Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Дене тәрбиесі»
Қатысқандар: ата-аналар мен балалар
Мақсаты: балалардың дене мүшелерінің сұлулығын қалыптастыру, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету. Қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Көрнектілік: доптар, себеттер, ракетка, секіртпе, велосипед, арқан кедергілер, т.б.
Әрекет кезеңі | Мұғалімдердің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
Ұйымдастыру-щылық-іздестіру
Рефлекциялық-түзетушілік
| Әжесі немерелеріне арнап жинаған асығын бөліп бере алмай, немерелері таласып келе жатады. Мұғалім: Амансыз ба, әже немерелеріңізді шулатып неге таластырып келе жатырсыз? Әже: Немерелеріме арнап жинаған асығым бар еді, соны балаларыма бөліп үлестіріп бере алмай тұрмын. Өзің қайда жол тарттың? Мұғалім: — Әже, «Айгүл» балабақшасында үлкен мерей той болғалы жатыр, сол тойды жүргізуге бара жатырмын. Спорттық сайыстар да болады. Әже, сол спорттық сайыстарға бала-шағаңыз бен немерелеріңізді қатыстырып, жинаған асықтарыңызды солай үлестіріп берсеңіз қайтеді? Әр сайыста жеңіп келген немереңіздің қоржынына бір асықтан салып отырасыз. Әже: Бұның табылған ақыл екен-ау, менің балаларым да, немерелерім де спортты жақсы көреді. Мен онда келіндеріме айтайын, барлығын осында «Айгүл» балабакшасына шақырайын. Мұғалім: Иә, әже, сіз шақыра беріңіз, ал мен сайысты бастауға дайындала берейін. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!!! Құрметті балабақша ұжымы, «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей, бүгінгі өткізгелі жатқан «Мен – чемпион» атты отбасылық сайысына қош келдіңіздер. Жанұялар отыр сынға түскелі, Сыналмақшы ептілік пен күштері. Әрбірінің жігері, күші жалындап Жеңіс сәтін тағат таппай күткені. Спорт десе біздің таза арымыз, Жалындайды сайысқанда қанымыз. Сайысатын жанұяларды бүгінгі Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.- дей келе ортаға бірінші отбасы «Тұлпар» командасын қарсы алайық. Екінші отбасымыз — «Барыс» командасын қарсы алайық және үшінші «Қыран» командасын қарсы алайық.
Жүргізуші: Сәлемдесу. — Көңіл күйлеріңіз қалай!?
Сайысымызды бастамастан бұрын денемізді қыздырып, жеңіл қимылдау үшін алаңды айнала жүріс кезіндегі жаттығуларды жасап қайтайық.
Алдымен сайыс ережесімен таныстырып өтейін. Әр команда құрамы 4 ойыншыдан тұрады. Ағасы, анасы және балалары. Сайыс 2 бөлімнен тұрады: Эстафеталық жарыс және арқан тартыс ойыны. Эстафеталық жарыс бөлімі 7 кезеңнен тұрады. Ойынды балалар бастайды, ағасы аяқтайды.Ойын барысында ойын ережелерін бұзбай ойнауларыңызды сұраймыз.
Білім ой мен арымыз, Рухани нәріміз Сайыскерлер сіздерге, Қол соғамыз бәріміз. І-бөлім: Эстафеталық ойын. “Жарайсыздар” деп, дайын болсақ баршаңызға сәттілік тілеп сайысымызды бастайық. Сайысымыздың 1-кезеңі: 1. «Кім шапшаң» Кедергілер арқылы доп алып жүгіріп, өтіп себетке доп салып жүгіріп кері қайту.
2.«Мергендер» Кедергілер арқылы дротик алып жүгіріп, межеге барып шарды жарып, кедергілер арқылы кері қайту.
3. «Шегірткелер» Балалары велосипедпен, анасы секіртпемен, ағасы отырып жүріп межеге барып қайту. 4. «Суретші» Үш команданың топ басшылары бір-бірімен кезектесе тартысу арқылы әр тор ішін маркермен шеңбер салуы қажет. 5. «Тыңшы» Жабық жолдан өтіп, межеге барып, жүгіріп кері қайту. 6. «Кім епті» Ракетка үстіне допты қойып, қолымен ұстамай, жерге түсірмей межеге дейін жылдамдықпен барып қайта келу
ІІ-бөлім: 7. Арқан тартыс Ойын шарты: Ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын қолтықтың астынан өткізеді. Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады. Әр командаға жиналған асықтарды санап, жеңімпаз отбасыны анықтап марапаттау рәсімі болады. |
Музыкамен ортаға командалар шығады.
Керемет!!! Командалар өз топтарын және ұрандарымен таныстырып өтеді.
Бірінші команда. Топтың аты: «Тұлпар» Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін, Біріміз бәріміз үшін. Екінші команда. Топтың аты: «Барыс» Топтың ұраны: Биікке самғаймыз, Жарыстан қалмаймыз Үшінші команда. Топтың аты: «Қыран» Топтың ұраны: Қыран алға, Жасыма, талма, Жеңіс біздің қолда.
|
Ақылбаева Гүлназ Маратқызы
МКҚК «Айгүл» балабақшасы, тәрбиеші
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы