Home » Балабақша » Моншақ

Моншақ

 

 

 


Білім беру саласы: «Шығарамашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Мақсаты: Балалардың танымдық шығармашылық қабілеттерін ой өрісін қиялын дамыту. Қол шеберліктерін жетілдіру. Балаларды бояуға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойындар ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Бояу ерекшеліктерін түсініп, көркемдікке сезімталдыққа бейімдеу.

Дамытушылығы: Балалардың бойындағы шығармашылығын дамыту

Билингвальді компонент: Дөңгелек-круглый, сары-желтый, қызыл-красный.

Көрнекілігі: Моншақтар, әшекей бұйымдардың суреттері т.б.

Ұйымдастырушылық оқу қызметі кезеңдері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық.
Шаттық шеңбері.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.-
—Жарайсындар, балалар, бүгін көңіл күйлерің қалай, жақсы ма?
—Мен сендерге сәттілік тілеймін.
— Ендеше, жақсы көңіл- күймен орнымызға жайғасайық.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде күн қандай болады?
Қөктем мезгілінде жылы жақтан нелер ұшып келеді?
-Біз қалай киінеміз?
Ғажайып сәт:
Есік қағылып тұр екен кім екен?
Қонаққа қуыршақ келеді.
Балалар қуыршақпен сәлемдеседі.
Балалар, қуыршақ неге сондай көңілсіз, өзінен сұрап көрейік?
Қуыршақтың моншағы бар екен қараңдаршы үзіліп қалыпты, сендерден көмек сұрап келіпті.
-Моншақ әшекей бұйымдарға жатады. Аналарымыз, апаларымыз, қыздар моншақты мойындарына тағады екен. Енді моншақты қолымызға алып ұстап көрейікші.
-Балалар моншақ неге ұқсайды?
-Қатты ма?
— Жұмсақ па?
Қуыршаққа осы моншақтың суретін салуға көмектесеміз бе ?
-Ал енді моншақты ауада салып көрейік..
-Енді қолымызға қаламымызды алып, қағаз бетіне түсіріп көрейікші.
1.Қарындаштарымызды оң қолымызға ұстаймыз.
2.Белгілі бір нүктеге қоямызда дөңгелете сызып шығамыз.
3.Ортасына сызықшалар жүргіземіз.
Тәрбиеші: Қарайықшы салған суретіміз моншақтарға ұқсады.
Жарайсыңдар балалар, қандай әдемі етіп салғансыңдар.Қуыршақ қарашы біздің балалар өнерлі екен.
Қорытынды:  Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Қуыршаққа ненің суретін салдық
Моншақтың пішіні қандай??
Моншақтың түсі қандай екен балалар?

Валеева Жұлдыз Ақылбековна,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№ 87 «Қадыр» балабақшасының тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.