Home » Жаңалықтар » Министірлікте «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талқылау бойынша кеңес өткізді

Министірлікте «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талқылау бойынша кеңес өткізді

Кеңес жұмысына Астана қаласының мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, облыстық білім басқармаларының, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің, ҚР Ұлттық экономика, Мәдениет және спорт министрліктері, балалардың құқықтарын қорғау және санитарлық-гигиеналық бақылау комитеттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар төмендегі толықтыруларды ұсынды:

— орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары үшiн аптасына 9 сағаттық нормативтік оқу жүктемесін белгілеу;

— облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және ел астанасының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), білім беру органдары басшыларының жарты жылдық есебін тыңдау;

— ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуді ұйымдастыру барысында ықпалдасу;

— мемлекеттік орта білім беру, техникалық және кәсiптiк білім беру ұйымдары басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларының талаптарын күшейту.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

  Заңның 5 және 6 баптарында анықталған білім саласындағы уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретін бөлу мақсатында, сондай-ақ, жастар ұйымының қызметтерін реттеуге қатысты функциялардың бөлінуіне байланысты, мемлекеттік органдар арасында қосымша құзыреттіктер енгізілді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.