Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауында білім беру жүйесінің мазмұны мен ұйымдастыруындағы мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар тәсілдер анықталған. «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет».
Білім беру үрдісін басқаруда әдістемелік жұмыс ең негізгі бөлік болып табылады. Оның негізгі қызметі – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру және диагностикалық, аналитикалық, ақпараттық іс-әрекетін дамыту.
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Оны жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығы мен құзыреттілігінің мәні өте зор.
Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған мақсаттардың ең негізгісі – әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу. «Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға сапалы білім берумен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» деген екен бір ғалым. Сондықтан әр педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады.
Сапалы білім беруді тиянақты басқару мәселесі – әрбір мектеп үшін, әрбір мұғалім мен мектеп басшысы үшін өзекті сұрақтардың бірі. Қазіргі мектеп пен әдістемелік қызметте диагностикалық негізде құрылған сапалы іс-тәжірибені үйрену технологиясын зерттеу, оны құру қажеттігі туып отыр. Білім беру сапасы – күрделі түсінік, ол оқушылардың біліктілік деңгейін қамтиды, сонымен қатар, олардың білімінің беріктігінің, тәжірибелік қабілетінің, танып-білу ынтасының қалыптасуының, дүниеге көзқарасының және жеке-дара қабілетінің жиынтығы. Ал бұлардың барлығы көптеген факторларға білім беру үрдісін, мектеп директорының басқару іскерлігіне, оқу ісінің меңгерушісінің ұйымдастыру біліктілігіне, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігіне, олардың оқыту ісін тиімді ұйымдастыру тәжірибесіне байланысты. Соңғы уақытта білім стандартының талабымен оқыту үрдісін басқаруды дамытуда, нәтижелі бағалауда, оқушылардың үлгерімін мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін талдауда педагогикалық мониторингтің маңызы зор. Педагогикалық мониторингті ендірудің тиімділігі ең алдымен, анықталатын нысанның өзара байланысына, оның құрылымы мен психологиялық ерекшеліктеріне қатысты. Бұл мониторинг жүйесі төменгі бағыттарда жүргізіледі.
Мұғалімнің жеке кәсіби өсу мониторингі педагогикада маңызды орын алады. Себебі, білім мен тәрбие беруде кәсіби өсу өте қажет. Келер ұрпақтың білімді болуына үлкен ықпал ететін бірден-бір фактор – кәсіби шеберлік. Сондықтан да мұғалімнің кәсіби өсу деңгейін уақытылы қадағалау – мониторингтің басты факторы болып саналады.
Мониторинг білім беруді басқарудағы әрекеттің тиімділігін көтеруге, басқару жүйесінің технологиялық негізі болуға және едәуір ауқымды, әртүрлі мәліметтерді қорытуға, білім беру процесін түзету, дәлдеу арқылы нәтижелерге жедел әсер етуді қамтамасыз ететін, білім беру жағдайы туралы ақпараттарды нақты беруге арналған.
Білім беру мазмұнының сапасы төмендегідей бағаланады:
- білім беру бағдарламаларының тиімділігі мен нәтижелілігі, оларды жетілдірудің деңгейі, дәрежесі;
- білім беру бағдарламаларын білім алушылардың меңгеру деңгейі;
- ұйымдастыру-педагогикалық жағдай мен педагогикалық технологиялардың оңтайлылығы, қолайлылығы;
- оқу жоспарының білім беру стандартына сәйкестігі;
- саралап оқыту, бейімдеу мен мамандандыруды жүзеге асырудағы мүлтіксіздік, жетілу мен кемелденуге жету;
- Білім беру сапасының талдауы жеке білім беру сапасының сабақтастық позициясымен жүзеге асады.
Жалпы, мұғалімнің біліктілігін арттыруда мониторингтік зерттеу жұмыстарының орны ерекше. Мұғалімнің кәсіби өсу картасы педагогикалық мониторингтің зерттеу жұмыстары арқылы анықталып отырады.
Мектепте оқушыларды бағалау жүйесін өзгерту мәселесі қолға алынып, соған байланысты критериалды бағалау жүйесін мектеп бағдарламасына енгізу аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Критериалды бағалау оқушылардың білімге деген қызығушылығының оянуына, белсенділіктерінің артуына көп септігін тигізеді. Жалпы, білім сапасын критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы дамытуға болады. Сондықтан да кез келген білім сапасын анықтау жұмыстарын жүйелеуде педагогикалық мониторинг маңызды рөл атқарады.
Меделбаева Жидегүл Қуаналықызы
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ
Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ
Мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы, магистр