Home » Ашық сабақтар » «Миф» мейрамханасы

«Миф» мейрамханасы

/8-10 сыныптар арасында, қорытынды кеш/

Мақсаты: Информатика, физика және математика пәндері бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, пысықтау. Жан–жақты, білімді, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ой толғау қабілеттерін дамытып, логикалық біліктерін жетілдіру.
1-асаба:
Біссіміллә сөз бастайын арашалап,
Қонсын деп алашқа құт, қазаққа бақ.
Еліме езуіммен енші беріп,
Жыр шумағын таратайын табақ, табақ.
Ақ қанат періштелер біздер жайлы,
Жеткізсінші жаратқанға тез ақпарат.
Баршаңызға Алланың нұры жаусын,
Сәлем бердім алдарыңа қазақшалап.
2-асаба:
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
1-асаба:
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркінді билеп барынша,
Жарыстан сірә қалыспа.
Кеш қызығын, ей достар,
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық!
2-асаба:
Ал енді 8-ші, 9-шы, 10-шы ауылдан келген қадірлі қонақтарымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Қошемет, халайық!!!
Кеш бағдарламасында:
1-ші бөлім: «Ас – адамның арқауы»
Ас мәзірі: 1. Жұмбақпен әшекейленген қуырдақ.

  1. Ғалымдар үлес қосқан миф салаты.
  2. Ғажайып десерт. (Қызықты сұрақтар).

2-асаба: Үзіліс «Миф лотореясы» (көрермендермен ойын)

1-асаба: 2-ші бөлім: Қонақкәде (би, әзіл, ән)

2-асаба: 3-ші бөлім: Тойбастар

1-асаба: Мейрамхана төрінде қонақтарымызды дастархан басына жайғастырайық:

1-үстелге 8-ші ауылдан келген қонақтар (8 сынып)

2-үстелге 9-шы ауылдан келген қонақтар (9 сынып)

3-үстелге 10-шы ауылдан келген қонақтар (10 сынып)

2-асаба:  Жұмбақпен әшекейленген қуырдақ:

  • Кештің барысында:
    • Толық жауапқа 5 ұпай
    • Толық емес жауапқа 3 ұпай
    • Қате жауапқа 0 ұпай

1-үстелге

а) Бұтақ орнына мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені.

/кактус/

в) Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

/сызғыш/

б) Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала – шаға ұсағын,

Бауырына қысады.

/магнит/

1-асаба:

2-үстелге

а) Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады?

/дәреже/

б) Экран бетіндеоның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап  тұрады.

/меңзер/

в) Бір бұлбұл отырады салып әнді,

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.

Өнері қандай асқан деп ойладым,

Бір демде жер түбінен хабар алдым.

/радио/

2-асаба:

3-үстелге

а) Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұлқұрылғы қалайдеп аталады?

/Басу құрылғысы/

б) Бүтін сан бөлшек сандар,

Барлығыда бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы,

Оң теріс сан бәрі сонда.

/рационалсандар/

в)Тар шеңбер айналып,

Тұр қазықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен таңбайды.

/сағат/

1-асаба:  Ғалымдар үлес қосқан миф салаты.

1-үстелге Мына суреттердегі математик ғалымдарды анықтап, өмір сүрген жылдарына қарай орналастыру керек.

2-үстелге Мына суреттердегі физик ғалымдарды анықтап, өмір сүрген жылдарына қарай орналастыру керек.

3-үстелге Мына суреттердегі информатик ғалымдарды анықтап, өмір сүрген жылдарына қарай орналастыру керек.

2-асаба: Ғажайып десерт. (Қызықты сұрақтар).

1-үстелге

  1. Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6 м көтеріледі. Ал түнде 4 м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 м ағаштың басына қанша күнде шығады?

/5 күнде/

  1. Адам қандай жолмен жүрмейді?

/Құсжолы/

  1. Кім барлық тілде сөйлейді?

/жаңғырық/

  1. Тақтада көрсетілген 81 санына 63-ті алып, ал 86 санына 12-ні қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады?

/қағазды төңкереміз/

  1. Әлемдегі ең бай адам кім?

/Билл Гейтс/

2-үстелге

  1. Бит, байт, мегабайт, киллограмм. Артығын алып таста.

/килограмм/

  1. Аспан неге көк?

/Атмосфера көктүсті көп жұтады/

  1. Ең алғаш программа жазған ғалым.

/Ада Лавлейс/

  1. Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіпте аламыз. Ол не?

/сандар/

  1. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не?

/тоқ/

3-үстелге

  1. Информатика сөзі қай тілден шыққан және қандай мағынаны білдіреді? (Латынның «informatio» сөзінен шыққан, түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді).
  2. Ұзын тұра жалқаубек,
    Тұрмай ылғи жатады.
    Қозғала қалса артынан,
    Ешбір белгі қалмайды.     (Бос орын пернесі).
  3. Ең алғашқы есептеу құралы және оның жасы (есепшот, 2000-5000 жылдар шамасында)
  4. Электр қай тілден шыққан, қандай мағынаны білдіреді? (грек сөзі, янтарь)
  5. Х айнымалы сан тәуелсіз айнымалы немесе басқаша қалай атауға болады? (аргумент)

1-асаба: МИФ ЛОТОРЕЯСЫ ойналады.

Ойынның шарты: ұтыс нөмірі бойынша қойылған сұраққа жауап берген жағдайда ғана лоторея иесі ұтысты ала алады. Жауап бере алмаған жағдайда ұтыс қайта ойнатылады.

Сұрақтары:

  1. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?  (50).
  2. Бөлмеде  2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?  (20).
  3. Бір кісінің 10 қойы болады. Тоғызынан басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды? (9 қой).
  4. Заряд, ток, кернеудің электр және магнит өрістерінің периодты өзгеруі (электромагниттік тербеліс).
  5. Балқу температурасы жоқ нәрсе? (аморфты дене).
  6. Электр қай тілден шыққан, қандай мағынаны білдіреді? (грек сөзі, янтарь).

7.Желінің қандай түрлері бар? (жергілікті, ауқымды).

  1. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус).
  2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер).

2-асаба: – Құрметті көрермендер! Мейрамхана төрінде отырған қонақтарымыздан қонақкәде сұраймыз!

1-үстел: Әзіл-сықақ

2-үстел:Қазақ биі

3-үстел: Ән

Құрметті қонақтар «тойдан тобықтай», – деп ата-бабамыз айтқандай өздеріңізге арналған тойбастарымызды қабыл алыңыздар!

1-асаба: Оқушыларды марапаттауға ортаға пән мұғалімдерін шақырамыз

2-асаба:

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі,

Болса егер көңіл жақын таңдады.

1-асаба:

Ақын жанды болмаған,

Математик те бола алмас.

Жақсы шумақ тумаса,

Көңілге әсте қона алмас.

2-асаба:

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

1-асаба:

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Исатаева Гаухар Ораловна,
«Әлихан Бөкейхан атындағы  №76 ЖББОМ» КММ,
математика пәнінің мұғалімі,
Қарағанды қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.