Home » Балабақша » МКҚК № 18 бөбекжай-балабақшасынан

МКҚК № 18 бөбекжай-балабақшасынан

Биыл елімізде Кеңес әскерлері шектелген контингенттінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Балалар соғысқа қарсы» атты қалалық іс-шара бойынша суреттер көрмесін ұйымдастырды. Қазақстандықтардың Ауған даласындағы ерліктері мен батылдығы ешқашан ұмытылмайды.

Іргесі қаланғанына 32 жыл толған «Ертөстік» балабақшасының өз тарихы бар. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісінен кейін Шона Смаханұлы, Мұхтар Шаханов атты ұлт қайраткерлерінің қатысуымен қазақ тілде ашылған балабақша бүгінде, 280 балаға қызмет көрсетіп отыр.Көрмеге қатысқан барлық бала да, олардың ата-аналары да өте өнерлі, екендіктерін көрсетіп, белсене атсалысты.

Көрме өту барысында балабақша мен ата-ана арасында тығыз байланыс бар екеніне қуандық. Бұл көрменің мазмұнды өтуіне балабақша меңгерушісі Тұрғымбаева Ельмира Сейтжанқызы ерекше мән беріп, бүлдіршіндердің жүрегінің таза, мейірімді, өз жеріне деген сүйіспеншілігін атап өтті.  «Біз және бүкіл ел азаматтары бейбітшілікті қалаймыз!, Соғыстың бетін аулақ қылсын!» — деп № 18 бөбекжай-балабақшасының «Балалар соғысқа қарсы» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастырып, ата-анамен балалардың ұжымдық жұмысын ұсынды! Көрмеге атсалысқан барлық топ ата-аналарына алғысымызды білдіреміз!

Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
МКҚК № 18 бөбекжай-балабақшасынан

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.