Бүгін «Нұр Отан» партиясы Меркі ауданында «Буккросинг» акциясы, яғни кітап алмасу шарасы өткізілді. Партия аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада өткізілген іс шара «Оқып болсаң досыңа бер» принціп негізінде ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – кез-келген кітапсүйер қауым өзі секілді кітапқұмарларды танып біліп, өзі ұнатып оқыған кітабын өзгелермен бөлісіп, кітап алмасу, жастардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеруга бағытталды.
Шара барысында орталық кітапхана қызметкері Айман Бүркітбаева Әлкей Марғұланның сөзін мысалға алып, ғалым боламын деп он мың кітап оқыған Әлкей Марғұлан бұл ретте кітаптың санына емес, оны оқу арқылы жалпы білімнің артатындығын тілге тиек етті. Ал Әбіш Кекілбаевтың: «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана», — деген қанатты сөзі оқырман қауымды ынталандыратындығы белгілі.
«Кітап құдіретін біз өзімізше өрнектеп, бағалағымыз келіп отыр. Өйткені дүниеде кітапты ештеңе ауыс¬тыра алмайды. Кітапты құрметтеудің өнегелі үлгілері өте көп. Мұны кітапқа деген көзқарастың қай ғасырда да, қай дәуірде де өзгермейтіндігі анық», — деп Меркі аудандық орталық кітапханасының директоры Жанат Семқұлова ағынан жарылды. Іс-шараға оқырмандар , «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерімен бірге барлығы 25 адам қатысып, өздерінің тұшымды ойларын білдірді. Қатысушылар өздері оқыған кітаптар туралы айтып, оларды келесі адамға берді.