Home » Жаңалықтар » Музейдегі бір күн

Музейдегі бір күн

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы № 13 ЖББОМ- нің 5 «Ж» сынып оқушылары 8 қаңтар 2019 жылы  Жезқазған қаласындағы Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залындағы «Уақыт кеңістігіне саяхат» атты ретро көрмеде қысқы демалыстың бір күнін ата-аналарымен бірге жоспар бойынша өткізді. Ондағы негізгі мақсатымыз: оқушылардың бос уақытын ата-аналарымен, сыныптастарымен бірге тиімді өткізу, оқушыларды шынайы патриотизм рухында тәрбиелеу.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Ұлы Даланың Жеті Қыры» мақаласының аясында Жезқазған тарихи –археологиялық музейі «Уақыт кеңістігіне саяхат» атты ретро көрме ұйымдастырып қала тұрғындары мен қонақтарын қуантқан еді.

Музей қорында сақталған 50-90 жылдардың эксклюзивті және құнды жәдігерлерден тұратын ауқымды ретро көрме ата-аналар мен оқушыларға ерекше тарту болғаны сөзсіз. «Уақыт кеңістігіне саяхат» атты ретро көрмені оқушылар ықыласпен көріп тамашалады, ата-аналары үлкен әсермен балалық шақтарына саяхат жасап  толқып шықты. Көрмеден ата-аналар мен оқушылар ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықтарымызды,бай мұраларымызды көздерінің қарашығындай сақтап келешек ұрпаққа жеткізе білген музей ұжымына алғыс білдіріп зор қуанышпен  үйлеріне тарқады.

 

Ғайни Жолбарысқызы
Жезқазған қаласы
«№13ЖОББМ» КММ
Музейтанушы педагог

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.