Қазіргі кезде көп адамдар online-да отырады. ONLINE — түрлі әлеуметтік желіде байланыста отыру болса, OFFLAIN — желілерді қолданбау деген сөз. Егер менен қайсысын таңдайсыз десеңіз, OFFLAIN-ды таңдар едім. Неге дейсіз бе?
Біріншіден, қаншама ақша кетеді. Компьютер, процессор, жоғары сапалы телефондар жыл сайын қымбаттауда, әрі 5-6 жыл сайын ауыстырып отыруға тура келеді. Бұл — отбасына шығын.
Екіншіден, интернетке құмар ата-аналар, бірінші баласына емес, ақпараттық техникаларға қарай жүгіретін сияқты. Тіпті түнде баласын емес, телефонды құшақтап жатады. Оны сезген баланың көңілі құлазиды, өзінің керексіздігін сезінеді.
Үшіншіден, желіқұмар ата-аналарын көріп өскен бала да сондай. Балалардың да телефонға қызығушылығы шектен тыс артып барады. Ал балаларға технологиялардың миына, көздеріне зиян екендігін ескеріп жатқан ешкім жоқ. Егер Ақмарал апайымыз айтқандай, 27 қаңтар — Халықаралық OFFLAIN күні болатын болса, мен өте қуаныштымын. Бүкіл еліміз бойынша, бір күн болса да, барлық әлеуметтік желілерді өшіріп тастаса екен! Тек жылына бір күн ғана емес, айына бір рет өшіріп отырса ғой!
Менің қуанатыным, мен және ата-анам әлеуметтік желілерге қызықпаймыз. Өте сирек қолданамыз. OFFLAIN күні құтты болсын!
6″Ғ»сынып оқушысы Ералхан Айым
жетекші мұғалімі: Шатемірқызы Ақмарал
№173 мектеп-лицей
Әуезов ауданы
Алматы қаласы