Мінекей, зымыраған уақыт көзді ашып жұмғанша, қазақ халқы Тәуелсіздіктің 26 жылдығын тойлатуда. Аңсаған мұратымызға жету оңайлықпен келмегені бəрімізге мəлім. Тарихқа сəл көз жүгіртсек бұл « сұрапыл 1986 » -ның желтоқсан айы. Аянышты бейнелер , шыңқырған ащы дауыстар, қарсыласып арпалысқан аға — əпкелеріміз, Тəуелсіздік үшін жан аямай күрескен елеулі қанды қырғын. Мен бұл оқиғаны көзбен көрмесем де құлақпен естіп, сол кездегі қазақ халқы үшін жанын берген аға-əпкелеріміздің бойындағы жалындаған рух , ар-намыс, қайтпас қайсарлықты , батырлықты үлгі тұтамын. Мен бүгінгі Егемен Қазақстанның жас ұрпағымын. Сонау ызғырығы қатты суық түнде бойын намыс кернеген қазақ жастары алаңға шықты. Сол алаңға шыққан бір кездегі қазақ қызы бүгінде елордамыз Астананың төрінде жас ұрпақты Отансүйгіштікке тəрбиелеп жүр. Бұл менің білім ордамның директоры Байменова Гүлжамал Пердебаевна. Алаңға барғаны үшін жалаға ұшырап, түрлі жапа шеккендермен көтерілісте жəбір көргендердің қатарында еді. Əрдайым бізді өзінің туған балаларындай жақсы көріп, ертеңімізге сеніммен қарап, бойымызға патриоттық сезімді дарытуда. Бұл үшін біздің алғысымыз шексіз. Жақын да ғана еліміздің дамуына өзіндік үлес қосқаны үшін мектебіміздің директоры Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың атынан алғыс хатпен марапатталды. Сол себептен мен де өзімнің бір шумақ өлеңіммен қуанышымды білдіргім келеді.
Дамуына қосқан үлес елімнің
Басшысы гимназия мектебінің
Мақтау алып, Елбасының атынан
Қосқан үлес өрлеуіне тілімнің
Сіз де, біз де көгілдір көк тудың астында бейбіт елде өмір сүрудеміз. Ұлы жеңіске қол жеткізуде əлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ. Бүгінгі ашық аспан шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу біздің буынның бағыты болуы тиіс. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ділдақан Майра,
Астана қаласы
№ 77 мектеп-гимназиясының
11сынып оқушысы