«Балам дейтін елі болмаса , елім дейтін бала қайдан шықсын» — демекші Рухани жаңғыру бағдарламасының аясындағы «Туған жерге тағзым» іс –шарасы көп азаматтарға жақсы ой салуда. Игілікті істің бірі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылында болды. Ауылдағы 148 қазақ орта мектебінің түлегі әрі сол мектептің технология пәнінің мұғалімі Дулығаев Ақылбек он саусағынан өнер тамған жан.
Ауыл тұрғындарын имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа шақырып тәрбиелейтін орын мектеппен, мешіт . Мектепте білімге уағыз сабақ үстінде айтылса, мешітте мінберде айтылады. Өзінің қолынан шыққан керемет туындысының бірі мінберді туған жер мешітіне сыйға тартты. Мектеп директоры О.Шорабаева Құттықтау сөз сөйледі. Ауыл қариялары сүйсініп ризалығын білдіріп батасын берді. Кішілер үлгі аларлық өнегелі іс болды. Осындай туған жерін құрметтейтін, түлетуге, көркейтуге атсалысатын қайырымды , жанашыр азаматтарымыз көп балғай.
М.Байділдаева,
№148 қазақ орта мектебінің мұғалімі,
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылы