№11 Ыбырай Алтынсарин атындағы
орта мектебінің мұғалімі
Жексенгулова Куляш
Бүгінгі күні білім беру ісі саясаттық қоғамдық және эконмикалық артықшылығы бар басты салаға айналды. Мемлекетіміздің ертеңгі болашағы бүгінгі таңдағы оқушылардың білімі мен білігіне тікелей байланысты екені белгілі.
Қазіргі заманның педагогтарынан өз саласының білгірі болып қана қоймай, таным талғамы жоғары, әрі ақпараттық сауатшылық талап етіледі.
Заман талабына сай білім беру үдерісінде оқу мен тәрбие ісін жандандыратын жаңа технологияны шебер меңгерген
жан-жақты ғылым мен білімнен хабардар, шығармашылық қиялы мол маман ғана жүйелі білім бере алады.
Ахмет Байтұрсынов «жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой.
Қазақстан Републикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында: «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры, инновациялық технологиясының электронды-ақпараттық техниканың шырқау көкке самғайтын дәуірі, сондықтан жастарды бұрынғыша оқыту жеткіліксіз»-деген болатын.Қазіргі жаһандану кезінде мұғалімдерге педагогикалық теориямен қарулану аздық етеді. Бүгінгі уақыт білім беру жүйесінің бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да мектептегі білім мазмұнын жетілдіру, оқу урдісін ізгілендіру инновациялық технологияларды кеңінен қолдану жан жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін, ақпарат көздерін қолдана отырып, өз-өзін дамыта алатын тұлға қалыптастыруды қажет етеді. Ендеше бұл білім берудің түрлері мен әдістерін жаңарту деген сөз.
«Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Ол күйсандық кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт жүруі керек» дейді, Олай болса, қазіргі заманауи технологияның тиімдісін ала біліп, қажеттілікке жарату, білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерту басты жолға қойылмақ. Қазіргі кезде инновациялық технологиялар қатарының өсіп, білім саласында жан-жақты ізденістің өркен жайып жатқандығын көзі ашық, көкірегі ояу жанға ажырату қиын емес.
«Инновация »ұғымы жаңашыл жаңа әдіс, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үдерісінде пайдалану керек. Қазіргі оқушы жан-жақты дамыған, ақпаратпен аруланған тұлға.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы білімді де білікті, парасатты да мәдениетті, ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ тәрбиелеуге болады. Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамының алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктері мен қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді әрекет жасайтын және эстетикалық талғамы зор жан-жақты жетілген жеке тұлға тәрбиелеуге тиіс. Музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерешеліктері бар . Негізінен мұнда оқушының қабілеті, бейімділігіне баса назар аудару керек. Дегенмен оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту музыкаға деген қызығушылығын ояту жақсы ұйымдастрылған сабаққа байланысты.Оқушыларға алғаш рет музыкалық сауаттылық пен, техника, бейнелік-көркемдік, музыкалық ойлау сияқты ұғымдармен танысуы, оларды осы ұғымдарды әрі қарай жете түсінуіне, өз сүйемелдеуіне сауатты талдау жасай алуына, музыкалық талғамдарының жоғары деңгейде көтерілуіне әсер етеді. Оларға ақпарат құралдарынан, әлем елдеріндегі атақты композиторлардың өмірі мен шығармаларынан, мәдени жаңалықтардан үнемі хабардар етіп отыру керек. Оқушылардың қол жетпейтін өнер әлеміне деген танымын жетілдіруде сабақ көрнекіліктерін тиімді пайдалануда инновациялық және техникалық құралдардың атқаратын маңызы өте зор. Соның ішінде сабақтарды өткізуге ыңғайлы және оқушылардың кіші және үлкен топтарда еркін жұмысын қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықталған музыка кабинеті болу керек.Онда міндетті түрде интерактивтік, маркерлік және көрсетілім тақталары болу қажет. Жабдықталған компьютер, әр түрлі аспаптар, фонотека, музыкалық орталық тағы басқа қажетті жабдықтармен жасақталған музыка кабинеті жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
Қазіргі кезде оқушылардың мультимедиялық технологияға көбіне қызуғушылығы артып келеді. дербес талдау жасау, ақпарат іздеу, жаңалықтар ашу, суреттер жинау, әуендер таңдау, оны тыңдау қызметтерін олар белсене орындайды. Сабақты түрлендіруде презентация, слайдтар, викториналық ойындар, әуенді дәл табу жарысы, тестілер өткізу өтілген материалдық есте сақталып қалуына әсерін тигізеді.Әртүрлі мерекелік шараларды қазіргі заманауи әуендермен, бейнероликтермен, ән жазбалармен өткізу жаптырмас құндылық болып есептеледі. Мектебімізде үнемі өткізіліп отыратын инновациялық іс шаралар, конкурсттар, лекция концерттер ұстаздар қауымының ең басты және шығармашылық кәсіби дәрежесін шыңдайтын нәтижелі жұмыстары. Ұстаздан шәкірт озса, атқарылған еңбектің жемісі. Бұл ретте қалалық, облыстық байқаулардың қортындысының нәтижесі айтарлықтай жетерлік.Жыл өткен сайын оқушылардың кәсіптік деңгейі, орындаушылық шеберлігі шыңдала түсуде. Бұл жетістіктер- біздің талапкерлеріміздің асқаралы биікке қадам жасаудың алғашқы баспалдағы. Талант көрсең, көзін ашатын осындай жақсы мәдени шараларды ұйымдастыру-дарынды жастардың жан-жақты болуына жол ашатын жақсы бастама. «Болашақта еңбек етіп, халыққа қызмет көрсетіп, ұрпақ тәрбиелейтін елінің дамуына өз үлесін қосатын мектеп оқушылары. Қазақстанның болашағы жастар, десек, жастарға білім мен тәрбие беретін ұстаздар. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр»,-деді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.Сондықтан оқушылар шығармашылығын дамыту ісін әлемдік дамыған елу елдердің деңгейіне жеткізу, оны жүзеге асыру бүгінгі таңда ұстаздар қауымының басты міндеті.
Болашақта оқушылардың музыкалық білімін дамытуда, оларды жаңашыл бағытта оқыту мақсатында мектептерде мультимедиялық кабинеттерді көбірек ашу музыкалық студиялар заманға сай жабдықталған музыкалық кабинеттер ашу, аспаптық топ құру оқушыларды шығармашылыққа баулуға, ақпраттық технологиямен қаруланған жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосары анық.