Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Музыка сабағына алғаш келген баламен жұмыс

Музыка сабағына алғаш келген баламен жұмыс

  1. Сабақ барысы. Алғаш келгенде баламен үлкен кісімен сөйлескендей, баланың бүкіл туған-туысын танитын адам сияқты, жылы шыраймен қабылдап, күлімдей қараған жөн.2. Әкеңнің аты кім? Анаңның аты кім? Ол, әрине, өз әке-шешесін танитын болған соң еркін жауап беріп, ашыла түседі. (Бұл Қазақ халқының туыстық қарым-қатынасы арқылы тәрбие беруі, дала тәрбиесі). Тарихымызда, шын өнер иесін дала тағылымы мен дала дауысы, жусаны мен жырасы, аспаны мен асқар тауы мен дархан төсі шыңдаған. Ертеде, әкесі бала шалағайлығын байқап қатты дауыс көтерсе, бала атқа мініп алып, аты болдырғанша шауып барып жерге жата қалып, туған жердің бір уыс топырағымен жусанын құшып, өксігін басып, далада еркелеп жатып бәрін ұмытып, қайтарда ен далаға айқай салып, ән салып туған жерге деген махаббатын бала жасынан сезген.4. Бала қатты қысылып тұрса, мұғалім өзінің балалық шағындағы қызықты бір жәйттер мен өзінің ең алғашқы ән салғанын, қателескенін күлкіге айналдырып, тіпті өзінің алғашқы айтқан әуенін бала сияқты айтып, балалығын еске алғаны баланы еліктіріп әкететіні хақ. (Ән айт, тез, бол, айта алмайсың) т.б. артық сөздерді қолдануға мүлде болмайды.6. Қабілеті төмен баланы әнге әуестендірудің келесі қадамы – сыныптағы балалармен қарым-қатынасын арттыру. Сабақ кестесі бойынша келу, балалармен бірге (арнайы дене қимылдары, дауыс ашу, жаңылтпаш, әртістік шеберлік) сабақтары арқылы оқушы іштей ашыла бастайды. Хор сабағында тұрғанда, қасындағы оқушының дауысын тыңдайды, іштей ой түйеді. Яғни, мен ешкімнен кем емеспін, мен одан да жақсы айта аламын деген тұжырымдар баланың ішіне шоқ тастай бастайды.
  2. Шындығында Алла Тағала адамның бәріне бірдей мүмкіншілік берген. Тек, уақытында белгілі бір тарап, мақсатқа мән бермеу немесе ол мүмкіншілікке қажеттіліктің керегі жоқ екені т.б. – себеп қана. Мысалы, дәнекерлеуші мамандығын керек болса, амал жоқ, үйренер едік т.б. Сол сияқты баланың дауыс шығару жолындағы қызмет ететін бұлшық еттері белсенділігі төмен болуы мүмкін. Ән сабағында осы қағиданы еске ала отырып, арнайы жаттығуларды сабақ кестесі бойынша жүйелі түрде қайталау, бірте-бірте салмақ салу күшін көбейту арқылы ән салуға қызмет ететін бұлшық еттерін бір арнаға машықтандыруға болады. Бұл арнайы сабақ әр жаттығудың, әр ән салудың алдында 5-8 минут қайталанады. Өйткені әншінің сахнаға шығып ән салғанында (мимика, гримас), сахнада жүруі (шығарма мәтініне байланысты) қол-аяғынан басқа, біздің көзімізге көрінбейтін тамақ , ауыз, өңеш қуыстары, кеуде мен іш бұлшық еттері белсенді және арнайы жұмыс істеуі үшін ол әлсіз бұлшық еттерді созу, оған қан жүгірту міндетті.
  3. Мысалы, жаңа отырғызған гүлді бір күнде өсіре аласыз ба? Сіздің балаға (тез айт, бол, не қарап тұрсың?) деген сөзіңіз, жаңа өсіп келе жатқан гүлді күрекпен нұқығанмен бірдей.
  4. Ендігі қадам, баланың қабілеті мүлдем төмен болғанымен ынтасы оң болған жағдайда, ата-анасымен ақылдасып, баланы қинай бермей, үйге барған соң ата-анасы білгенінше жай ғана ыңылдап, (өй мен ән сала алмаймын, осы баламнан әнші шығады) дегендей, қолпаштап, мақтау арқылы балаға сенім артқан ләзім.(Ән айт, тез, бол, айта алмайсың) т.б. артық сөздерді қолдануға мүлде болмайды.

    Мысалы, жаңа отырғызған гүлді бір күнде өсіре аласыз ба? Сіздің балаға (тез айт, бол, не қарап тұрсың?) деген сөзіңіз, жаңа өсіп келе жатқан гүлді күрекпен нұқығанмен бірдей.

  5. Қабілеті төмен баланы әнге әуестендірудің келесі қадамы – сыныптағы балалармен қарым-қатынасын арттыру. Сабақ кестесі бойынша келу, балалармен бірге (арнайы дене қимылдары, дауыс ашу, жаңылтпаш, әртістік шеберлік) сабақтары арқылы оқушы іштей ашыла бастайды. Хор сабағында тұрғанда, қасындағы оқушының дауысын тыңдайды, іштей ой түйеді. Яғни, мен ешкімнен кем емеспін, мен одан да жақсы айта аламын деген тұжырымдар баланың ішіне шоқ тастай бастайды.
    1. Шындығында Алла Тағала адамның бәріне бірдей мүмкіншілік берген. Тек, уақытында белгілі бір тарап, мақсатқа мән бермеу немесе ол мүмкіншілікке қажеттіліктің керегі жоқ екені т.б. – себеп қана. Мысалы, дәнекерлеуші мамандығын керек болса, амал жоқ, үйренер едік т.б. Сол сияқты баланың дауыс шығару жолындағы қызмет ететін бұлшық еттері белсенділігі төмен болуы мүмкін. Ән сабағында осы қағиданы еске ала отырып, арнайы жаттығуларды сабақ кестесі бойынша жүйелі түрде қайталау, бірте-бірте салмақ салу күшін көбейту арқылы ән салуға қызмет ететін бұлшық еттерін бір арнаға машықтандыруға болады. Бұл арнайы сабақ әр жаттығудың, әр ән салудың алдында 5-8 минут қайталанады. Өйткені әншінің сахнаға шығып ән салғанында (мимика, гримас), сахнада жүруі (шығарма мәтініне байланысты) қол-аяғынан басқа, біздің көзімізге көрінбейтін тамақ , ауыз, өңеш қуыстары, кеуде мен іш бұлшық еттері белсенді және арнайы жұмыс істеуі үшін ол әлсіз бұлшық еттерді созу, оған қан жүгірту міндетті.

Ж А Т Т Ы Ғ У Л А Р Ы

  1. / МАҢЫЗДЫ/ Денені тік ұстау. Бұл жаттығу үшін, (қабырға) атты жаттығудың рөлі орасан. Өкшеден бастап балтыр, сан, құйымшақты жауып тұрған бұлшық еттер, бел, арқа, мойын бөліктері қабырғаға толық тиіп тұруы тиіс. Сол қол кіндік тұсында (балалар түсінбесе, қарның ашқанда, қарным ашты деп ұстайтын іш бөлігін ұста десеңіз бала тез тауып алады). Оң қол қабырғаға жабысып тұрады. Алақаны ашық, толық. (Бұл жерде, оқушыға қабырға құлап кетпес үшін «мықтап ұста» десеңіз болғаны). Омыртқа, мойын тік, бас жоғары көтеріледі. Мысалы, мойнын созған аққу немесе страус, жираф т.б. сияқты. Көз алысқа қарайды. Мысалы, мың километр ара қашықтықтағы таудың басындағы жапырақты көру немесе мың километрдегі таудың ар жағындағы бау-бақшаның ішіндегі бұлбұлдың дауысын есту. Өңешті бос әрі кең ұстау. Кіндікті қабырғаға барынша жақындату. (Іштің астын қолдың көмегінсіз тартсаңыз жетіп жатыр). Бұл жерде әсіресе жаңадан келген балаларда көбіне иық көтеріліп кете береді. Әдісі. Балаға айту керек. (Сен жаздың күні ең ыстық саяжайда судың ішінде тұрсың. Басың, мойның судың бетінде ал, иығың судың бетіне шықпасын. Өйткені шымшық иығыңды шоқып кетеді).
  2. Іш бұлшық еттерінің көмегімен сығым (пресс) жасай отырып «У» әрпін ұзақ айту. (У-у у у у у у у)….
  3. Ерінді жауып тұрып (ауызды), мұрын арқылы ыңылдай бастау. Бос жатқан үңгірді елестетуге болады. (М м м м м м м м). (Мойын, кеуде, арқа, іш бұлшық еттерінің жұмысы маңызды.) Басты төмен қарай (еріншек секілді) баяу ию. Бұл кезде, қолмен мойын жақты қолмен аздап ояту. Аздап ұра бастау. Енді басты артқа қарай шалқайту. Ықылдауды тоқтатпа. Кеудені ұра бастау. (Кинодағы Кинг-конгты еске алу, соған ұқсау). Бұл баланың ұқсау арқылы образға кіріп, кеуде қуысы бұлшық еттерін тез оятуына себеп болады.
  4. Басты сол жаққа, оң жаққа өте баяу( М м м м м м) арқылы еппен бұру. Мойын еттері бос әрі еркін. Бұл жағдайда бізге көрінбейтін бұлшық еттерге қан тарай бастайды. Олар іске қосыла бастайды.
  5.  РЕЛАКСАЦИЯ. Бала отбасында әр түрлі жағдай болуы мүмкін. Және де қазіргі жаһандану заманында ақпарат көздері адамның миына өте көп мөлшерде ықпал етеді. Жұмыстағы стресс, автобус, көшедегі шу, кейбір отбасындағы келеңсіз жағдайлар мен ұялы телефон мен интернет т.б. Сабаққа келген бала, осындай өте үлкен ақпараттардан бір мезетте шыға салуы екіталай. Менің өзімнің сабағымда қолданатын сабақ беру тәсілім, осы жағдайларды ұмыттырып, бір мезгіл ғарышқа немесе, кез-келген жаққа мимен саяхат жасап, сол жерден өзін тауып және сол өзінің дауысын тыңдату.

/Қолданатын құралдар/. 1. Синтезатор арқылы, ғарыш әуенін ойнау.

  1. Табиғат әуенінің дыбыстары ( Құстардың

Жел, теңіз, аспан, т.б. табиғат ғажаптары.

(Ғаламтордан т.б. алуға болады)

6. АУТОГЕН ЖАТТЫҒУЛАРЫ.

Шармен сабақ

  1. Сабақ барысы. 40-45 мин.
  2. Мақсаты – балалардаң ән айту кезіндегі көңіл-куйімен әннің уйлесім табуы.Дене қимылы бас, көз, қол,аяқ, дененің әнмен бірге бір бағытта жұмысы.
  3. Өкпе белсенділігін арттыру.
  4. Керекті құралдар – кәдімгі шар және парақ.
  5. Мектеп бағдарламасындағы оңай дем жаттығулары.
  1. Алғашқы кезең. 8-10 мин. Қос алақандарды бір-біріне қосып, қолды иық деңгейінде алға созып алақандарды тездете үйкелеу. Бұл кезде алақандағы нүктелер қыза бастайды. Осы қызу арқылы денедегі белсенділік ояна бастайды. Өйткені, адам алақаны мен аяқ бөлімдерінде ағзаны қимылмен қамтамасыз етуге қызмет ететін нуктелердің басым көпшілігі осы бет, құлақ ,алақан мен аяқта. Қызған алақандарды тез арада көздің үстіне бетке басу керек. Және де маңдай, көз, бет, мұрын, ауыз, ерін, құлақ т.б. уқалау.
  2. Балалардың көңіл-күйі тез көтеріледі. Бұл, әрине, сабақ барысына әсері оңтайлы.
  3. Балалар қимылға жеңіл киімде келгені дұрыс. Сәлемдескеннен кейін оқушылар бір-біріне кедергі жасамайтындай ара-қашықта болады. Яғни, қолды еркін созған жағдайдағы аумақ сақталуы тиіс.
  4. Келесі кезең: шармен жұмыс істеу.                      Мысалы: Өз шарын күнге теңеп оны дем арқылы қыздыруы       баланың   табиғатқа деген сезімін арттырады. Яғни, (менің күнім) мен күнді қыздыра аламын.Әр бала өз шарын үрлеген соң екі қолын басынан жоғары көтеріп оңға, солға кезек-кезек тербелген гүл сияқты қозғалады. Бұл кезде диафрагма белсенділігі артады. Ауа өкпеге 100% енеді де ми тамыр талшықтары жаңа, таза ауаға қанығады. Оқушылар шармен жаттығу жасағанда бел, омыртқа, мойын бөлшектері түзеліп күнге қарай тартылып, бас талдың ілініп тұрған алмасы сияқты жағдайда болғаны жақсы. Ерекше жағдай, көзді жұмып елестету арқылы әр омыртқаның арасына алтын немесе бриллиант дискісін төменнен жоғары қоя бастағанда, баланың қиялы мен ішкі сезімдері денсаулық пен мінез-құлыққа керемет әсер берері сөзсіз.Шарды бастан жоғары көтеріп, шарды күнге теңеп «күнді» қыздыру үшін немесе «кунді» суыту үшін, ерінді үйрек тұмсығына ұқсатып үрлей бастаймыз. Бұл кезде баланың ойымен күнді ысыта, суыта аламын деген қиялда болады. Бала қызыға түседі. Диафрагма толық еш қысымсыз ауаға толады. Тер шығуы мүмкін. Бұл жақсы. Іш қатаяды. Бой түзеледі. Енді оқушы шармен ойнап секіруге көшеді. Яғни, «бұлттан асып кету» дегендей. Шарды орнына қойып, бала қолмен дем саябырлатуға көшеді. Бұл жерде «Тайд-зи» әдісін қолданған жақсы. Мысалы, жерден «Алтын» жапырақтарды алып аспанға шашу, немесе екі алақанды күзде түсіп жатқан «Алтын» жапыраққа ұқсатып қолды төмен баяу түсіру т.б…
  5. Шармен секіру 2-3 мин.
  6. Медитация жасау баланың өз-өзіне, ішкі дүниесіне сана арқылы көз жүгіртіп, өмірге деген құлшынысын арттырады.
  7. Кей балаларда басы аздап айналғандай болады. Бұл кезде ол балаға дем алыс берген дұрыс.
  8. Енді керісінше яғни, (Мен күнді суыта аламын).
  9. Маңызды кезең – мұрынмен 2.3-рет алдын-ала дем алып ауыздан шығару керек. Себебі, шарды үрлегенде өкпе белсенділігі екі есе артады. Бұл осыған деген алдын-ала дайындық. Балалар шарды алып үрлей бастайды. Бұл кезеңде мұрынмен дем алып, шарда үрлеу. Әр баланың өз шарын күнге теңегені дүрыс. Бұл бала қиялына әсері мол.
  10. Шарды қайта алып, екі қолмен астынан көтергендей іштің деңгейінде ұстаймыз. Шарды үлкен әлем ретінде сезініп, сол шардың ішіне өзің жақсы көретін бақ, тоғай орналастыруға болады. Ол бақта құстар сайрап, су сылдырлап ағып жатса тіпті жақсы. Ал негізінде, жас балалардың қиялы шексіз емес пе? Дауыс ашу кезеңінде оқушы осы сеімдерді өзінің ішкі сезімімен байланыстырған шақта, нәтиже өз жемісін бере бастайды. Әрине, жаттығуды бір рет жасап, одан кейін тастап кетсе жұмыс босқа кетеді. Кез-келген басталған іс 1 — 1/5 айдан кейін көріне бастайды. Шармен жұмыс істегенде оны гүлге теңеп те сахна қозғалысына бейімдеуге де жақсы.
  11. Мысалы, шаттықты ән болса шарды алға ұсыну, кейбір ән мәтінінде сюжетке байланысты қолды баяу оңға немесе солға қозғалту т.б. Қолданған шарды әр оқушы ұқыптап, жеке салатын салфетка немесе басқа да затпен қайта қолдану үшін сөмкесіне салып қойғаны жақсы.

Мұсабеков Айхан Қасқанұлы,

«Балалар Өнер» мектебі,

«ВОКАЛ» үйірмесінің оқытушысы,

Жезқазған қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.