Ақмола облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен айда Көкшетау қаласындағы Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында орыс сыныптарындағы «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі – 2018» байқауы өтті. Бұл сайыстың мақсаты ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Байқау барысында Елбасының идеясы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Мәңгілік ел» идеясы сынды өзекті тақырыптар қозғалып, ұстаздар өзара тәжірибе алмасты. Сайыс 5 кезеңнен: Таныстыру, бейне сабақты қорғау, педагогикалық жағдаяттар, портфолионы қарау және панорамалық идеялар шеберлігі бойынша өтті.
Байқау қорытындысы 3 қазан күні Ақмола облыстық филармониясында ұстаздардың төл мерекелеріне арналған гала-концертте белгілі болды. Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин мырза Целиноград ауданынан қатысып, жүлделі II орынға ие болған №2 Қосшы орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Зәмзебай Кенже Серікбекқызына облыс әкімі тағайындаған ақшалай сыйақы 200 мың теңгенің сертификатын табыстады.
Қазақ тілінің білгірі, мектебіміздің мерейін асқақтатқан ұстаз Кенже Серікбекқызының абыройлы ұстаздық қызметінде табыс тілейміз.
Алмагүл Байжанова
№2 Қосшы орта мектебі