Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Мен, Қазақстанның патриотымын!

Мен, Қазақстанның патриотымын!

 

Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге   үйрету.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: буклет,сөзжұмбақ, нақыл сөздер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: треннинг«Шаттық шеңбері» Топқа бөліну.
І. Сөзжұмбақ шешу. ( Тақырып ашу).
Оқушылар үлкен шеңбер құрады, ата-аналар ішкі шеңберде тұрады.
Оқушылар:
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ту ғып ұстап бірлікті
Тату тәтті жүреміз
Ата-аналар:
Достық- өмір тірегі,
Достық баршаның тілегі
Татулық дәйім сақталса
Қуанып соғар әр адамның жүрегі
Мұғалімнің кіріспе сөзі .
Құрметті ата-аналар, әріптестер, балалар. Бүгін біз бірлесіп өткізгелі отырған
« Мен, Қазақстанның патриотымын!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
— Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің,  дос -жарандарың, туған туысқаның. Отан – бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Аружан:     Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Назым:     Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Әлема:        Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз- халқың.
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Құрметті оқушылар ата-аналар сіздерді екі топқа бөлулеріңізді сұраймын.
І- топ: «Оқушылар»                                                   ІІ-топ «Ата-аналар»
Жоғалған сөзді тап ойыны. Көп нүктенің орнына тауып жазу.
1.Туған жерге …….. (туың) тік.
2. Отансыз адам,
Ормансыз ………. (бұлбұл).
3. Басқа елде …….. (сұлтан ) болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2-топ: 1. Отан ……..( отбасынан) басталады .
2. Ел үмітін …… (ер) ақтар.
3. Туған жерім, алтын …… ( бесігім).
3-топ: 1. Өз үйім өлең …….. ( төсегім).
2. Туған жердей …..(жер) болмас,
Туған ……… (елдей) ел болмас.
3. Отан — ……… (оттан) да ыстық.
— Біздің Отанымыз қалай аталады?
— Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
— Қазақстан Республикасының президенті кім?
Мұғалім: Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана – Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып  қойылады, жауабын балалармен бірлесе отырып табыңыздар.
1. Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)
2. Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің несі бітпес? (арманы)
3. Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы несінен танылар? (жерінен)
1. Ел қалаған ұл-қыздар –
Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар)
2. Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)
3. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр не артпа? (жүк)

1. Адам болатын бала қандай болады? (ағайыншыл)
Бай болатын бала айырбасшыл болады.
2. Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп)
Өнерімен қуантады түбінде.
3. Қарағайға қарап тал өсер,
Несіне қарап бала өсер? (қатарына )
Назым: Туған өлкем
Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
— Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
— Қазақстан Республикасының президенті кім?
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Аумалы-төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.
Әбілмансұр:
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің, туған өлкем!

Нияз:
Көк байрағын көтеріп
Желбіреткен қазақпыз
Түбі бірге бауырды
Елжіреткен қазақпыз
Бостандықты сағынып
Қолына алған қазақпыз
Жұлдызымыз жарқырап
Жолы болған қазақпыз

Нұрай:
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы

СКО жайлы мәлімет слайд көрсету
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Ойын:  «Мен өз Отанымның патриотымын» әр оқушы ата- ана көрсету (ән айту немесе сурет салу) т.б.

Ата-аналарға сұрақтар мен тапсырмалар беру:
1) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы, күні, айы қабылданды? (1991, 16 желтоқсан)
2) Тәуелсіздік алуымызға қандай оқиға себеп болды? Осы оқиға қашан болды?
(желтоқсан оқиғасы, 1986жыл, 16 желтоқсан)
3) Президент қай жылы, қай күні алғашқы рет ант берді? (10.12.91 ж.)
4) 2013 жылы ұлттық валютамыздың неше жылдығы тойланды? (20 жыл)
5) Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек)
6) Еліміздің Ата Заңы қай жылы қабылданды? (1995ж., 30 тамыз)
7) Ақмола қаласы Астана қаласы деп қай жылы аталды? (6.05.1998 ж.)
8) Еліміздің Рәміздері қашан қабылданды? (1992 ж., 7 маусым)
9) Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
10) Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
11) Алматы қаласының бұрынғы аты? (Верный)
12) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қай күн? (1 желтоқсан)
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемле кттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Нұрай:    Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
—    Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
—    Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?
«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгергн
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Ән «Көк тудың желбірегені».

Қортынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары.

СҚО, Ақжар ауданы,

Байтуыс орта мектебі  КММ

Балтабекова Маржан Алихановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.