Білім мен тәрбиенің ақ желкеніне отырғызып, рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан – педагог-ұстаз.
Ақ сүтімен тәніне қуат беріп, бесік жырымен тербеткен ана, асырап-сақтаған әке тәрбиесінен кейінгі жан – жылуын бала бойына дарытатында ұстаз.
Сол кезеңге сай интелектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр педагогтың міндеті. Педагог барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Педагогтың негізгі басты мақсаты – рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманның педагогі информатор, бақылаушы, тексеруші маманы емес керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл ұстаз болуы керек. Баланы субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойында қасиетті дамыту, біліммен тәрбиені жеке тұлғаға бағыттау – бүгінгі таңдағы педагогтың кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі:
- Біріншіден, педагогтың өмірге көз-қарасы оның идеялық нанымы.
- Екіншіден, өз-ойын балаларға жеткізу үшін жан-жақты, терең дайындықпен баруы балалар бойына әдеп, әдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.
- Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады – деп ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай егер мұғалім өзінің жоғарғы білім деңгейінен баланың білім деңгейіне дейін түсіп, баламен бірге білімді игерген кезде ғана, ол нағыз ұстаз болып есептеледі.Қазіргі заман педагогі бала тәрбиесіне де, білімге де, жан-жақты дамыған қазіргі таңдағы иновациялық технологияларды жетік меңгерген ұлы тұлға болуы керек.
Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай: « Тәрбие — адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына жауапты ұстаз болуымыз керек.
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. 2007 жылдың жолдауында «Үш тұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. «Үш тұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі ағылшын тілі дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен иновациялардың ағынына ілесу деген сөзін өз міндетіме ала отырып.
Мен өз еңбек жолымды балабақшада екінші жыл жұмыс атқарып келемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін, өйткені мен жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды балалардың өзге тілде сөйлегені, үш тілде сөйлегені, әрбір сөзді айтқаны өмірдегі ең бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.
Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабыты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың меннен күтетіндері өте көп екенін сеземін. Балабақшаға баражатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келеді екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу қызметім, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?- деген сұрақ ойыма келеді.
Әрине әрбір оқу қызметіммен жауапкершілікпен қарап, дайындалуды ешжадымнан шығарған емеспін. Балаларды сүю, оларға өз білгеніңді үйрету, олардың жеке тұлға болып өсуіне ат салысу бір ғанибет емес пе?
Бала көргені мен естігенін сол қалпында қабылдайды және баяндайды.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру біздің міндетіміз. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процессін жүйелі жоспарлау, жаңа иновациялық технологияларды енгізе отырып балалардың дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Болашақта менің жоспарым: кәсіби білімді үнемі жетілдіріп, жаңашыл ұстаз болу. Үздіксіз іздену арқылы жетістікке жету. Тілі дамыған, еркін ойын жеткізе алатын, жеке тұлға тәрбиелеп шығару жолында аянбай еңбек етемін.
Пирниязова Жұлдыз
Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-5 елді мекені,
№ 9 “Бәйтерек балабақшасының
ағылшын тілінің мұғалімі