Home » Ашық сабақтар » Мукашева Гүльнар. Сабақ жоспары Ағаш ұстасымен бірге орманға саяхат

Мукашева Гүльнар. Сабақ жоспары Ағаш ұстасымен бірге орманға саяхат

Мукашева Гүльнар Кабиденовна
«Нұрсәт»бөбекжай бақшасы
ересек топ тәрбиешісі,
СҚО, Петропавл қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы:   Коммуникация, әлеумет

Бөлім: Экология негіздері, көркем әдебиет, ағылшын тілі

Мақсаты: Балалармен «Үй және жабайы жануарлар», «Жемістер мен көкөністер «Түстер» тақырыбын қорытындылау.

Әдіс  тәсілдер: а) Түсіндіру

ә)  Сұрақ жауап

б)  Ойын

 

Міндеттері:

 Білімділік:

*Санауды қайталау және қорыту;

* Үй және жабайы жануарлар»тақырыбына қатысты сөздерді қайталау және қорытындылау.

Тәрбиелік:

* Жануарлар мен өсімдіктерге мейіріммен қарауға тәрбиелеу;

* жауапкершілікке тәрбиелеу;

* достық сезіміне тәрбиелеу.

Дамытушылық:

*сөйлеу әрекеттерінің әртүрлі түрлерімен коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау (монолог, диалогтық сөз)

*жадты, көңіл мен қиялды дамытуға жағдай жасау;

*рефлексиялық қызметті жүзеге асыруда дағдыларды дамытуға жәрдемдесу.

Көрнекіліктер:үнтаспа; картоннан жасалған ағаш;  «Шық» тамшылары — сандары бар шарлар; түсті қағаздан гүлдер мен көбелектер; «Үй жануарлары мен жабайы жануарлар» ойыншықтары; сиқырлы қорап; орман ұстасы  кейіпкер,  дене шынықтырудың дыбыстарымен жазбасы; жеміс-көкөніс өнімдері; презентация.

Сабақтың өткізілу барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Қайырлы таң!

— Good morning, children!

— Балаларбүгін бізге қонақтар келіп отыр амандасайық

-Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар!

 Шаттық шеңбері:

   (Қазақ және ағылшын тілінде)

Қол ұстасып кәне біз,достасайық бәріміз,

Армысың алтын күнім, армысың бала-бақшам.

Сіздерді көргенімізге,қуаныштымыз,

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Бәріңізбен  амандасып, басымызды иеміз.

— Қалың қалай?

— How are you?

-I am fine (балалардың жауабы)

-I am ok  (балалардың жауабы)

-I am good (балалардың жауабы)

-I am very well (балалардың жауабы)

-Балалар, сендер табиғатты, жануарларды жақсы көресіңдер ме?

— Жақсы көреміз (балалардың жауабы)

-Сендер оларды ренжітпейсіңдер ме?

-Ренжітпейміз  (балалардың жауабы)

— Олай болса бүгінгі сабақты орманда өткіземіз .

— Сендер келісесіңдер ме?

-Келісеміз (балалардың жауабы)

 

II.Фонетикалық жаттығу:    

(Слайд1)

Олай болса, біз  орман ішіндеміз. Бүгін  біз орманға саяхат жасауға  келдік. Аяқ астында жапырақтар мен бұтақтар, инелер мен жаңғақтар сықырлап жатыр: sh-sh-sh

(Слайд2)

Кенеттен бізге масалар шабуылдап келіп ызыңдады: z-z-z.

Ал біз оларды осылай қуамыз:   балалар қол шапалақтайды.

Масалар бізден қорқып ұшып кетті, ал біз әрі қарай кеттік:

(Слайд3)

Кенеттен бізге аралар шабуылдап  келіп ызындады: th-th-th.

Біз  қимылдамауға   тырысамыз  сонда  аралар  ұшып  кетеді.
(Слайд4 ) 

Ал енді біз әдемі алаңға шығамыз, онда көп түрлі түсті көбелектер бар, балалар әдемі алаңды көріп таңырқайды: wau-w-wau.

 

III. «Түстер« тақырыбын қорытындылау :

(Слайд 5)

— Алақай, қараңдар балалар біз кімге жолықтық .

— Бұл кім ?

—  Орман ұстасы, дұрыс айтасыңдар балалар!

 

-Good morning, dear children! I am glad to see you!

—  Орман  ұстасы  сендермен танысқысы келеді.

-Whatisyourname?

My name is Dana (балалардың жауабы)

My name is Ainur (балалардың жауабы)

My name is Darina (балалардың жауабы)

My name is … (балалардың жауабы)

-Ал енді орман ұстасы сендерден тағы бірдеңе білгісі келетін сияқты

маған солай ма, орман ұстасы ?

— How old are you?

I am  six (балалардың жауабы)

I am five (балалардың жауабы)

I am … (балалардың жауабы)

— Орман ұстасына бұл жауаптарың ұнады. Ал қазір ол мына ағаштың түбіне отырып сендерді бақылайды.

— Біз әдемі алаңға шығамыз.

— Бұл жерде түрлі түсті көбелектер ұшып жүр,

және бұл жерде түрлі түсті гүлдер өсіп тұр.

 — Кім айтады,мынау   гүлдің түсі  қандай ?

қызыл — red

сары — yellow

көгілдір — blue

жасыл — green

ашық қызыл — pink

күлгін — purple

қызғылт — orange

— Жарайсыңдар балалар!

 

(Слайд 6)

— Бұл не екенін айтыңдаршы

-Бұл көбелек,   It is a butterfly

— Балалар сендер ойнағыларың келе ме?

— Олай болса,ойнайықшы!

Көбелекті алып  түсіне сәйкес келетін  гүлге отырғызамыз.

( Музыка әуені жүреді)

 Ойын « Көбелек пен гүлдер»

  1. Сандарды қайталау:

( Слайд 7)

— Балалар, сендер  таңғы шықты  көрдіңдер ме? (Балалардың жауаптары)

— Бұл ағаштардың жапырақтары мен таңертең шөпте пайда болатын таза су. Ол тіпті емдік қасиеттерге ие. Біздің орманымызда шық ерекше, сиқырлы. Ендеше   шық  тамшыларын жинаймыз.  Кейбір  тамшы сандардан тұрады, ал кейбір тамшылардың тапсырмалары бар екен балалар

* Оларды атаймыз.

* бір-one, екі-two, үш-three, төрт-four, бес-five

Жыл мезгілдерін ата

Бір жыл мезгілінде неше ай бар?

Бір аптада неше күн бар?

Апта күндерін ата.

 

  1. Сергіту сәті: ( Слайд 8)

— Балалар,  орман ұстасы жалыққан шығар , оған не істей алатынымызды көрсетейік,  ән айтып берейік :

—     (Қазақ тілінде)

  • (Ағылшын тілінде ) «I can walk».

 

VI . «Үй және жабайы жануарлары«тақырыбы бойынша лексиканы қорытындылау: ( Слайд 9)

-Балалар! Мына жануарларды қараңдар! Не болып жатыр? үй жануарлары  мен жабайы жануарлар орманға серуенге шығып, жолынан  адасып айырылыпты. Оларға  қайтаруға көмектесейік, жол көрсетейік.

 

(Балалар ойыншық   жануарларды  алып, оларды атайды және ажыратады).

Жылқы-  а horse                                    Қой- a ram

Аю- a bear                                             Тиін-a squirrel

Сиыр- a cow                                          Қасқыр- a wolf

Түлкі -a fox                                           Жолбарыс- a tiger

Шошқа- a pig                                        Ит- a dog

Қоян- a rabbit

VII. «Жемістер мен көкөністер» тақырыбы бойынша лексиканы қорытындылау: ( Слайд 10)

—  Орман ұстасы ашығып қалыпты-I am hungry. I want to eat. I  like fruits.Алдымен жемістерді көкөністерден бөліп алу керек. Жемістер мен көкөністердің есімдерін еске түсірейік және оларды  атайық.Алма-     an apple                                        Алмұрт-а pearАпельсин- an orange                                 Банан- a bananaКартоп- a potato                                    Қияр- а cucumberСәбіз- а carrot                                        Лимон- a lemonҚызанақ- а tomato                             Тәтті бұрыш- a pepperБіз орман ұстасына жеміс береміз және көкөністерді өзімізге қалдырамыз.

Кезекпен шығамыз, жеміс пен  көкөністерді алып,  екі себетке ажыратып  саламыз.

VIII. Қорытынды шешім:

  • Ал балалар сендерге орманда ұнадыма?
  • Біз орманда кімді кездестірдік, олармен не істедік ?
  • Тағы не істедік? ( Балалардың жауаптары)

— Сендер орманшыға қатты ұнадыңдар. сендер өте белсенді және мұқият болдыңдар.

— Орман ұстасына:«балалар,  сендермен өте қызықты болды».

— Тағыда кездескісі келеді!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.