Home » Білім және тұлға » Мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін (эссе)

Мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін (эссе)

Өмірдегі көп мамандықтардың  ішіндегі икемділікті, білімділікті, шеберлікті, мейірімділікті,  шәкіртжандылықты қажет ететін мамандық ұстаздық деп  білемін. Бұл мамандық адамнан аса жоғары білімді   ғана  емес,   рухани   күш   пен   табандылықты   және   батылдықты   да  талап   етеді.

Қазіргі білім саласында ұстазға артылар сенім мен жауапкершілік өте салмақты.  Осы салмақты саланың салмағын біле тұра, жүрек қалауыммен  «Ұстаз» деген атқа ие болып,  жас ұрпаққа білім үйрету мақсатында  педагог мамандығын таңдадым.  Қазір өз таңдауыма ризамын, шәкірт көзіндегі ұшқынды көргенде, таңдаудан қателеспегеніме іштей қуанамын. Жаңа ғасырға білімді, ұлттық сана-сезімі оянған мәдениетті азаматтар тәрбиелеуде аянбай еңбектене білетін ізденімпаз болу – басты міндетіміз.  Яғни, жаңашыл, новатор  ұстаз болу – заман талабы.  Осы талаптарға әр уақытта сай болу үшін үнемі оқып, ізденіп, шығармашылықпен жұмыстанамын. Сол себептен де өзімді новатор, әрі жаңашылдыққа жаны құмар ұстазбын деп айта аламын. Себебі, теориялық білімімді тәжірибе жүзінде іске  асырып, оқушы үшін бойымдағы барымды беріп, барлық білімді жібермей, шәкірттерімді өздігінен білім алуға жетелеуге  ықпал етемін. Сонымен қатар  новатор ұстаз бейнесі педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, инновациялық білімді дамытатын, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелетін, оқушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болу сынды қасиеттерімен  ерекшеленеді.

Менің мамандығым өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгертумен байланысты болғандықтан, үнемі сабақта Елбасымыздың үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асырамын. Әр сабағымда жаңа технологияларды қолданып,  оқушылардың  үнемі ізденісте, шығармашылықпен жұмыс жүргізуін қолдап отырамын. Алдыма қойған мақсатым анық, әрі нақты болғандықтан, өз жұмысыма бар ынтамды салып, күнделікті сабағыма жүйелі дайындаламын.  Әрине, ұстаз жемісі аяулы шәкірттерінің түрлі деңгейлік байқауларда жүлделі орындарға ие болуларымен өлшенеді. Шәкірттерімнің де жетістіктері – бір төбе. 2017 жылы аудандық бастауыш өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылған «Абай оқулары» байқауында 4-сынып оқушысы Милана Шалабаева жүлделі 1-орынды жеңіп алса, аудандық «Қазақшаңыз қалай?» байқауында 2-сынып оқушысы Регина Петренко жүлделі 2-орын алды. 2015 жылы «Жарқын болашақ» қазақ тілі пәні олимпиадасында «Жас ғалымдар» бөлімі бойынша Альбина Жәрдемова жүлделі — орынды иеленді.  2017  жылы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасында 9-сынып оқушысы Гамлет Цормутян жүлделі 3-орынды еншілесе, «Жарқын болашақ» қазақ тілі пәні олимпиадасында «Жас ғалымдар» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Наиля Зайруллина жүлделі 3-орынға табан тіреді. 2017 жылы аудандық кіші олимпиадада 5-сынып оқушысы Аня Гнилецкая жүлделі 3- орынға ие болды.  2018 жылы республикалық «Өнеге»  орталығының ұйымдастыруымен өткен «Эссе» байқауында Виталии Ноумов жүлделі I орын алса, Жасмина Темиржанова «Жоба» бөлімі бойынша I орынды олжалады. 2017  жылы аудандық пән мұғалімдері арасында өткен «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» байқауында – жүлделі І орын, 2015 жылы аудандық «Үздік сындарлы сабақ» байқауында – жүлделі ІІ орын, 2016 жылы аудандық «Ақұштап оқулары» байқауында ІІІ орын иелендім. Облыстық «Үздік сындарлы сабақ» конкурсына қатысушы куәлігін алдым.  2018 жылы Астана қаласында өткен «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» атты байқауда «Үздік әдіскер» аталымын иеленіп, республика көлемінде тәжірибе  таратып келдім. 2016 жылы «Оқуға деген мотивациясы төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында әдістемелік құралым жарық көріп, аудан мұғалімдері арасында тәжірибе тарату мақсатында ұсынылды.  Осы жеткен жетістіктерім менің шығармашылығымды үнемі шыңдап, маған қанат бітіріп отырады. Шәкірттерімнің алғысына бөленіп, бар білімімді меңгерте білсем бұл менің ұстаздық сенімімнің ақталғандығы деп білемін.

Акгул Мақсотқызы Нахметова,
Зеленов ауданы, БҚО
Мичурин ЖОББ мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.