Home » Балабақша » Мен – өз Отанымның патриотымын

Мен – өз Отанымның патриотымын

Қыркүйектің төртінші жұлдызында Қызылорда қаласына қарасты «Сыр самалы» балабақшасының бүлдіршіндері жаңа оқу жылын «Мен – өз Отанымның патриотымын» ертеңгілігімен бастады. Кішкентай балапандар өздерінің дайындаған ән-күйлерімен шашу шашты. Ертеңгілікте тәрбиешілер «Балауса», «Болашақ», «Ақжелкен» бүлдіршіндері арасында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып сабақтарын жүргізді. Сабақ барысында бүлдіршіндеріміз еліміздің рәміздерімен танысып, үш тілде атауларын жеңіл меңгеріп алды. «Балауса» тобы түрлі-түсті қағаздармен байрағымыз бен елтаңбамызды жасаса, «Болашақ» тобы қолдарына қалам алып, әсем қаламыз Астананың суретін салып, ал «Ақжелкен» тобы елімізде өтіп жатқан ЕХРО-2017 қалашығын түрлі ойынықтармен құрастырып берді.
Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген өте терең, аса мәнді, әдемі нақыл сөзі бар. Осы сөзге қосып айтарым, бесік сөзі – тәрбиең ұлттық, мәйекті болсын дегені. Осы міндеттің көп салмағын балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері және ата-ана бірлесе көтеріп, айдарлы ұл, қылықты қыз тәрбиелеу – қазіргі заман талабы.

Әлібек ҚУАНЫШ
Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.