Муханбетжанова Венера Зайниевна,
Сәтпаев қаласы, «№31 «Балапан» бөбекжай
балабақшасы» КМҚК-нің музыка жетекшісі
Бақытты балалық шақ
Мақсаты: Талантты бүлдіршіндер таңдау;
2) Дарынды балалардың өнерін шыңдау;
3) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;
Байқаудың барысы:
1-жүргізуші
— Армысың мектебімнің қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
2-жүргізуші:
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер тусын алдан әл.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін жұлдыздар сайысады.
1-жүргізуші:
Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар! Жаңалық пен жаңашылдықты, шынайы талантты, нағыз өнерді сүйетін барша көрермендерге жалынды сәлем!!!
Бұл әні мен сәні, күйі мен биі үйлескен «Бақытты балалық шақ» атты концертімізге қош келдіңіздер !
Ендеше біз бастаймыз !
Тілеймін шаттық думан өздеріңе,
Тілеймін дақ түспесін көңіліңе,
Тілеймін бақытты балалық шақ өмірлеріңе!
Біз бақытты баламыз, еркелеген
Тыңдап өстік ән мен күй, ертегі, өлең
Туған жердің аймалап самал лебі
Отан –Ана біздерді мәпелеген.
Қандай жақсы бақытты балалық шақ
Қандай әсем ойнаған қозы мен лақ
“Құлыным” – деп әкешім еркелетсе
“Балапаным” – деп анам жаяр құшақ, демекші Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің “Бақытты балалық шақ атты концертіне қош келдіңіңіздер.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар ,
Жақсы ән мен тәтті күй ,
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән; «Балапан» Орындайтын:»Ақбота» тобының бүлдіршіні Өмірбеква Индираны қошеметпен қарсы алайық.
Жүргізуші:
Ән салайық күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Қыстың тойын тойлайық,
Ән айтайық ойланып. Туған күніңмен әнін
орындайтынАқбота» тобының бүдіршіні
Қоңыратәлі Гүлім.Қошеметпен қарсы алайық.
Әсем әуен салдырған,
Сәбилер де алғыр жан .
Балдауреннің қызығын,
Есте қалар балдырған.
Келесі тыңдайтын әндеріңіз Балдырғандар Әні:
Орындайтын Алпамыс тобының бүлдіршіні Баймұханова Айханымды қошеметпен қарсыалайық .
Би билейміз бұралып
Тақпақ айтсам құба-құп
Қоштап қолды соққанда
Қаламыз-ау қуанып.
Келесі тыңдайтын әндеріңі»Домбырасыз сән қайда» Алпамыс» тобының бүлдіршіні
Сатыбалдинова Гүлжиханды қошеметпен қарсы алыңыздар.
Қошеметпен халайық.
Әсем әнге салайық. Деп «Ақбота» тобының бүлдіршіні Құрманғалиева Сезімнің орындауында «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Үйретеді білімге
Үйретеді әуенге
Таза болып жүруге
Бір-бірімен сыйласып
Татумыз біз бәріміз
Бал достықтың ұясы
Біздің балабақшамыз. демекші келесі орындалатын әніміз Біз дәуірдің түлегіміз: Орындайтындар «Алпамыс» тобының бүлдіршіндері Түсіп Диас, Жетібай Бейбарыс, Сапарғали Мейірлан қошеметпен қарсы алайық.
Көңілді өтті күн бүгін
Ойын-күлкі жарасты
Қимай тіпті бір-бірін
Әрең үйге тарасты.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолында шәкіртінің бола шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды,
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға коп рахмет. Қош сау болыңыздар. “Бақытты балалық шақ» атты ән байқауымыз а