Home » Мақалалар » Мен – қазіргі заман педагогімін

Мен – қазіргі заман педагогімін

                                                                       Ел ішіне сау келсең,

                                                                                     Ақылын айтпас ер ме едің!?

                                                                                   Жол көрсетіп сонда өлсем,

                                                                                         Арманым бар ма дер ме едім?!

А. Құнанбаев

       Елбасымыз “Жаңа формация педогогы – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты” деген еді.

Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс-тәжірибемізде қолдану арқылы оқу-тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі.

Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде жаңалыққа бейім шығармашыл тұлға, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін-өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастырудамыз.

Қазіргі ақпараттық құралдарды меңгермеген мұғалім “ескірген” немесе “ескі көзқарастағы” педагог деп аталады. Сондықтан қазіргі жаңа формация мұғалімі құзырлықтың төрт түрі: арнайы, әлеуметтік, білім беру, ақпараттық құзырлықты игерген болуы шарт. Оның барлығы да негізгі болады. Бірақ, жетекші – ол білім құзырлылығы, оның кәсіби шеберлігі.

Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.

Ұстаз қолында адам тағдыры, ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан жұмыс атқарады. Мұғалім сөзі мен іс-әрекетімен, мәдениетімен, білікті біліммен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамға қажетті де осындай ұстаздар.

Егер мұғалім өз немесе басқа пәндер төңірегендегі мамандармен, ұжыммен, жекелей проблемалық шығармашылық топтардағы т.б. әріптестерімен бірлесе қызмет етпей, кәсіби қарым-қатынаста болмай дараланып, жеке басының жетістіктері мен кемшіліктерін бірлесе бағалай алмаса, өз шығармашылығы мен қалыптасқан нәтижелі жетістіктерін көрсете алмаса, онда ол тек сыншы педагог.

Білім, білік, дағдыны және мақсат қоюға оны шешуге ұмтылыс жасамай ынта-жігерсіз, педагогика мен психология негіздерін игермей іс жүзінде психологиялық жағдаяттар шешімінсіз тұйыққа тіреліп, өмірдің түссіз жағымен ғана еңбек етсе, онда ол бір нүктеде тоқтаған мұғалім.

Ұстаз алдындағы басты міндет – ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мәдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: дүниетанымдық көзқарасы, сенімі, қызметке бейімділігі, кәсіптік білімі мен біліктілігі, қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім, ұйымдастырушылық қабілет, заманға сай жаңашылдық. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күнгі мектеп мұғалімі жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар болғанда ғана жаңа формациядағы ұстаз бола алады.

Ахетова Ақзира Төлеужанқызы

«№1 мектеп-гимназиясы» КММ

жоғары санатты

бастауыш класс мұғалімі

Ақтөбе облысы,

Шалқар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.