Қарапайым жай ғана парақ, көзге көрінбейтін саусақ қимылы – міне әпсәтте қолда ұзын құлақ қоян, әдемі күшік немесе теңізге шыққалы тұрған кеме. Қағазды бүктеу өнері «оригами» он бес ғасыр бұрын Жапония елінде дүниеге келді. Қазіргі таңда барлық елде үлкені де, кішісі де оригами өнеріне қызығушылық танытуда.
Оригами өнерінің танымалдығының құпиясы – қағазбен жұмыс жасаудың қарапайым әдіс-тәсілдері және қиял арқылы теңдесі жоқ қызықты әлем ойлап құруға мүмкіндік бар. Ол жерде қатарымен қол ұстасып қасқыр мен қоян , тышқан мен мысық өмір сүреді.
Қағаз- ол бала үшін ең қолжетімді әмбебап материал. Бала өз қолымен жасаған заттардың қимыл әрекет жасағанын көріп қуанады, ұшақ ұшады ал ебелек жай желден де қозғала бастайды.Осындай мектеп жасына дейінгі балаға қол жетімді. Кіші жастағы балаларда зерттеу жолымен қоршаған әлемді тануға деген қызығушылығы анық көрінеді: барлығын ұстап, мыжып, жыртып көргілері келеді. Соңғысы әсіресе қағаз сияқты сондай материалға қатысы бар. Сәбилердің осы табиғи қалауына ересек адамдар қалай қарайды? Негізінен тыйым салады: қағазды жыртуға болмайды, кітапты бұзуға болмайды. Осы балалардың жырту немесе ең жақсы жағдайда қағазды умаждауға ұмтылысы, балаларда ұзақ уақыт байқалады.
Мектепке дейінгі жас – әрбір адам өміріндегі жарқын, қайталанбайтын кезең. Нақты осы шақта баланың адамдар әлемімен, табиғат әлемімен, заттар әлемімен байланысы орнайды. Мәдениетке, жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту жүргізіледі. Білімқұмарлығы дамиды, шығармашылыққа қызығушылығы қалыптасады.
Оригами математика заңымен құрастырылған күтпеген тосын сый. Қағазды бүктеп, фигура жасау балабақша тәжірибесіне енгеніне көп уақыт болған жоқ, дегенмен бұл өнер танымалдығымен қатар тәрбиешілер мен балалардың сүйікті ісіне айналуда.
Балабақшаның білім беру үрдісінде оригами өнерін негізгі оқу қызметінің кестесіне немесе қосымша вариативтік бөлімге еңгізуге болады. Оригами өнерімен балалар бос уақыттарын тиімді пайдалана алады.
Оригами оқу қызметі аптасына бір рет 25-30 минут жүзеге асырылады. Оқу қызметіне керек құрал-жабдықтарды алдын-ала дайындап қою керек.
- Түрлі түсті қағаздар
- Қайшы
- Желім
- Қылқалам
- Сүлгі
Дәстүрлі оригами техникасы бойынша желім пайдаланбайды. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі шақта қолдан жасалған фигуралар шынайы өмірге көп ұқсастығы болу үшін аппликация әдісімен безендіру ұсынылады. Алдыңғы бір-екі сабақ әдетте диагностикалық маңызы бар. Оның мақсаты- балаларды тек қана жаңа әрекет түріне қызығушылықтарын арттыру емес, сонымен қатар геометриялық фигураны тану біліктілігін анықтау және шартты белгілермен таныстыру. Көптеген ұсынылған фигуралар шаршы формасынан жасалынады. Тіктөртбұрыштан шаршы жасау үшін қағаздың кез-келген бұрышын диагональ бойынша ұқыпты бүктеп, артық жолақшаны қиып алу керек. Фигураны оригами техникасымен жасау үшін «сиқырлы» шаршыны бірнеше әдіспен бүктеуге болады ол формалар негізгі базалық форма деп аталады
Тапсырмалар әртүрлі деңгейде берілген және оны қосымша нұсқауларды қолдану арқылы күрделендіруге болады. Күрделі тапсырмаларды ұжымдық әрекет үрдісі барысында жүзеге асыруға болады. Әдетте мектеп жасына дейінгі балаларға бірнеше бөліктерден тұратын үлкен затты құрастыру қиындық туғызады.Аталған композицияны ұжыммен бірге жасау нәтижеге тез қол жеткізумен қатар балаларға бір-бірімен әрекет етуге көмектеседі, алға мақсат қою, оның нәтижесіне қол жеткізу, досымен келісіп әрекет жасау.
Бірнеше оқу қызметінен соң балаларды пооперациялық картамен таныстыруға болады. Тәжірибе барысында мектеп жасына дейінгі балаларға бастапқыда пооперациялық картамен жұмыс істеу қиындық туғызады. Пооперациялық карта сызба сияқты қағаздан жасалынған фигураның реттілігін көрсетеді, қандай геометриялық фигураны алу керек, жұмысты неден бастау керек, содан соң не істеу керек т.с.с Пооперациялық картаның артықшылығы балалар жұмыс барысында нақты бір кезеңде қиындыққа тап болса, балалар пооперациялық картаның көмегімен фигураны қайтадан тарқатып құрастыруға мүмкіндік алады. Пооперациялық картаны дайындау тәрбиешінің көп уақытын алады, дегенмен балалардың жұмыс барысында қол жеткізген нәтижесін көру, еңбек жемісінің жанғаны.
Оқу қызметін ұйымдастыру барысында музыкалық сергіту сәттерін және ойын паузаларын өткізуге болады. Оқу қызметіне ата-аналарды қатыстыру қарастырылады. Бірлескен іс-әрекет барысында балалардың біліктілігі ғана көрсетілмейді, сонымен қатар отбасында мектеп жасына дейінгі балалардың бос уақытын ұтымды пайдалану көзделеді. Оригами оқу қызметінде үйге тапсырма беру міндетті емес, тек ата-аналар мен балалардың қызықты ойын сауық құруына нұсқау беру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оригами техникасын жақсы меңгеру үшін дербес әрекетіне қолайлы жағдай жасау керек. Балаларға қол жетімді жерге оригами өнеріне керек құрал-жабдықтарды қойып қою керек. Балалармен үнемі оригами техникасымен жасалған заттарды тамашалап отырып, оларды жандандырып қызықты ойындар ойнау керек. Жасаған фигураны балалар үйлеріне алып кете алады немесе бөбектерге сыйлай алады. Ұжымдық жұмыспен топ ішін безендіруге болады.
№ 32 «Балдәурен» б/б
тәрбиешісі