8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 6 наурыз күні білім саласы қызметкерлерінің әйелдер қауымын құттықтауға арналған дәстүрлі мерекелік салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы қатысып, білім саласында елімізді толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істерге үлес қосқан әйел-аналарға, қыз-келіншектерге арналған өз құттықтауын жеткізді. «Қазіргі таңда әйелдердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үлесі өлшеусіз. Әсіресе, білім беру саласындағы әйелдер қауымының еңбектері ерен»-деді өз құттықтауында Р. Рүстемов. Осынау дүниені түлеткен көктем мерекесінде облыстық білім басқармасының басшысы Б. Сайлыбаев ән де шырқап берді.
Салтанатты шара бұдан әрі марапаттау рәсіміне ұласып, ұстаз -әйелдер қауымына сый-сияпаттар жасалды.
Ұлылықпен келесің күллі әлемді таң қылып,
Есімің тұр киелі сан ғасырлар жаңғырып!
Адамдықтың, адалдықтың әліппесін үйреткен
ҰСТАЗДАРҒА, АНАЛАРҒА бас иейік мәңгілік!
Толқын, толқын теңіздей мейірім-шуағың,
Сарқылмайтын тәрбие бастау бұлағың
Ұлы Дала перзентінің иесі де киесі,
ҰСТАЗДАРҒА, АНАЛАРҒА басымды иіп тұрамын!