Home » Ашық сабақтар » Мен ғарышкер боламын (мерекелік іс-шара жоспары)

Мен ғарышкер боламын (мерекелік іс-шара жоспары)

Мақсаты:

Балаларға ғарыш әлемі және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Ғарышкерлердің еңбегін бағалау. Еңбексүйгіштікке,достыққа тәрбиелеу.

Балалар залға музыка әуенімен кіріп орындарына отырады.

Жүргізуші: Қымбатты балалар! Біз бүгін Ғарышкерлер күнін атап өтуге жиналып отырмыз. 1961 жылының 12 сәуірінде ең алғашқы рет ғарышкер Юрий Гагарин Қазақстан жерінде орналасқан Байқоңыр космодромынан ғарышқа аттанды. Қазіргі уақытта біздің Қазақстанымыздың да батыр-ғарышкерлері  бар, олар:Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мусабаев. Балалар, ал сіздер өскенде ғарышкерлер болғыларыңыз келе ме? Ғарышкер болу үшін кішкентайыңыздан ғарыш туралы көп білуіңіз және денелеріңізді шынықтыруыңыз  керек. Ендеше алдымен сіздердің ғарыш туралы тақпақтарыңызды тыңдайық.

Арлан: Күнге күлiп, күй тартқан,

Айға әнiн тыңдатқан,

Бақыт жырын жырласа,

Таңшолпанын қуантқан

Ұшқыш болғым келедi!

Раяна: Мұздай болат киiнген,

Батпан қару үйiрген,

Қорғап бақыт ұясын,

Тас түлектей түйiлген,

Ұшқыш болғым келедi!

Алдияр:Ұшқыш болмай немене,

Куат бiттi денеме!

Қанатым бар қайыспас,

Ұшқыш болғым келедi!

Аймира:Тұңғыш ғарышкер

Жазира бар ма мына далама тең!

Ғарышқа сол даламды ала кетем.

Аспанның сәуiрдегi сан жолында,

Ақ жолы Гагариннiң ала бөтен.

Малик:Көкке ұшамын –

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем,

Ер ғарышкер ағаның.

Олжас.Д:На Гагарина похожи,

Все мальчишки быть хотят,

В честь него рисуют дети,

Разноцветный звездопад.

Ясмина:В честь Гагарина – проспекты,

Корабли и катера…

Ныне праздник космонавтов:

Космонавтике – «Ура!».

Жүргізуші: Балалар, біздер бүгін ғажайып ғарыш саяхатына аттанайық. Ол үшін екі топ құрайық.

Бірінші топ  «Айгөлек» тобының балалары — «Зымыран» деп аталады.

Екінші топ «Гүлдер» тобының балалары — «Жұлдыз» деп аталады.

Ғарышта сіздерді түрлі сынақтар, тапсырмалар  күтіп тұр. Сондықтан балалар, сіздер батылды, тапқырлы болуыңыз тиіс. Саяхатымыздың алдында аздап бойымызды сергітіп алайық.

(Музыка әуенімен «ұшады»)

Жүргізуші: Балалар, орындарымызға отырайық. Терезеде ең үлкен және ең ыстық жұлдызды көріп тұрмыз. Ол – Күн! Қане, ең бірінші тапсырма:

1.«Күнді және Ай мен Жұлдыздарды құрастыр» деген ойын.

(«Зымыран» тобы Күнді құрастырады.

«Жұлдыз» тобы Ай мен Жұлдыздарды құрастырады. Әр топтан бес баладан қатысады барлық жарыстарға. Кім тез? Қарайық.)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Ал енді келесі тапсырма.

  1. «Жұлдыздардан жол салу» (Бес бала)

(Топта бірінші тұрған баланың қолында екі жұлдыз болады. Бала бір жұлдызды жерге тастап, оған екі аяғымен басады. Екінші жұлдызды алшақ тастап соған екі аяғымен тұрады. Солай тезірек мәреге жету керек. Кері қарай қайтқанда екі жұлдызды қолына ұстап тезірек жүгіру керек. Екі топ жарысады. Төрт жұлдыз керек).

Жұмбақтар:

1 *ұшады қанатсыз

Зырлайды аяқсыз (зымыран)

2*. Мініп алып самғайтын

Қыраным бар талмайтын (ұшақ)

3*. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.(күннің көзі)

4*. Тақиям толған сөк

Таңертең тұрсам, дым да жоқ. (жұлдыздар)

Көңілді музыка әуенімен залға Робот келеді:

Робот: Сә – ле – мет – сіз — дер ме, ба – ла — лар! Гуд-мо-нен, чилд — рен! Сіз кімсіз?

Жүргізуші: Біз №41 «Ақ тілек» бөбекжайының балаларымыз. Ал сен кімсің?

Робот: Ал мен Роботпын! Ғарышқа қош келдіңіздер! Мен сіздермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Мен сіздерге ұшақтар алып келдім.

Жүргізуші: Балалар, қағаздан жасалған ұшақтармен ойнаймыз ба?

 «Кім ұшақты мәреден асырады?» деп аталады.

(10 балаға 10 ұшақ беріледі, кезекпен лақтырады).

Аяру:Таңда туып түлеген,

Тас түлектей көреген,

Көк қойнында тояттап,

Шың басында түнеген

Ұшқыш болғым келедi!

Бейбарыс:Көңiлi – дария, ойы – аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан.

Ай, күнiмен аспанның,

Әзiлдескен, сырласқан,

Ұшқыш болғым келедi!

Тамерлан:Истории ныне подарен,

Всего человечества взлёт.

Из космоса Юрий Гагарин,

В легенду народа идёт.

Имран:Посмотрите, посмотрите:

Ждать взросленья – нет уж сил,

Потому-то из коробки,

Я ракету смастерил.

Ельнур:Ныне праздник космонавтов! –

Поздравляем с этим днём.

Нам открыл его Гагарин,

Много сказано о нё.:

Әділет:В мире первый космонавт он,

Потому для всех герой.

Был добрейшим человеком,

Был с улыбкой неземной.

Аиша:Оттого-то этот праздник,

Для детишек добрым стал,

Потому, видать, про космос,

Каждый в детстве помышлял.

Робот: Капитандарыңыз бар ма?

Жүргізуші:бар.

Робот: Келесі капитандар жарысын өткізейік.

«Кім бірінші Айға жетеді» деген.

(Лентаның екі шетіне таяқшалар байланған. Лентаның ортасында Ай орналасқан. Капитандар таяқты айналдырып лентаны орайды. Кім тез айға жетсе, сол жеңеді.)

«Ұшатын тарелка» деп аталады.

(Әр топтан бес бала)

(Балалар кезекпен обручтың ортасын кіріп, екі қолымен ұстап жүгіреді. Жарысады.)

Робот: Балалар, өте епті, жігерлі екенсіздер. Ал енді мен сіздерді биге шақырамын.

Флешмоб: «Роботтар»

Жүргізуші:Балалар, сіздердің тілектеріңіз бар ма?Аспаннан жұлдыз құлап бара жатқан мезгілде тілек тілесеңіздер, сонда тілегіңіз орындалады. Мында қараңызшы! Қандай әдемі жұлдыз тұр төбемізде! Ой! Ол құлап бара жатыр ғой. Қане, тілектеріңізді тілеңіздер. Мен білемін, сіздер тәттіні өте жақсы көресіздер. Ой! Міне, жұлдыз жерге түсті. Ой! Ішінде бірдеңе бар сияқты ғой! Апельсиндер бар ғой! (Апельсиндер үлестіріледі)

Робот: Қош сау болыңыздар. Мен кетейін.

Жүргізуші:Сау бол, Робот. Балалар, осымен ғарыш саяхатымыз аяқталды. Жер шарына қайтайық.

(музыкамен қайтадан «ұшады» да орындарына отырады. )

Жүргізуші: Осы саяхатымызда көп нәрсеге үйрендік. Қызық жарыстар ойнадық. Болашақта сендер ғарышкер болуға дайын екендігіңіз көрініп тұр.

Жүргізуші: Мерекемізді «Мен ғарышкер боламын » әнімен аяқтайық.

Ән: «Мен ғарышкер боламын»

 

Рауза Ахметқызы Кушалиева,
№41 «Ақ тілек» бөбекжайының ІІ санатты
музыка жетекшісі,
БҚО, Орал қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.