Home » Ашық сабақтар » Мустафаева  Гулимхан. «Кішкентай ханшайымдар» байқауы

Мустафаева  Гулимхан. «Кішкентай ханшайымдар» байқауы

Мустафаева  Гулимхан Демеухановна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
«Балауса»  бөбекжайы» МКҚК
ІІ санатты  тәрбиеші

 

 

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге,  әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

      1-жүргізуші:  Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, сүйкімді бүлдіршіндер!
  Өмірдің иесі сен ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

деп, жырлағандай бүгінгі  «Тұлпар» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Кішкентай ханшайымдар-2018» қыздар сыны сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы  бұл әдебі-деп сұлу қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырамыз.

                1.Топтың қорғап намысын,

Жүгіріп сен жүресің

Қайсар мінез Айару

Таудай болып өс,ел үшін.

 

  1.    Шақырайық Тоғжанды

Қызықпен өткен әр күні

Жомарт мінез қызымыз,

Кәсіпкер болар бір күні.

  1. Еркелеткенді сүйетін,

Жымиып қана күлетін.

Алдарыңызда Ақторғын

Бар нәрсені білетін

  1. Бәріне жетер шамасы

Жаны жайсаң баласың

Тақпақ айтар тақылдап,

Мөлдірді қарсы аламыз.

  1. Дария біздің әдемі,

Жарасып тұр көйлегі.

Қандай жағдай болса да,

Достарын күтіп жүреді.
1-жүргізуші:  Өнерпазадар өнерін салыстырып,

                         Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік әділқазыларды таныстырып.

 

(Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.)

2-жүргізуші:  Сайысты бастамас бұрын сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

  1. «Сәлем-сөздің анасы» (Өзін-өзі таныстыру.)

Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады.Мұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт-сымбаты, жүріс-тұрысы сынға түседі.

  1. «Дәм-думан» (жеміс-жидектерді әсемдеу )

Бұл бөлімде дайындап алып келген жемістерден не жасағанын  қалай дайындағанын айтып қорғайды.

  1. «Жүйрік болсаң тауып көр» (Күз мезгіліне байланысты сұрақтар.)

Бұл бөлімде балалардың тапқырлығын  білетін боламыз.

 

  1. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсетеді.)

Бұл бөлімде қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді. Ән айту,би билеу т.б. өнерлерін көрсетуге болады.

  1. «Шебер қолдар» (Қыздарымыз өздерінің үйлерінен дайындап әкелген өз еңбектерін көрсетеді. )
  2. «Қыздарға әсемдік жарасады» (Сән үлгісін көрсету.)Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.

Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.

Айару:

Тоғжан: Армысыңдар, ағайын,

Сәлемдесіп алайын.

Таныстырсам өзіңді,

Бесінші топтың гүлімін.

Тоғжан деген атым бар,

Жанболаттың қызымын.

Фермебайдың немересімін,

Әжем Сания мені өсіріп,баптаған.

Бұл сайысқа өнерімді саламын,

Анам Майша қуанамын,шаттанам.

Өскенде дәрігер боламын,

Анамның жолын қуамын.

Жеңіске жетіп,бүгін мен,

Күз ханшайымы боламын.

 

Ақторғын: Алдарыңа келіп тұрған,

Досболқызы Ақторғын.

Атамның жұлдызымын,

Әжемнің құндызымын.

Төрт жасында бәйге шапқан,

Жарының бір қызымын.

Балдай балғын бөбекпін,

Таудай алғыр зерекпін.

Дөңгеленіп билеймін,

Шырқап ән де саламын.

Өзім кішкентай болсам  да,

Таудай үлкен талабым.

Мөлдір: Армысыңдар,көрермендер,

Алдарыңда келіп тұрған

Қанатқызы Мөлдірмін

Атамның жұлдызымын

Әжемнің құндызымын

Үш жасынан бәйге шапқан

Маскардың бір қызымын.

Дария: Әжемнің мен қызымын,

Атым менің Дария.

Балдай тәтті бүлдіршін,

Мен боламын халқым ай.

Руым Әлім Қаракесек,

Әкем менің Азамат.

Әлімінің Назары,

Нағашы елім ұлықтай.

Төрттен асқан шағымда,

Сайысқа келдім асыға.

Топ жарамын қалыспай.

2-жүргізуші: Сайысымыздың екінші бөлімі. «Дәм-думан» Балалар өздері үйден жеміс-жидектерден дайындап алып келген жұмыстарын айтып,түсіндіреді.

 

1-жүргізуші:  «Жүйрік болсаң тауып көр» бөліміне кезек берейік.

 

1-сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?

Жауабы: Күн суытады,жаңбыр жауады,жапырақтар сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.

 

2-сұрақ: Жұмбақ шешу.

Ағайынды бәрі,

Шықса-жасыл.

Түссе-сары,

Бұл не?

Жауабы: жапырақ

 

3-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді?

Жауабы: Үшке бөлінеді. Ерте күз, алтын күз, қара күз.

 

4-сұрақ: Күз айларын ата?

Жауабы: Қыркүйек,қазан,қараша.

 

5-сұрақ: Жұмбақ шешу.

                 Аспай піскен,

 

Қайнамай түскен.

Жауабы: Жеміс

 

6-сұрақ: Бес жеміс-жидектерді ата?

Жауабы: алма, алмұрт, жүзім, өрік, шие.

 

7-сұрақ: Мақал-мәтелді жалғастыр?

Еңбек түбі________

Жауабы: Береке

8-сұрақ: Бес көкөністерді ата?

Жауабы: қияр, қызанақ, сәбіз, картоп,пияз.

2-жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары,

Бұлбұлдай дауысыңмен ән сыйлашы.

Күй тартып,би де биле,өлең оқы,

Қыздарға қай өнерде жарсады-дей,отырып ендігі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» бөліміне берейік.

Би:  «Испан» биі.

1-жүргізуші: Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай,

Жүрегі арулардың ақылға бай.

«Ана көрген тон пішер»деген бабам,

Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай-дей,отырып келесі сайысымыз  «Шебер қолдар» Қыздарымыз  өздерінің дайындап әкелген жұмыстарын көрсетеді.

2-жүргізуші: Келесі «Қыздарғаәсемдікжарасады»бөліміне кезек берейік.

Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған,

Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.

  1-жүргізуші:  Көйлек киіп әдемі,

Тамсандырам елімді.

Түрлі-түсті сән көйлек,

Көз тартады не керек-демекші,

 

«Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбындағы сән үлгісін тамшалаңыздар.

2-жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен, қыздрымыздың әнін тамашлайық.

1-жүргізуші:  Міне,бүгін қыздарымыз тамаша өнер көрсетті. Олай болса жеңімпазды анықтауүшін әділқазыларымызға сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші:  Талдай бой берсін,

Сұңғыла ой берсін.

Аналарын қуантып,

Біздің бақша қыздары.

Гүлдей құлпыра берсін.

1-жүргізуші:  Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Еліміздің ертеңі,

Үміт етер өздерің-дей  отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысына аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

              

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.