Жүргізуші: Талай ақын жырға қосқан әу бастан
Ару-ай, күн жұлдыздайын нұр шашқан.
Сұлулықтын арнасын да барлығын
Ару деген таусылмайтын ән- дастан.
Сәлеметсіздерме құрметті аналар, қадірлі қонақтар! Көктем мерекесі құтты болсын! Ал бүгінгі мерекеміздің көркі-әдемі қыздарымызды, ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
Ал қыздар мына тұрған қоржыннан асықты алыңыздар, сол арқылы реттік нөмерлеріңізді табамыз. (Қыздар асық алады қоржыннан, орындарына отырады, реттік үстелге рет ретімен).
Жүргізуші: Байқау болған соң сайыскерлерге әділ баға берер әділқазылар болады. Сол әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар. (Әділқазылармен таныстырады).
Байқауды бастамас бұрын байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.
- Өзге емес, өзім айтам өз жайымды. (Таныстыру).
- Сұрақ-жауап.
- Өнер-өрге жетелейді. (Сайыскерлер өз өнерін көрсетеді. Ән, би, күй).
«Сән-думан» Көктемгі сән үлгісін көрсету.
«Тұсау кесу»
5.«Шебер қолдар» атты сайыс. (Алдын ала дайындалған кесте немесе қағаздан жасалған оюды әрі қарай жалғастырып көрсету).
- Айнұр К орындауында әсем ән
Жүргізуші: Арулар келіп жетті ортамызға
Бойындағы бар өнерді дамытуға.
Сәттілік серігі боп шықсын кәне
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
І-Сайыс: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» Сайыскерлерге ақ жол тілей отырып, алғашқы таныстыру бөлімін бастаймыз. (Өздерін таныстырып, болады сайыскерлер).
Жүргізуші: Таныс болдық сайыскердің тегімен
Туып өскен мекенімен, жерімен.
Сұлулардың бәрі ақын көрінді
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
(Таныстыру бөлімінің бағаларын беріп жіберейік).
ІІ-Сайыс: Сұрақ-жауап
1.Балаға Анасы мен әкесі кім болады? (ата ана)
2.Балабақша меңгерушісінің аты жөні
3.Ас бөлмесіне арналған киім (алжапқыш)
4.Ертегі әлеміндегі ең алғашқы ұшқыш-әйел (мыстан кемпір)
5.Жуынатын бөлмедегі жаңбыр (душ)
6.Ерінге арналған бояу.(Далаб)
7.Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
ІІІ-Сайыс :«Өнер-өрге жетелейді» өнер сайысы.
Ал енді аруларымыздың тамаша өнерлеріне куә болайық. (Арулар өз өнерлерін көрсетеді). (Аруларымыздың бағаларын беріңіздер).
ІV-Сайыс: «Сән-думан» Көктемгі сән үлгісін көрсететін «Сән думан»бөліміне де келіп жетті. Бұл бөлімде аруларымыздың талғамы мен тапқырлығын байқап көрелік. (Ендеше әділ бағамызды берейік)
«Тұсау кесу» (көрініс)
Жұмбақ шешу: Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (қой)
Күнде оған қараймын,
Қара шашты тараймын. (айна)
Шыркөбелек айналар,
Беліне жіп байланар (ұршық)
Жүргізуші: Ал енді сайысымыздың соңғы бөлігі «Шебер қолдар» бөліміне де келіп жеттік.
V-Сайыс: «Шебер қолдар» атты сайыс. (Алдын ала дайындалған кесте немесе қағаздан жасалған оюды әрі қарай жалғастырып көрсету).
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз қолдарын көрсетсін
Сіз айтыңыз төрелігін соңынан.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Демекші келесі кезекті әсем әнге берейік.
Айнұр К орындауында ән
Жүргізуші: Бүгінгі байқау барысында аруларымыздың өнерлеріне тәнті болдық. Бәрі де өнері мен білімдерін ортаға салды. Кім білсін, біздің ортамызда Мәншүк пен Әлиядай, Аққұштап пен Фаризадай, Нұрғаным мен Хиуаздай, Сарадайын жұлдызы жанар сұлуларымыз отырған шығар. Аруларға шығар белестерің биік, жұлдыздарың жарқырай жаңа берсін деп тілек айтамыз. Байқау болған соң жеңімпаз болады. Бүгінгі байқауда әділқазылар шешімі қандай болғанын тыңдап көрелік. Сөз кезегі өздеріңізде. (Әділқазы шешімі).
Жүргізуші: Бүгінгі байқауымызды өз мәресіне жетті. Сіздермен бірге болған Күлшай Қабдуқызы, келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Бай, қуатты болайық!
Силосовать Кульшат Кабдулловна,
Астана қаласы
№10 «Бөбек» балабақшасы
тәрбиешісі