Тұңғыш Президент Күніне орай Павлодар облысы Шарбақты ауданында «Балдәурен» балабақшасының салтанатты ашылуы өтті. Балабақшаның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев арнайы келіп қатысты. Орталық павлодардық құрылыс компаниялары бірінің арқасында ғимараты қалыпқа келтіріліп, мекеме іші бүлдіршіндердің интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып отыр.
«Балдәурен» бөбектер балабақшасының басшысы Айжан Қайырбаева бұл жерде бұрын балабақша, кейін кітапхана болып, күрделі жөндеудің арқасында адам танымастай өзгеріп, 60 орындық балабақшада 33 адам жұмыспен қамтылып отырғанын үлкен қуаныш санайды.
Іші жылы, әрі әсем балабақшаның ашылуына ата-аналар да ырзалықтарын білдіріп, алғыстарын айтуда.
Л.Теміртасқызы,
Білім айнасы,
Павлодар