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Ә) ана тілі туралы.

Басқа бәле тілден.

Піл көтермегенді тіл көтереді.

Тіл қылыштанда өткір.

Тіл тас жармаса бас жарады.

Тіл жүйрік емес ой жүйрік.

Өнер алды қызыл тіл.

Б) Достық туралы мақал-мәтел.

Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.

Дос тұтқанды қадірле.

Досы көпті жау алмайды.

Дос таппай көңіл тыным таппас.

-Осымен мақал-мәтел құрастыру сайысы аяқталды.

Бірге өсіп, ен жайлаған ұл мен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректеп біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.-деп орамызға 3 «Ә» сынып оқушысы Ермағанбет Гүлсезімнің орындауында кәріс биін тамашалаңыздар.

Әділ қазылар алқасы бағаларын берсе.

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

 

ІІ-бөліміміздің «Мақалдың жалғасын тап» сайысын бастаймыз. Мен сендерге мақалдың басын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар. Жалғасын тапқан топ қол көтеріп жауап береміз.

  1. Баланың ұяты-әкеге …(қыздың ұяты-шешеге)
  2. Атаңа не қылсаң, … (алдыңа сол келер)
  3. Туған жердей жер болмас,… (туған елдей ел болмас)
  4. Батыр туса ел ырысы, … (жаңбыр жауса, жер ырысы)
  5. Екі жақсы қас болмас, … (екі жаман дос болмас)
  6. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, … (алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)
  7. Әдепті елдің баласы, … (алыстан келіп сәлем береді)
  8. Ұяда не көрсең, … (ұшқанда соны ілерсің)
  9. Сө зжүйесін тапса … (мал иесін табар)
  10. Жақыныңды жаттай сыйла, … (жат жанынан түңілсін)
    Ендігі кезек 3 «Ә» сынып оқушысының орындауында «Сары өзен» биі. Орындайтын Шакабай Жансая.
    Әділ қазылар алқасы бағаларын берсе.
    Ендігі кезек 2-бөліміміздің «Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын аш» сайысын бастаймыз. Мен сендерге сө тіркесін  оқимын сендер сол сөз тіркесінің  мағынасын ашып айтып бересіңдер. Мысалы: Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. Мағынасы кеш, жәй.
  1. Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізе алмау)
  2. Ит өлген жерде (алыс, қашық)
  3. Қас пен көздің арасында. (лезде, тез, жылдам)
  4. Төбе шашы тік тұру (қорқу, үрейлену)
  5. Тайға таңба басқандай (анық, нақ)
  6. Үріп ауызға салғандай (әдемі, сұлу.)

Асыл тастан- өнер жастан-дей келе ортамызға 3 «Ә» сынып оқушысы Нурбакытова Арунаның орындауында «Шашу» биін тамашалаңыздар.

Әділ қазылар алқасы бағаларын берсе.

ІІІ-бөліміміз «Жұмбақ шешу» сайысын бастаймыз
-Ал балалар мен сендерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегенне шығады. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап, сипаттап айтады.Жұмбақ шешу сайсымызды бастайық.

1.Тиіп кетсе жырлаған, дауысы көпке ұнаған (домбыра)

2.Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады. (күнтізбе)

  1. Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл)

4.Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді. (Апта күндері)

5.Өзім сөзден тұрамын, аяқтаған ойды құрамын. (сөйлем)

-А балалар ендігі кезек көрермендерге келейік, көрермендермен жұмбақ шешу сайысын ойнап жіберсен. Құрметті көрермендер мен сіздерге жұмбақ жасырайын сіздер жауабын шешсеңіздер.

1.Шік түсті, бүк түсті,

Алшы тұрды, тәйке тұрды,

Шеше алады бұнны кім. (асық)

2.Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың (күз)

  1. Аппақ дала, қара дән,

Дәнін сепкен-түсінуге жараған. (әріптер)

Әділ қазылар алқасы «Жұмбақ шешу» сайысымыздың бағаларын берсеңіздер!
-Ендігі кезек, әр топ 5-жұмбақтан жасырады, яғни «Қыран » тобы және «Сұңқар» тобы бір–біріне жұмбақ жасырады, шешімін табады.
Осымен  біздің «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»  атты сайсымыз соңғы бөлімі аяқталды. Әділ қазылар алқасы, өздерінің шешімдерін шығарғанша, Шакабай Жансаяның орындауындағы «Тентегім» биім тамашлаңыздар.
Осымен құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар,  оқушылар «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

  Жанар Ташкембаева Ислямбекқызы
«№78  мектеп-гимназия»  КММ
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.