Home » Ашық сабақтар » Мен өз Отанымның  патриотымын

Мен өз Отанымның  патриотымын

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік:Елімізде қыркүйектің бірі «Білім күні »екені жайлы әңгімелеу.Отан,туған жер,туған ел,елбасы,ел ордасы,еліміздің рәміздері,Ата заң туралы түсініктерін кеңейту.

2) дамытушылық:Ой -өрісін кеңейту, сөйлеу тілін жетілдіру,сөздік қорын молайту,сын тұрғысынан ойлауын дамыту, тіл байлығын және шығармашылық қабілетін дамыту.

3) тәрбиелік:Елін,жерін ,Отанын сүюге,мақтан етуге,өз Отанының патриоты болуға баулу.

Түрі:панорамалық сабақ

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: «Қызығушылықты ояту», «Ой қозғау»,түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,рефлексия,

Эдуард Де Боно   «6 қалпақ» әдісі

Пайдаланылатын көрнекіліктер:  Белгілі тұлғалар суреті,нақыл сөздер,интерактивті тақта,видео,фильмдер, слайд,музыка

Тәрбие сағатының барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің құттықтау сөзі

ҚР-ның Мемлекеттік Гимнін орындау

II.Психологиялық әзірлік

Мен туған жерімді,елімді,Отанымды сүйемін!

Біздің ұранымыз : Елімді сендей мақтан тұтамын

Тәуелсіз,бейбіт Қазақстаным!

Біздің мұратымыз: Тәуелсіздік,бірлік,келісім,өркендеу

III.Ой қозғау

1)Біздің Отанымыз қалай аталады?

2)  «Менің туған елім- Қазақстан!»деген сөйлемді мағыналас ретінде тағы қалай айтуға болады?

3)Мен өз Отанымды сүйемін,өйткені……( аяқта)

4)   «Отан «деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Мейір:  Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер ,атамекен

Биік тау,орман тоғай,көлімізді

5)  «Топтастыру стратегиясы» ауызша

Отан туралы фильм көрсету (1фильм)

Біздің еліміздің тірегі,жүрегі қай қала?

Шынар:  Жайқалып желегі

Кеңейіп көлемі

Астанам күн сайын

Көркейіп келеді

Толықтыру   Бәйтеректің биіктігі см,салмағы тонна,жобасын жасағандар Артур Манунян және Мұрат Байысбай

«Тәуелсіздік монументі »биіктігі 32метр, 1996жылы 16 желтоқсан

Астана туралы 2 фильм көрсету

ҚР ның президенті кім?   Слайд көрсету

Аслан:       Елбасы ағамыз

Нұрсұлтан біздің атамыз

Қамқоры бар осындай

Біз бақытты баламыз

Ұстаз:     Бір ел-бірлігі,ынтымағы жарасқан ел

Бір тағдыр-біздің еліміздің басынан өткен қиыншылықтар,қазіргі жетістіктер,әрі келешегіміз

Тамызда қандай мереке болды,ол туралы не білеміз?

Әлия    Ата заңым,

Ата заңым,

Атын заңым ардағым

Аялаған адамзаттың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз

Әрбір бабың,тарауларың,тармағың

Толықтыру   Конститутция  — латын тілінен шыққан бекіту,орнату деген мағынаны білдіреді.Адамзаттың міндеті -заң талаптарын бұзбау, өзіне жүктелген міндетті орындау

Ата заң туралы (слайд көрсету)

Еліміздің рәміздері  жайлы не білесіңдер? 3фильм

ҚР-ның  Мемлекеттік Туы

Айзере   Көгілдір түс- судың түсі ,су жоқ жерде өмір жоқ

Көк аспан -бүкіл тіршілік иесіне ортақ шаңырақ

Күн -тіршіліктің қуат көзі.Ол жердегі барлық тіршілікке өмір сыйлайды.

Құс- дала қыраны.Еліміздің дамуы,биктен көрінуі

Көк аспан -бүкіл тіршілік иесіне ортақ шаңырақ

Күн -тіршіліктің қуат көзі.Ол жердегі барлық тіршілікке өмір сыйлайды.

Құс- дала қыраны.Еліміздің дамуы,биктен көрінуі

ҚР-ның  Мемлекеттк Елтаңбасы

Арай          Пырақ- халқымыз жылқы малын ерекше құрметтейді.Мінсе көлік,ішсе тамақ,кисе киім

Шаңырақ -Ел іргесіберік болсын дегендібілдіреді.

Жұлдыз- бағыттаушы жұлдыз

ҚР-ның  Мемлекеттк Гимні

Назерке :    Бостандықты,бейбіт өмірді,достық,бірлікті дәріптейді    (3фильм)

Эдуард Де Боно   «6 қалпақ» әдісі бойынша жұмыс

Ақ түс -фактілер,ақпарат беру

Сары түс —  позитив.  Жағымды тұстары қандай болды?Тәуелсіз елміз,еліміз дамуда

Қара түс  — Қандай  мәселелер бар? Маған не ұнамайды?

Нашақорлық,жемқорлық, діни экстремизм,қылмыстық істер т.б.    

Сан адамға жазылмас жара салды.

Сан адамды өмірден алып кетті,

Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!

Салауаттылық – жарқын өмір жолда!,

Жемқорлық- еліміздің дамуына бөлінген кейбір қаражат  кейбір басшылардың өз пайдасына жұмсалады

Діни экстремизм -Экстремизм (фр. extremisme, лат. extremus) —

«шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады.

Діни экстремизм — мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақтық тұтастығына, азаматтардың құқығына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді;
-Кез-келген экстремизмнің мәні-олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық зомбылық көрсету;

Қызыл түс  — эмоция,әсер,сезім.Менің түйсігім маған не дейді? Еліміздің  гүлденіп келе жатқанын,күннен күнге дамығанын,өзге елдермен  теңесіп келе жатқанын көремін

Жасыл түс -креатив.Менде қандай идея бар?Баламалы электр қуаттары пайдаланылады,машиналар газбен жүреді,үйлер кейінгі заманғы құрылыс материалдары арқылы салынады,әлемде біздің елдің өндіріс заттары

«Қазақстанда жасалған»деген белгімен сапалық жағынан ең құнды  болады

Көк түс  -қорыту,пікір. Мен не білдім?

Әр топ     Туымыз тұғырлы

Елтаңбамыз еңселі

Әнуранымы айбынды болсын!    Iтоп

Менің Қазақстаным — менің болашағым!  IIтоп

Тәуелсіздік  -тірегіміз!  III топ

Бәрі:      Қазақстан республикам,мақтанышым

Мен сені жырлаймын мақтан үшін

Құдайым  маған құйттай жүрек берген  (көрсету)

Лүпілдеп сені сүйіп,сақтау үшін

Әр оқушы әр әріпті қолдарына ұстап айтады.(Болашағым  -Қазақстаным!)

Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгерген
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!

Әкімшілік және ата -ана тарпынан «Білім күнімен» құттықтау

 

Молжанова Рысхан Казысхановна
Қызылқайың орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы,  Алакөл ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.