Home » Ашық сабақтар » Мен өмірді сүйемін! (Психологиялық тренинг)

Мен өмірді сүйемін! (Психологиялық тренинг)

Мақсаты: оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту. Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. «Өмірдің мәні» туралы ой пікірлерін ортаға салу. Өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.                                                                            

Түрі:тренинг
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі:интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаздар, маркер, гүл т.б.
Барысы: І. Сәлемдесу

Қайырлы күн!!!

Құрметті оқушылар! Сіздерменен бүгінгі қуанышты күнде кездесіп отырғаныма қуаныштымын.

ІІ. Кіріспе сөз.

     Өмір – дегеніміз не? Өмір дегеніміз — баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз – баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Әрбір адам – өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!

Жан-жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Бұл – өмір. Қайсымыздың болмасын, өміріміз өз қолымызда. Әркім өз өмірінің сәулетшісі. Алдағы өміріміздің жақсы не жаман болуы осы өмірде өздеріңіз таңдаған алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға және достарыңызға байланысты. Өз мінез-құлқын, өзін айналасындағылармен салыстыру, адамдармен өз қарым-қатынасын түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам өмірде сыналады, шыңдалады, қалыптасады. Өмірде өз орнымызды, өмір жолымызды дұрыс таңдауға тырысуымыз керек. Қазіргі қоршаған ортадан тек жақсы мінез-құлық, тәрбиені, адамгершілікті үйренуге өзімізді дағдыландыруымыз керек. Қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір-біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты.

Олай болса, өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді сүйеміз, өзімізді танимын деп ойлаймын.

Құрметті оқушылар сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын!

Шаттық шеңбері: 10 минут

    1. Таныстыру тренингі: оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің бірінші әріпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады. Мысалы: Арман – Ақылды,
    2. Маржан – Мейірімді т.б.
  • «Менің таңбам» жаттығуы   Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмар ойлап тапқан. 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын жетістіктерін, мінезін белгілеген. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Сол таңба арқылы адамда бедел, қасиет, мадаққа ие болған. Қазір әрқайсың өздеріңе таңба жасайсыңдар. Әрқайсысыңа 5 түрлі фигура беріледі. Оның артында әр пішіннің қасиеттері жазылған. Сол бойынша әр оқушы өз көзқарастарыңды фигураға бес қасиет арқылы көрсетіп, оқып бересіздер. 20 минут уақыт беріледі.
    Шарты:
    Міндеттері: әр оқушы өздерінің бойындағы мақсат, орта, жетістік, сенім, қасиеттерін өзі ұнатқан фигураларға түсіру арқылы, өз ойын жеткізу арқылы, өз көзқарасын таныту.
  1. Алға қойған басты мақсатың ( бірінші нені істей аласың, соны бейнелеу немесе жазу керек) т.б.
  2. Өзіңді жақсы сезінетін орта ( отбасы, мектеп, достарыңның ортасы т.б.)
  3. Ең үлкен жетістігің, арманың (үздік оқушы т.б.)
  4. Мен сенетін үш адам.
  5. Естігім келетін үш сөз.
  • «Мейірімді жануар» жаттығуы
  • Балалар, біз өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлардың жүргеі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа адымда. Рахмет.
  1. Релексация   «Күн шуақты алаңқай…» (баяу музыка үнімен). Сіздер Күн шуақты алаңқайда жүрсіздер. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудеңізді кере дем алып, бойыңызға сіңіріңіз. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі, гүлден гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Көбелектер сіздердің, қуанышқа толы көңіл-күйлеріңізді гүлден-гүлге хабарлап жүргендей. Сіздердің қуаныштарыңызды, өмірге деген талпыныстарыңызды сезген гүлдер, одан әрі жайқалып, сіздермен өз жұпарларын бөлісуде. Алаңқайдағы сан алуан гүлден әркім өзіне ұнаған, ең әдемі гүлдеріңізді таңдаңыздар. Ол гүлдің түрін, жұпар иісін (есте сақтап), жүрегіңіздің жанында сақтаңыздар. Ал енді тізеден тобыққа дейін баяу созылып, көздеріңізді ашыңыздар.
  2.      Енді әркім өзінің таңдап алған гүлінің суретін салып, алдына қойған мақсат тілектерін жазып, біздің күн шуақты алаңқайға өз қалаулары бойынша жазған тілектерін оқып іледі.
  3. Көздеріңізді жұмып, 3 рет терең демалыңыздар.
  • Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіздер? Көңіл-күйлеріңіз қалай?
  • Әрқайсысыңыз бір-бір үйдің, отбасының жайқалып өсіп келе жатқан гүлісіздер. Олай болса, сіздердің осы өмірде өз орындарыңызды тауып, дұрыс жолды таңдап одан әрі жайқалып, өсе беріңіздер.
  • Жүректен-жүрекке:  Құрметті оқушылар! Осы күнге жеткеніміз үшін қуанып, шүкіршілік етіп өмірімізді мәнді етіп өткізейік! Әрдайым жақсылық жасап, өмірде өз орнымызды таба білейік. Кез-келен қиындықтарды табандылықпен, ақыл-ойымызбен жеңуге үйренейік. Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

 

Нағима Өсербай Жиенбайқызы

«Қазанның ХХХ жылдығы»
жалпы орта мектебінің
педагог-психологы

                        

    

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.