Мектепке дейінгі жас — баланың бастапқы қабілеттері қалыптасатын, оны әртүрлі қызметке тарту мүмкіндігін негіздейтін кезең. Музыка белсенді іс-қимыл тудыру қасиетіне ие. Бала музыканы барлық дыбыстардан бөледі және оған көңіл аударады, сондықтан педагогикалық әсер ету құралы ретінде қолдану керек. Сонымен қатар музыка ересек пен бала қарым-қатынасының ауқымды мүмкіндіктерін ұсынады, олардың арасындағы эмоционалды байланыстың негізін құрайды. ҚР «Білім туралы» заңында МЖМБС-да және өзге құжаттарда көрініс тапқан білім беру жүйесіндегі өзгерістер педагогты өз жұмысын шығармашылық тұрғыдан қайта қарастыруға, балалармен қарым-қатынастың, тәрбиелеудің және білім берудің жаңа жолдарын іздеуге әкеледі. Қоғамдағы құндылықтарды қайта бағалау, олардың иерархиялық жүйесінің өзгеруі, жалпы адамзаттық басымдықты қоғам санасында бекіту өмірге деген жаңа педагогикалық ой тудырды және қоғамның сұраныстары мен тұлғаның өзін іс жүзінде танытуына сай келетін оқу-тәрбие үдерісін құрылымдауды талап етті. Негізгі өлшемдері білім беруді ізгілендіру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі баланың жас ерекшеліктерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын ескере отырып, тәрбиелеудің тұлғалық бағдарланған үлгісінің аясында оның негізгі біліктілерін қалыптастыруды қамтамасыз етуші білікті тәсілдің негізінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру болып табылады. Заманауи тәсілдер балалармен араласу формасын өзгертуді; оқу қызметінің жаңартылған формаларын және мазмұнын; балалардың өмірін классикалық, заманауи музыкамен толықтыру, педагогикалық үдерісті Қазақстан халықтарының этномәдени дәстүрлерінің негізінде құруды тұспалдау. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің басты міндеттерінің бірі-музыкаға деген қызығушылықты, сұранысты, қабілеттілікті, эстетикалық көзқарасты қалыптастыру, жалпы рухани мәдениеттің дамуына ықпал етуші музыка мәдениетінің бастамасын қалыптастыру. Балалар музыка қызметінде белгілі білімді, дағдылар мен машықтарды (бұдан әрі БДМ) меңгере отырып, музыка өнеріне қызығады. Музыкалық тәрбие барысында БДМ меңгеру өзіндік мақсат емес, керісінше оның музыкалық және жалпы қабілеттердің дамуына,музыкалық және жалпы рухани мәдениеттің қалыптасуына ықпал етуі өте маңызды. Жалпы музыкалық жағдайында балалардың музыкаға қабілеттіктерін ашу ерекше әдістерді талап етеді. Сондықтан авторитарлық педагогикаға негізделген музыкалық педагогика музыкалық тәрбиелеудің жаңа тәсілдерінің жолына кедергі болады, ол жалпы қабылданған «мен секілді істе, өзгелер секілді істе» тәсілінде көрініс табады. Баланың психикалық табиғатына сәйкес оның музыка өнеріне табиғи жолмен енуіне жағдай жасамастан, оған оқу тәсілдерін таңады. Тәжірибе көрсеткендей: өздерінің тұлғалық табиғи ерекшеліктерінің күшімен музыкаға ашық балалар бар және олардың жетістігін шынайы бағалау музыкалық тәрбие дамуының ынталандырғышы болады. Баланы музыкалық тәрбиелеу үдерісіндегі маңызды шарттардың бірі ата-аналармен ынтымақтастық және олардың музыкалық тәрбие негіздерін қалыптастыруға тікелей қатысуы болып табылады.Баланың әлемі жан-жақты әрі бай. Онда өмір сүру үшін заттардың кеңістігін және уақыт қатынастарындағы қасиеттерінің салаларының тағайындалымын айқындап алу қажет т.б. Өмірдегі жақсылықтың бәрі таңданудан орын алатынын Сократтың өзі байқаған.Бұл нақыл сөзді ең қысқа сөздер қатарына жатқызуға болады. « Дыбыстың, түстің шексіз әлемімен танысу балалардың шаттануы мен таңданысын тудырады» Сократтық ойдың даналығы оның адам сезімдерін тәрбиелеуді басты орынға қоятындығында.Оларсыз адам тұлғасының кемелденуі және мейірімді іс-әрекеттерді жасау мүмкін емес. Музыкамен тілдесу нәтижесінде сәбиге көңіл-күй мен сезімдер жеткізіледі. (қуаныш, алаңдаушылық, өкіну және қайғыру, батылдық пен нәзіктік) Музыканың психологиялық әсерінің күші осында, осының арқасында сезімталдық пен зеректік дамиды, әлемге деген ізгі көзқарас қалыптасады.
Кез келген жастағы баланы музыкалық тәрбиелеудің алғашқы және негізгі міндеті осыдан тұрады. Мүмкін кез келген музыка жетекшісінде еріксіз мынадай сұрақ туындайды «Балаларды музыкаға тарту сезімдерін, музыкалық талғамын тәрбиелеу бойынша жұмысым менің көңілімнен шығады ма?» Уақыт «жаңа «әндерді ғана талап етпейді,сондай-ақ баланың рухани мәдениетінің бастамасын қалыптастырудың өзге тәсілдерін талап етеді. К.Орфтың тұжырымдамасы және оның негізін құрайтын идея көптеген мамандарды қызықтырды.
Бұл жүйе қарапайым баланың мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына барынша жақындастырылған. Оны «қарапайым музицирлеу» деп атауы тегін емес К.Орф әдістемесі бойынша өткізілетін сабақтар несімен қызықты? Ең алдымен ол дәстүрлі емес, қызығушылық пен ішкі жайлылықты бәрі сезінетін ерекше атмосферасымен қызықты. Балалар музыканы енжар отырып тыңдап, ән салып және қимылдап қана қоймайды, керісінше олардың қиялдап, даналығын танытуы тиіс шарттар қойылады.Баланың музыканы сүюіне, тыңдауына және түсінуіне қалай көмектесу керек? Мүмкін, оларға ең алдымен табиғат музыкасына зейін салу мүмкіндігін беру керек шығар?
Музыка- бұл дыбыстар, бірақ музыка- осы дыбыстарда көрініс табатын сезімдер жинағы. Балаларды баулу емес, керісінше оларға табиғатпен берілген қабілеттерді айқындаған маңызды: «Балалар, құлақ салыңдаршы, құстар қалай әндетеді, бұл орындаушының өзі шығаратын нағыз музыканың өзі емес пе? Сендер ата- аналарыңмен бірге орманға барғанда, «ағаштар вальсін» тыңдап көріңдер, және көпірден өтіп, пойыз дөңгелектерінің тықылына және оның сәлемдесу гудогының ұзақ дыбысына құлап салып көріңдер. Қалада және саябақта, учаскеде және көшеде табиғат музыкасын тыңдауға болады. Тіпті біздің музыка залымызда оларды тыңдап көрейік. Сәбилер тықылдатқаннан сылдырлатқаннан кейін олар дыбысталушы ым-ишараттың аккомпонементі бойынша музицирлеу секілді қабылданады (өз денесінің дыбыстарымен ойын басталады :шапалақтау, тапырлату, шыртылдату, шерту және т.б. Дыбысталушы ым-ишараттар -бұл адамға табиғат берген аспаптар. Балалар бұл аспаптарды «Өзіңдегі музыканы тап» ойынының барысында өздері тауып алады. Қыдыруға жиналдықбіз. —-Музыканы қайдан аламыз?
-Ішімізден, аяғымыздан, өзге жерден. Әуенді біз іздей бастаймыз. Осылайша дыбыстық оркестр туындайды. Дыбысталушы ым-ишараттарды қолдану қимылды енгізеді және балалардың ырғқты меңгеруіне көмектеседі. Сондай-ақ ырғақ сезімі тілдік ойындар арқылы дамиды. Сыңғыр-сыңғыр, сыңғыр-сыңғыр. Қоңырауларда жоқ бір тыным. Сыңғыр-сыңғыр –ай. Сәлем-сәлем Жаңа ай! Балаларға оқу қызметін осылай бастаған ұнайды, олардың суырып — салмалықпен айналысатын мүмкіндігі бар. Бастысы өлең айтуға жеңіл ырғақты болуы тиіс.Ырғақты сезінуін дамытуға арналған музыкалық- дидактикалық ойындар ритмикалық суретті, бұрыннан таныс әуендерді, әндерді дұрыс жеткізуге көмектеседі. Осы мақсатта қасықтарды, текшелерді, сылдырмақтарды, қоңырауларды, үшбұрыштарды қолдануға болады.
«Тапсырманы орында» ойыны Әуеннің ритмикалық суретін аспаппен таза орындау арқылы жеткізуінен, дыбысты дұрыс ажырату қабілетінен тұрады. Сонымен қатар балаларды музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін дамыту болып табылады.
«Дыбысты қайтала» ойыны
Бұл жерде қоңыраудың төменгі, орташа және жоғары дыбысталуын балалар естуі бойынша анықтайды.
Балабақшадағы музыкалық қызметтің негізгі формасы музыка сабақтары болып табылады. Олар қызметтің барлық түрлерін біріктіреді:
-музыкалық ритмикалық қимылдар,
-ән тыңдау,
-ән айту,
-ойын,
-балалардың музыкалық аспаптарында ойнауына дыбыстар өмір сүреді.
Мен осы бөлімдердің соңғысына ерекше назар аударамын, себебі музицирлеу дүниетанымын кеңейтеді. Оқу қызметіне деген қызығушылығын арттырады, жадының, зейінінің дамуына ықпал етеді, артық ұялшақтықты, тұйықтықты жеңуге көмектеседі. Ойын барысында балалардың шығармашылық және музыкалық қабілеттері де дамиды. Көптеген балалар үшін сезімдерін, ішкі рухани әлемін жеткізуге көмектеседі. Бұл тек тұлғалық дамудың ғана емес, сонымен қатар ойлаудың, шығармашылық бастамашылдықтың, балалар арасындағы қарым-қатынастың керемет құралы. Сюжеттік-рольдік ойындарда балалар музыкалық-дидактикалық ойындарға жүгінеді, онда балалар музицирлеуі қолданылады.
Оркестр-балабақшадағы музыка қызметінің ұжымдық формаларының бірі, бұл жерде балалар ұжымы бірігеді. Әр баланың өз партиясын дұрыс орындау үшін жауапкершілігі артады және ол сенімсіздігін, жасқаншақтығын жеңуге көмектеседі
Балаларды музыкалық аспапта ойнауға баулу кезеңдері:
-сылдырмақ, тайтұяқ, -мүйіз, -домбыра
Кезеңдерді өзара біріктіремін және сонан кейін ғана бүкіл оркестрді құрамын.
Әуелі жас ерекшеліктеріне сәйкес бір-екі аккорд үйретемін, кейін шығарманың құрылымына сәйкес жеңіл аккордтан күрделіге ауысамын.
Оркестрде ойнау барысында балалардың өзі ойнаған әуеніне қызығып, мақтаныш сезімі пайда болады. Балалар дайындыққа асығып, әсіресе домбыра ойнауға таласа келеді.
Біз мерекелік кештерге өз өнерімізді көрсетіп, көпшілік (ата-аналар) көңілінен шығып жүрміз. Репертуарымызда: «Қосалқа», «Ерке сылқым» күйлері және қазақтың халық әндері «Еркем-ай», «Қалаулым», «Біз өмірдің гүліміз» балалар әндері бар. Алдағы уақытта әлде де репертуарымызды кеңейтіп жұртшылық ризашылығына бөленеміз деген ойдамын. Балаларды аспапта ойнауға баулу жөніндегі жүйелі және күнделікті жұмыс нәтижесінде олардың даму деңгейі айтарлықтай көтерілді. Балалардың бойында шығармашылық белсенділігі дамып, музыкалық дүниетанымы кеңейіп, зейіні жинақталды.Өзі және өзгелер үшін жауапкершілігі пайда болды. Мен осы күнделікті балалармен жұмыс жасай жүріп нәтижеме жеттім деп ойлаймын және соған қатты қуанамын.
Аширова Пернегүл Мыңбайқызы
Қызылорда қаласы,
«Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның
жоғары санатты әуез жетекшісі