Home » Ашық сабақтар » Мусерова Райхан. Ойлы болсаң, озып көр! 

Мусерова Райхан. Ойлы болсаң, озып көр! 

                     Мусерова Райхан Сарсенбаевна,
Д.М.Карбышев атындағы
№16 орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің  мұғалімі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін, ой ұшқырлығын байқау.

Міндеттері:

  1. Оқушылар ойын дұрыс жеткізуге, ізденімпаздылыққа машықтандыру.
  2. Ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін арттыру.
  3. Танымдылыққа, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: сайыс

Көрнекілік құрал:интерактивті тақта, слайдтар

Болжамдайтын нәтиже: оқушылар алған білімін, тіл байлығын сайыс барысында көрсетеді.
Сайыс барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сәлемдесу; сайыс өткізу мақсатымен, міндеттерімен  таныстыру;
  3. Сайыс кезеңдері:

I.Таныстыру.

  1. Сандар сөйлейді.

III. Полиглот.

  1. Ойлан, тап.
  2. Өнерлі өрге жүзеді.
  3. Отырған қонақтардан әділ-қазылар алқасын сайлау, таныстыру.
  4. Сайыс кезеңдері мына критериймен бағаланады:

жауаптың дұрыстығы, оқушылардың сөйлеу мәдениеті, белсенділігі-

осыдан қорытынды ұпай қойылады. (әділ-қазылар алқасына  сайыс кезеңдері көрсетілген бағалау парақшасы беріледі)

  1. Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі: қазақ: «Мыңның түрін білгенше, бірдің атын біл»,- деген. Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.

  1. Таныстыру кезеңі

Шарты: оқушылар кеудесіндегі нөмірлері бойынша үстелдерге жайғасады, тақтада  берілген ұяшықтағы нөмірді атайды. Онда берілген сурет топтың аты болып табылады . Топ өз атауының мағынасын ашады, лайықты ұранын тауып айтады.  (топ аттары: «Сұңқар», «Домбыра», «Шаңырақ»)

Әділ-қазылар алқасы өз төрелігін айтсын,сөз сіздерде.(ұпайлар критерий бойынша қойылады)

Мұғалім сөзі: қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында, қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Олай болса, біз де сандардың сырына назар бөлейік. Сайыстың келесі кезеңін бастаймыз.

  1. Сандар сөйлейді

Шарты: әр топ тақтада ұяшықты таңдап,  көрсетілген санға байланысты ұғымдар, қанатты сөздер немесе мақал-мәтелдер айтады. Толық әрі дұрыс жауап берген топқа жоғары ұпайға ие болады.

Интерактивті тақтада жасырылған сандар: 3, 4,5,6,7

Топтардың жауабын бағалау.

Мұғалім сөзі: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі өнер біл»  деген халқымыз. Келеі кезеңге де кезек келді.

  1. Полиглот

Сайыс шарты:  әр топ өзінің дайындап келген мәтінін оқиды. Тыңдаушы топтар бұл мәтін қандай салт-дәстүрге байланысты екенін табады, осы дәстүрге жақын мақал-мәтел айтады. Мәтін беруші топ мақал-мәтелдің ішінен бір-екі сөздің қазақша, орысша, ағылшынша айтылуын, тақтаға жазылуын сұранады.

(Салт-дәстүрлер: «Енші үлесу», «Бата беру», «Құдайы қонақ»)

Топтарды бағалау кезеңі.

Мұғалім сөзі: «Алмас қылыш –майданда серік, асыл сөз – майданда да, сайранда да серік», «Көлді жел қозғайды, ойды сөз қозғайды» ,- дейді халқымыз. Өздеріңіз сезіп отырған шығарсыздар, келесі кезеңіміз бір-бірімізді ұға білеміз бе, ой-санамыз жетік пе? – осыған негізделген.

  1. Ойлан, тап

Шарты: Әр топтан бір оқушы ортаға шығады. Тақтаға арқасын қаратып тұрады. Сол топтың ойыншылары сурет таңдайды, атын  атамай, жақын сөздермен оның не екенін түсіндіреді. Тақтадағы ойыншы сұрақ қоя алады. Егер берілген суреттегі бейнені атап қойса, жеңіліске ұшырайды.

(Суреттер: бесік, Шоқанның портреті, кітап)

Әділ-қазылар алқасы сайыс кезеңін бағалайды.

Мұғалім сөзі: өнерлінің өзегі талмайды. Өнер- адамның рухани қанаты, өнерлінің өрісі кең. Бұл сөздер тегіннен-тегін  айтылып жатқан жоқ. Себебі келесі кезең бейнелеу өнеріне байланысты.

  1. Өнерлі өрге жүзеді.

Шарты: мәтін оқылады, ойыншылар тыңдай отырып, естігенін қағаз бетіне сурет арқылы жеткізеді. Қай топтың суреті мәтінге жақын әрі жылдам салынған болса, жоғары ұпай беріледі. (музыка ойналады)

Соңғы кезеңді бағалау үшін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз топты анықтап, әділ-қазылар мүшелері ойыншылардың сайыстағы белсенділігі, жауаптары туралы ой-пікір айтады.

III. Қорытынды

Мұғалім  сөзі: « Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығады. Біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Осы сайыстан не өзімізге не алдық? Не ұнады?

(Ойыншылар өз ойын айтады). Барлықтарыңызға сайысқа келіп, атсалысқандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз. Көріскенше, күн жақсы!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.