Home » Мақалалар » Мен – XXI ғасыр педагог-психологымын

Мен – XXI ғасыр педагог-психологымын

Мен адамнан артық, одан күрделі,
одан қызықты ештеңе білмеймін. Ол – нағыз құдірет.
М. Горький.

 

 

Қазіргі кезде тәуелсіз мемелекітіміздің алдыңда жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын жаңарту және оны игеру мәселесі ерекше орын алып отыр. ХХІ ғасыр – білім ғасыры, бәсеке ғасыры,  еліміздің дүниежүзілік өркениетке ұмтылған  өрлеу ғасыры.
Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен,  қабілеттеріменен келеді.  Ал баланың бойындағы  туа біткен қасиеттерді дамытатын оқу мен тәрбие.
Дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделiктi өмiрге қарқындап енiп келедi. «Өзiңдi өзiң тани бiл» деген Сократ тұжырымының өзектiлiгi де артып келеді.
«Баланы жан-жақты етiп тәрбиелеу үшiн оны жан-жақты бiлу керек» деген белгiлi педагог К.Д.Ушинский. Оның көрегендiгi педагогикалық iс-әрекеттiң психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендiгiн дәлелдегендей. Ертеңгi күннiң бүгiнгiден гөрi нұрлырақ болуына ықпал етiп, адамзат қоғамын алға тартатын құдiреттi күш тек бiлiмге ғана тән. Ал сол бiлiм дiңгегi сапалы болу үшiн жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, үйретудi одан әрi қарай ұлттық негiзде жалғастыру керек. Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесi – ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты – жетiлген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат тәрбиелеу үшiн жеке адамды толығымен танып бiлу керек, сонымен қатар ақыл-ой тәрбиесi, имандылық, еңбек, эстетикалық, тiлдiк қатынас, дене тәрбиесi, экономикалық, экологиялық, жыныстық, патриоттық тәрбие берiлуi тиiс. Олар адамның рухани бейнесiн қалыптастыpып, жан-жақты мәдениеттi болуына бағыттайды.
Өкінішке орай, оқушылардың жас ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайын, психологиялық ерекшелiктерін, таным процестерiнiң даму деңгейi, сол кездегi көңiл-күйi, қызығушылығы, қабiлетiн ескермеудiң нәтижесiнде педагогикалық процеске қатынасушылардың арасында кикiлжiң жағдайлардың туындауы, оқушылардың қызығушылықтарының төмендеуi, қарым-қатынастың тиімсіз жағдайлары кездесуде.
Сондықтан ұстаздар қауымына баланың ойлауы, есi, зейiнi, қабылдау заңдылықтары туралы мағұлматтармен қоса, баланың дамуындағы жас және жеке ерекшелiктері, мiнез-құлық бiтiстерi, темпераментi, шығармашылық ынтасы мен оны жан-жақты дамыту мүмкiншiлiгi туралы мағлұматтар қажет. Ал ең бастысы мұғалiм оқытудың белсендi, дамыта отырып оқыту, оқыта отырып дамыту әдiсiн меңгере бiлуi қажет.
Ал психологиялық қызмет шаралары балалар мен жасөспірімдердің, жеткіншектердің психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін, шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшеліктеріне байланысты даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың алдын алуға, мұғалім қолына жеке тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер береді. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ойлампаздыққа баулып, тәрбиелеп, бағыттайтын да осы психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Сонымен бірге педагогикалық үрдіске қатынасушылар арасындағы өзара қарым-қатынас стильдерін реттеуге мүмкіндік бере алады. Мысалы: мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы, оқушы – басшы, басшы – мұғалім арасындағы іс-әрекеттер мен байланыстар, бірлескен іс-шараларды реттеп, тиімді қарым-қатынас жасауына бағыттай алады.
Ұстаздар қауымына, ата-аналарына білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруына көмектеседі, оқытудың белсенді, дамыта отырып оқыту әдісін меңгере білу қажеттілігін айқындауға көмектеседі. Оқытылып жатқан білімді саналықпен миға тоқудың түрлі айла-тәсілдерін білуге ұмтылдырумен қатар ерік-жігер мен қажыр-қайратын шыңдай түсуге бейімдейді.
XXI ғасырда қоғамның дамуы сан-салалы жақтан хабары бар, өзгермелі жағдаяттарға бейімделе алатын, өз іс-әрекетіне жауапты, байыпты шешім қабылдай алатын тұлғаны қажетсінеді.
Біздің еліміздің адами-тұлғалық әлеуеті мол, ең бастысы – оны дамыта алатын білім беру жүйесін қалыптастыру. Елбасымыз әрқашан педагогикалық қауымдастыққа көп үміт артады.
Адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын асыл қасиет – адамгершілік нәрін адам бойына сіңіру.Содан кейін ғана еліміздің болашағы – жастарға білім беру жолындағы тәрбие. Әр жастың санасын білім нәрімен сусындатып, оны ары қарай тереңдете жалғастырып, қазіргі заман талабына сай етіп даярлау. Бұлардың бәрі – педагог-психологтың қызметі.
Психолог – адамның сырласы, жан емшісі. Адамның өмірге деген құштарлығын арттырады. Ата-баба дәстүрінен бастау алған жан жарастығы мен жайсаңдығын әрі қарай жалғастыру, жас ұрпақ санасын қалыптастыру үшін ақын Шәкәрім сөзімен айтсақ, ар ғылымы мен ішкі жан сыры іліміне ерекше көңіл бөледі.
Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның психологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат пен тұлға болып, анық әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді.

 

Лаура Маратқызы Маратова,
Подстепный №1 ЖОББ мектебінің педагог-психологі,
Теректі ауданы БҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.