Тараз қаласының Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектебінде оқушыларды қазақстандық патриотизмге, елжандылық пен толеранттылыққа тәрбиелеу, еліміздің тарихын құрметтеуге баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай «Мың алғыс саған, қазақ елі!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шара барысында атаулы мерекенің маңыздылығына, шығу тарихына тоқталып, мәліметтер берілді.
Тағдырдың тауқыметімен жер ауып келген қаншама ұлт өкілдері қазақ жерінен өздеріне жайлы орта тапты, жанұялы болды, өсіп-өнді. Мұндайда алыстағының өзі бауырына, туысына айналады. Қазақ елінде өмір сүріп жатқан кез-келген ұлт қазақты өз бауырындай көреді. Бүгінде олардың бәрі «Мың алғыс саған, қазақ елі!» дейді.
«Біз егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың ұрпағымыз. Біздің алдымызда болашақтың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Қазақстанның болашағы біздің қолымызда. Отанымызды сүю, оны қорғау, қызмет ету-біздің міндетіміз. Алғыс айту-парызымыз», — деп санайтын жасұландықтар іс-шара барысында Отанымызға, Елбасымызға, ата-аналарымыз бен ұстаздарымызға алғыстарын білдірді.
Мерекелік шара Елбасы сөзімен қорытындыланды:
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар, әлемде Егемен Қазақстан бар, оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы- бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!
Орысбекқызы Сандуғаш,
Тараз қаласы Дмитрий Карбышев атындағы
№16 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары