Адамзат – баласының ішкі толқынысын, сезім шеруінің жағдайын мұңлы, қуанышты сәттерін, таңғажайып үн, әуен, ырғақпен сонау ерте заманнан бері музыка тілінде суреттеп келеді. Музыка ғасырдан ғасырларға іріктеліп, түрленіп халықтардың өзімен бірге жасасып келеді.
Абай атамыз:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең»,- деп бекер айтпаған.
Қазақтың салт-дәстүрі бойынша сәби дүниеге келгенде шілдехана жасап, ән салып, күй тартып туған-туыстары, ата-анасы қуанып жатады. Адам қайтыс болғанда әнге салып жоқтау айтып соңғы сапарға шығарып салады, бұл жағдайларда да әуеннің қатысы бар екені белгілі.
Лирикалық ән-музыканы тыңдаған сәтте адамның өміріндегі мұңлы, көңілі жабырқаған кезеңдер еске түскендей болады. Музыка тыңдағаннан кейін кішкене жеңілдік байқалғандай болады, яғни жүректегі мұңның сыртқа шығуына, көңілдің жайлануына ән-музыка себепкер. Көңілді музыка адамның көңілін көтеріп шаттандырады, қуантады. Негізі адам ағзасы музыкадан қуат, күш алады.
Алматы қаласындағы консерватория мұғалімдерінің тәжірибелеріне қарағанда адамның қанқысымы көтеріліп тұрған уақытта классикалық музыканы тыңдаған сәтте қанқысымы өз қалыпты жағдайына келеді екен. Классикалық музыканы жаңадан тыңдап жүрген кісілердің қан қысымының қалыпты жағдайға келу уақыты ұзақтау болады екен де, бұрыннан классикалық музыканы тыңдап жүрген кісілердің қан қысымының қалыпты жағдайға келу уақыты қысқалау болады екен. Музыка тыңдаған уақытта біздің ағзамызда нендей құбылыстар жүреді. Бұл жайлы биофизиктердің таңғажайып айтар жаңалықтары бар.
Виктор Инюшин
Доктор Наук. Профессор. Қазақ университетінің биофизика кафедрасының меңгерушісі.
Курт Вютрих
Лауреат Нобелевской премий. Швейцария-США
Мартин Чапшин
Профессор. Лондон университетінің лабораториясының меңгерушісі.
Аллонс Грубер
Зерттеуші ғалым. Австрия
Леонид Извеков
«Су структурасын» зерттеу лабораториясының меңгеушісі.
Зерттеуші ғалым Россия, тағы да басқа ғалымдар.
Бұл ғалымдар судың ұлы құпиясын, яғни молекулярлық структурасы қоршаған ортаның іс-әрекетімен құбылыстармен дыбыстарға қарай өзгеретінін тапты. Су молекулалары топтасады, мұны кластер дейді. Бір кластердің 450-ден астам есте сақтау ұяшығы болады, су естігенін, көргенін, сезінгенін есте сақтайды екен.
Адам ағзасы 70% немесе 90% судан тұрады жас ерекшеліктеріне қарай, ал ми 85% судан тұратынын айтады.
Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша Бахтың музыкасын тыңдаған судың молекулярлық структурасы қардың молекулярлық құрылысындай ою, өрнектеріндей, әдемі ою, өрнек құрайды. Моцарттың музыкасын тыңдаған су басқаша ою, өрнек құрайды. Әр композитордың музыкасын тыңдағанда су, әртүрлі ою, өрнек құрайды екен.
Яғни қан қысымы көтерілген кісінің классикалық музыканы тыңдаған уақытта қан қысымының қалыпты жағдайға келуі музыканың тигізген жақсы әсерінен болатыны белгілі болды.
Индия ғалымдары қаланың шығыс жақ бетіндегі жерге жүгері егеді және батыс жақ бетіндегі жергеде сол жүгері тұқымын егеді. Шығыс жақ беттегі егілген жүгеріні жетісіне үш рет суарады, ал батыстағы егілген жүгеріні жетісіне екі рет суарады да, бір рет халық музыкасын тыңдатады. Уақыты жетіп жүгерілер піскен уақытта жүгерілерді салыстырады. Шығыстағы жүгерілердің бойының ұзындығы екі метрден асады, кәдімгі жүгері, ал жетісіне екі рет су ішіп, бір рет халық музыкасын тыңдаған жүгерінің бойының ұзындығы үш метрге жақын, дәндері ірі. Нәтижесінде музыканың өсімдікке тигізген пайдалы әсері.
Ғалымдар оқушыларды екі топқа бөліп төрт шумақ «қара өлеңді қай топ тез жаттайды»-деген тапсырма береді. Бірінші топты бірінші бөлмеге орналастырады. Екінші топты екінші бөлмеге орналастырады да, қара өлеңнің мазмұны мұңлы болғандықтан лирикалық музыка тыңдатып, өлеңді жаттатады. Нәтижесінде лирикалық музыка тыңдап отырып өлең жаттаған топ жарты сағаттан аса уақытта бәрі дерлік өлеңді жаттап алады. Музыка адамның есте сақтау қабілетінің күшейуіне себепкер екен.
Өзімнің музыка мектебінің оқушыларымен жылдар бойғы жүргізген тәжірибемнен мысал. Музыка мектебіндегі сабақтан кейін оқушыға бірінші домбырадан берілген тапсырмаларды орында, күйді жатта жылдамдығы, динамикасы мен жұмыс жасау шамамен бір жарым сағаттай, сонан соң жалпы білім беретін мектептің сабақтарын оқы,-деймін. Нәтижесінде домбыра сабағынана берілген тапсырмаларды орындағаннан кейінгі оқыған мектеп сабақтарын тез түсінеді, жадында өте жақсы сақталады.
Балалар қорқынышты мультфилімдер, кинолар көру арқылы қорқыныш, үрей сезімі күшейіп кетеді. Қараңғы жерлерге баруға, кейде күндіз үйде жалғыз қалуға қорқады. Бір зат сарт ете қалса, шошып кетеді, селк ете түседі, қорқыныш болады. Бұл қорқынышты жоюға музыканың әсері күшті.
Оқушыға домбырадан сабақ бере отырып мына күйдің музыкасы, әуені сендегі қорқыныш үрейді жояды, кетіреді, күйдің мазмұнын көз алдыңа елестетіп отырып тыңда. Енді күйді аса бір сезіммен өзіңнің түсінгеніңше орында,-деп әр сабақта осылай жұмыс жасаса, қорқыныш біртіндеп жойыла бастайды.
«Адамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, музыка, ән-күйдің де сондай физиологиялық қажеттілігі бар» Сұлтанбек Қожахметов.
Музыкасыз адам өмірін елестету қиын. Адам баласы ән-әуенді, жақсы көруі, жалпы музыка бүткіл адам өмірімен бірге жасай бермек.
Ақназар Рашид Мусаұлы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Тұрымбет жырау Салкынбайұлы
атындағы әуез мектебінің мұғалімі