Home » Ашық сабақтар » Металлофон мен барабанда ойнау. Хуснутдинова А.Х

Металлофон мен барабанда ойнау. Хуснутдинова А.Х

  Мақсаты: Балалардың жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуін үйрету, қимыл қозғалыстарын дамыту, есту, көру, қабілетін жетілдіру.
Балалар музыкалық аспаптың таяқшалары арқылы өздері ойнауларын қадағалау үйрету.
Көрнекілік: металлофон, барабан, сылдырмақтар, себет.
Әдіс тәсіл: көрсету, үйрету, ойнау, қайталау.
Сөздік жұмыс: жуан, жіңішке.
Оқу іс-әрекет барысы: Балалар шеңбер бойымен жүріп келеді. Шеңберден шықпай, тізбектеле жүруін, тұлғаларын түзу ұстап, бастарын көтеріп жүрулерін қадағалайды.
Кіріспе бөлім: Дыбыспен жаттығулар: «а», «о», «у». Шаттық шеңбер бойымен тұрып, ән айтады:

Көркем сөз: Жәй және тез.

Шапалақта қолыңды

Жай, жай, жай,

Міне, былай!

Шапалақта қолыңды:

Тез-тез-тез!

Тез-тез-тез!

Алға қарай адымда:

Жай, жай, жай,

Міне, былай!

Жолыңнаң еш жаңылма

Тез-тез-тез!

Тез-тез-тез!

Негізгі бөлім:

Балаларды орындықтарына үстел басына отырғызу.

– Балалар бүгін біз барабан мен металлофонда ойнаймыз.

– Балалар ,қараңдаршы, бұл не?

– Барабан.

– Балалар,барабанның дыбысын естиміз (тәрбиеші барабан соғады).

– Барабанның дыбысы «тук-тук» деп шығады.

– Оның дыбысы жуан.

Көркем сөз:

Барабанның дыбысы

«тук-тук» деп шығады.

Балалармен ло бірге

Көңілді ойнайды.

Тук-тук-тук,

Тук-тук-тук.

– Ал, балалар, мынау не?

– Металлофон. Металлофонның дыбысы жіңішке.

Көркем сөз:

Қараңдаршы балалар,

Металлофон деген аспап бар.

Таяқшаны аламыз,

Әдемі әуен шығарамыз.

– Енді металлофонның дыбысын естиміз (металлофонды таяқшамен соғу).

– Қандай дыбыс шығады?

– Әр баламен жеке барабанның, металлофонның дыбысын соғу арқылы есту.

Ән жетекшісі пианино мен жуан және жіңішке ноталары орнына дыбыстарды ойнайды. Балаларға жуан нота ойнағанда
– Аюға.
Жіңішке нота ойнағанда
– қоянға ұқсайтыны түсіндіру.

– Қорытынды: Балалар бүгін өте көңілді биледі, ойнады.

– Балалар, бүгін біз қандай аспаптармен ойнадық?

– Барабан.

– Металлофон.

– Олар қандай дыбыс шығарады?

Барабан-жуан «тук-тук»- деп дыбыс шығарады.

– Металлофон  жіңішке дыбыс шығарады.

Сылдырмақ пен би.
Сылдырмақты алайық,
Ақырындап қағайық,
Жайлап билеп көрейік,
Ырғағына ерейік,
Шақ,шақ,шақ.
Сылдырмақты алайық,
Қатты қатты қағайық,
Күрестіріп табанда,
Билейік табанда,
Так,тақ,тақ.


Күтілетін нәтиже.
Білуі: барабан мен металлофонды таяқшамен соғуды білді.
Меңгеруі: барабан жуан дыбыс, металлофон жіңішке дыбыс шығаратынын меңгерді.
Жасай алды: ойыншықтармен қимыл әрекеттер жасай алды.

 

 

 

Хуснутдинова А.Х,
«Үміт» мамандандырылған балалар үйі,
Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.