Информатика сабақтарында диалогтық оқыту
арқылы сыни ойлауды дамыту
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).
Осы Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бағдарламаның мазмұнымен таныса отырып, сындарлы оқытудың негізгі мақсаты оқушының білімді өз бетімен игеріп, алған білімін өмірде қолдана алу екенін түсіндім. Бірақ мұның бәрі ең бірініші ұстаздар қауымының жаңа көзқарасқа, күрделілікке деген сүйіспеншілігінен туатынына көзім жетті.
Тізбектелген сабақтар топтамасының жүзеге асырылуы барысында Синектің конустық метафорасын басшылыққа ала отырып неге диалогтық оқыту арқылы сыни ойлауды дамыту енгізіп жатқанымды айқын біліп және қалай енгізетінімді нақтылап алып, не істегенім туралы яғни әдістердің тиімді болғандығын қалай білуге болатынын, сәтті және сәтсіз жақтарын саралай отырып талдау жасалу керек деп ойлаймын.
Біз білікті, әрі білімді мұғалім дарынды, талантты, өз білімін өмірде қолдана алатын, жаңа заман технологияларымен «тең сөйлесе алатын» оқушыны даярлауымыз керек. Оқушылардың оқуын тежейтін кедергі ол информатика сабағында тек командалар орындау арқылы үнсіз жұмыспен шектелуін, диалогтік оқыту арқылы сыни ойлата отырып оқуларын жетілдіруге бағытталған.
Мақсатым: информатика сабағында әрбір сабақ үшін модульді тиімді ықпалдастыра отырып оқушының өз бетінше түсінуіне негіздей отырып, нәтижелерге қол жеткізуде тақырыпты меңгерту. Оқушыларды диалог арқылы өз бетімен сыни ойлай алуға үйрететін тапсырмаларды орындауда, жұбының, топтың, өз жұмыстарының нәтижесін дұрыс бағалай алатындай ойластырдым.
Компьютерде ақпаратты беру әдістері. Оқушылардың ақпараттың қандай түрлерін білу мақсатында «Insert» стратегиясы арқылы түрлерін түртіп алу тәсілін қолдандым. Ақпараттың өңделуін электронды оқулықтағы көрсетілім арқылы ұсынуым тиімді болды, өйткені оқушылар көрсетілім арқылы ақпаратты сақтаудың орташа 30% қабылдайтынын білеміз. Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайтындықтан дарынды оқушылар ақпарат өңдеу түрлерімен жұмыс жасауда зияткерлік тапсырмалар беріп,орындаттым.
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі арқылы кодтау тәсілдерін меңгерді. Бұл әдіс тиімді болды, өйткені талдауға мүмкіндік бере отырып топтар өз идеяларын ұсына алады және оқушылардың өз ойын негіздей алу қабілетін дамытып, сараптамалық сұрақтар қоя білуге үйретеді. Оқушылар тақырып мазмұнын жұпта түсініп, топта талқылап, зерттеушілік әңгіме жүргізіп, постерлер қорғады. Компьютердің аппараттық қамтамасыз етілуі.Жады. Теориядан алған білімдерін анықтау мақсатында шешу керек сұрақтар мен тапсырмалар дайындадым. Информатика пәні болғандықтан тақырыпты толық меңгерту мақсатында компьютерде тәжірибелік жұмыстар орындату барысында жас ерекшеліктеріне сай АКТ құзырлықтарына дағдыландырдым.
Қазір жұмыстың өнгені орта мерзімді жоспарлауға ауысқаны болып отыр. Себебі бұл жерде алдыңа нақты мақсаттар қойып, сенімді қадамдар жасауға жол беріліп отыр. Мәселен, қазір орта мерзімді жоспарлауда тақырыбы, тапсырмалары, оған қолданылатын әдіс-тәсілдер, күтілетін нәтижелер, бағалау стратегиялары мен дереккөздер жайлы қысқаша нақты мәліметтер беріледі. Бұдан әрі тақырыптарды ашып қысқа мерзімді жоспарлауда сыныптың жас ерекшеліктеріне, дарынды оқушыларды ашуды қамтыған кеңейтілген тапсырмалар тіпті сыныптың психологиялық ахуалы да ескерілген. Енді қысқа мерзімді жоспарлауда мен ең бірінші оқушылардың жас ерешеліктеріне сай тапсырмалар дайындап, оқушыларлдың өздерін, құрдастарын бағалауы, оқушы үні ескерілетін болады.
Сабақты жоспарлағанда дәстүрлі сабақпен арадағы айырмашылықты байқауға болады. Сабақтың өн бойында тапсырмаларды орындату кезінде жеке, топтық, жұптық жұмыстар орындалып, диалогтың және зерттеушілік әңгімелердің барлығы оқушылардың жас ерешеліктеріне байланысты сай жүрді. Әдіс-тәсілдердің дұрыс таңдалуының да маңызы өте зор. Мәселен «Ауадағы сұрақтар әдісі» арқылы шардағы жазылған жауапқа сұрақ қою және ол сұрақтың дәрежесін айыра білу сәтті қолданылды. Операциялық жүйесіз компьютерді қалай елестетесің?- деген сияқты ашық сұрақтар қойып, сұрақтардың тиімділігі сол бір мәселе төңірегінде оқушыларды ойландыру, тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандыру, сыни ойлауына ықпал ететінін байқадым. Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, сын тұрғысынан ойлап, зерттеуге қабілетті бола түседі.
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісінде графикалық постер арқылы ОЖ қойылатын қандай талаптар бар? деген тапсырманы орындау барысында оқушылардың шыншыл, ашық, талдау жасауға қабілетті екенін көрсетті. Алдыңғы сабақтарға қарағанда графикалық постер жасауларында да алға ілгерілеушілік бар екеніне көзім жетті, өйткені постер қорғау сәтінде операциялық жүйені өздеріне таныс емес аспан денелеріне яғни планетаға теңеп, галактика элементтері арқылы көркемдеулері сыни ойлау қабілеттерінің дамығанын көрсетті. Бұл әдістер мінезі тұйық, өзіне сенімсіз оқушылардың топпен араласа отырып, ашылуына септігін тигізді. Осы жерде Выготскийдің анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешетін «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жақсаратындығы туралы айтқанын атап кеткім келеді. Бұл жерде диалогтік әдістің тағы бір тиімділігі бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың маңызды екеніне көзім жетті. Мәселен, бірінші топ оқушысы үйде қандай операциялық жүйеде жұмыс жасайсыңдар?-деген сұраққа екінші топ мүшесі былай деп жауап берді: үйде анамның WindowsXP жүйесінің жүктеліп жатқанын байқағанмын, ал өзім Windows7 жүйесінде жұмыс жасаймын деп жауап беруінің өзі диалогтік сұхбаттасу оқушылардың қомақты білім алуға үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді әдіс түрі болып табылатындығының дәлелі.
Венн диаграммасы арқылы екі заманауи операциялық жүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сыни талдай отырып, постерлерін қорғауда шыққан жылы туралы бір топта қате мәлімет келтірді. Қатені түзету барысында қайта бағыттау сұрақтары арқылы қателерін өздері тауып түзетті. Бұл жерде қайта бағыттау сұрақтарын беру арқылы оқушылардың мәселені бірлесіп шешу, ұжымдық нәтижелерге қол жеткізетінін көруге болады.
«Броундық қозғалыс» әдісін пайдаланудағы мақсатым: оқушыларды сыни ойлауға итермелеу арқылы диалогқа тарта жауап беруге дағдыландыру, яғни сыни ойлана алатын оқушы белсенді болады. Алғашқы операциялық жүйелер мен қазіргі заманауи операциялық жүйелердің өмірде қолдану жағынан тиімдісін дәйектеу, пікірталас, бірін-бірі тыңдау арқылы ажырата алуы бұл әдістің тиімді екенін көрсетті және зияткерлік қырларының дамуына ықпал етті деп ойлаймын.
Білікті мұғалім үшін білімге апаратын екі жол теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән.Компьютердегі тәжірибелік жұмыс оқу үрдістерін жақсартуға жағдай жасайды, өйткені оқу пирамидасы бойынша қарайтын болсақ ақпараттың 75% есте сақталатынын білеміз. Оқушылар сабаққа кері байланыс жасауға, өзін-өзі, жұбын, топты бағалауға әжептәуір төселіп алды. Нәтижесінде оқушылар өз-өздерін реттеуді үйренді. Информатика пәні болғандықтан компьютерлермен тапсырма орындағанда әрқайсысының қасына барып, жеке-жеке түсіндіріп уақытымды алатынмын, қазір топ басшыларының көмегіне сүйене отырып бағалайтын болдым. Оқушылардың кері байланыстарына қарап диалогтік оқытудың тиімді болғанын және әдіс-тәсілдердің қолданылуы сәтті болғанын көруге болады, яғни диалогтік оқытудың оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға, оқу нәтижелерінің жоғарылауына ықпал етті. Бұдан кейін өз тәжірибеме рефлексия жасай отырып:
• Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стильден арылып, сындарлы оқытуды негізге алудың тиімділігін;
• Сабаққа модульді ықпалдастыру арқылы оқытудың тиімділігін;
• Дұрыс қойылған сұрақтардың өзі оқушыларды сыни ойлауға мүмкіншілік беруде тиімді екенін;
• Оқушылардың еркін өз пікірлерін білдіріп, «оқушы үнінің» маңыздылығын;
• Дарынды да талантты балалардың қабілеттерін ашу үшін тиімді жағдай туғызу қажеттігі кәсіби өсуіме ықпал етті және болашаққа нақты бағдар құрдым.
Оқушыларымның өзгерістері мен жеткен жетістіктеріне тоқтала кетсем:
Сабаққа деген ынта-жігері жоғарылады;
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнап, ұйымшылдыққа үйреніп, жауапкершіліктері артты.
Өз ойларын айтуда еркіндік орнап, өздеріне сенімділік артты;
Білімді сыныптастарымен бірге және өз бетінше меңгеруге дағдылана бастады;
Өзгенің пікірін құнды екенін үйренді;
Сыни тұрғыдан ойлау, түсіну мен талдау, шығармашылық қабілеттері дами түсті;
Жұмысым табысты болу үшін Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттерге сүйендім. Оқытудың тәжірибелік дағдыларын, әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, идеяларды түсіндіре білу талаптарын ескере келе, ұстаз мамандығының этикалық құндылықтарын ұстана отырып, төзімді, шыншыл және оқушыларға мейірімділік таныту табысты мұғалімге тән белгілер екені белгілі.
«Үлкен шеңбер» әдісі диалогтық оқытуда қолдануға оңтайлы, әрі тиімді. Осы бойынша сыни ойлау тұрғысынан диалогтік оқытудан мұғалім не алады және оқушы не алады? әрбір қатысушы жеке жұмыс жасады, сосын шеңбер бойымен топта талқылады. Оқушыларды диалог пен дәйектеуге, пікірталасқа тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болады.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта, кеңейте алады.
Александер оқытудағы әңгіме–қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды .
Алғашқы сабақтардан-ақ анықталған диалогқа түсу сияқты кедергіні жеңудегі таңдалған әдістің ықпалының тиімділігін байқауға болады. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын ашық айта алмайтын, өздеріне сенімсіз оқушыларға пайдасы шексіз.
Диалогтік тәсілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар алып, білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін білім оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді тиімді қолдануға болатынына көз жеткіздім.
Сабақта әдіс-тәсілдердің жүзеге асуын қадағалауда оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыруда диалогтық оқытудың әдіс-тәсілдерінің тиімділігін анықтау мақсаты айқындалады және оқушылардың белсенділігі және тақырыпты түсіну дағдылары артқанын байқауға болады.
Қолданған әдіс-тәсіл нәтиже берді ме? деген мәселеге келер болсақ, диалогтық оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімділік деңгейінің жоғарылауынан оқушылардың сыни ойлау дағдылары артты, кедергіні жеңді және нәтижеге жетті. Өйткені сыни ойлау — оқушылардың өз пікірін дәлелді түрде қорғауға жетелейтін, өзіндік пікірін қалыптастыруға, сөздік қорының дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ сыни ойлау дағдысы қалыптасқан оқушылар белсенді болады, олар жеткіліксіз дәлелдерге сенімсіздікпен қарайды, дәлелдерді талдап отырады. Осындай ерекшеліктерге ие тұлға – ол жаңашыл көзқарасы бар, ұстанымы жоғары адам.
Мукенова Ақбота Бекеновна,
«Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі» КММ
информатика пәнінің мұғалімі