Home » Балабақша » Мен театрды жақсы көремін

Мен театрды жақсы көремін

Туғанбаева Оразгүл Тұрлыбекқызы
Алматы қаласы
МКҚК «№74 балабақша» тәрбиешісі

 

 

 (отбасылық сайыс)
Мақсаты: Ата-аналарды отбасылық сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешілермен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Балабақша мен ата-ана бірлігін нығайту.
Қажетті құралдар: слайд, атрибуттар, костюмдар, сұрақ жазылған карточкалар, пазылдар.

Барысы:

1-жүргізуші: -Армысыздар, қонақтар! «Мен театрды жақсы көремін» атты отбасылық сайысына қош келдіңіздер. Сайыс екі отбасы арасында өтеді. Ендеше, бүгінгі сайысқа қатысатын отбасыларды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:  Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан-жақты.
Мерейлі бүгін сайыста
Жеңімпаз боп қалмақшы-
-Ортаға Ауезхановтар отбасын шақырамыз.

1-Жүргізуші:  Жұмысты терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Отбасы тұр құлшынып,
Қалмайын деп сендерден —
-Ортаға  Утегеновтар отбасын шақырамыз.

2- жүргізуші:    Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырап.

-Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-Жүргізуші:  1. Осы балабақша меңгерушісі: Ж. Шүкірбекқызы

2-Жүргізуші:  3. Осы балабақша әдіскері: А. Альбатырқызы

1-Жүргізуші:  4. А-аналар алқасының мүшесі: Абдумаликова Динара

1-Жүргізуші: -Бүгінгі отбасылық сайысының ең жоғарғы саны 5 балдық жүйемен бағаланады.

2-Жүргізуші:      Ата-аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

-Сайыс бағдарламасы 5- бөлімнен тұрады:

  1. «Таныстыру»
  2. «Бәрі де театр жайлы»
  3. «Пантомима»
  4. «Суретті құрастыр»
  5. «Үйге тапсырма»

1- жүргізуші: -Сайысымызды бастайық. 1-ші сайыс:  «Таныстыру»

*-1. «Таныстыру»

Ауезхановтар отбасы:    Армысыз, жалпы қауым жамағатым

Әрдайым болар менің жүзім жарқын.

Сәлем деймін халқыма әуен бастан

Таныстырып өтейін уа халайық.

Таныстырсам өзімді, Ерлан болады есімім

Жарым Сандуғаш тұр жанымда жарқыраған

Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған.

Тәрбиелі қыз өссе елдің көркі емес пе,

Дәстүрлерді жалғастырар ұрпағым-

Анэля нағыз қазақ қызы емес пе.

Алькеновтар отбасы:        Армысыздар ағайын

Отбасымды таныстырып алайын

Атым — Жомарт болады сұрасаңыз,

Қазақтың баласымын тегі бүтін,

Елі бар жасайтұғын ер үгітін.

Жұбайым Ира

Жүзінен төгіледі күннің нұры.

Ізімнен келе жатқан ұрпағым Томирисым.

Менің немерем арманым, болашағым.
Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

 

2- жүргізуші:  — 2-ші сайыс:- «Бәрі де театр жайлы»

Жүргізуші  екі топқа карточкадағы сұрақтарды қояды, қай топ жауабын тапса қоңырауды бірінші басады және жауабын айтады:

1) –Театр деген не?

2) –Театрда ойнайтын адамды кім деп атайды?

3) –Театрда басты орын қай жер?

4)  -Қойылым арасында болатын үзіліс қалай аталады?

5) –Қойылым жарнамасы

6) –Сахнаны жабатын перде қалай аталады?

7) –Театрдың қандай түрлері бар?

8) –«Пантомима» -мағынасын қалай түсінесіз?

Слайд: «Біз қандай театрда болдық?»

Екі отбасы өздері барған театрдан суретке түсіп слайдтан көрсетіп қарсыласынан сұрайды.

1- жүргізуші:  3-сайыс:  «Пантомима»  

Шарты: Балалар қимылмен ертегі желісінен көрініс қояды екі отбасы қай ертегі екенін табады.

2- жүргізуші:  4-ші сайыс:  «Суретті құрастыр»

Екі отбасы пазлдан екі ертегі бейнесін құрастырады. Осы кезде жүргізуші көрермендермен «Жұмбақ жасырамын, шешуін тап» ойынын ұйымдастырады.

Жұмбақтар:                           Далада жүр шапқылап,

Керемет бір саққұлақ.               (қоян)

 

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.              (аю)

 

Қаңғырамын үйім жоқ,

Ауылдардың қойы көп.

Ұрлық, зорлық кәсібім,

Тамақтанар-нәсібім.                     (қасқыр)

 

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан.     (Бауырсақ)

 

Әлсіздерді жақтайды,

Сараңдарды алдайды

Шайтанды да алдады

Білесіңдер ме?                          (Алдар)

 

                             БИ: «Батырлар биі»

2- жүргізуші:  5-ші сайыс: «Үйге тапсырма»

(Екі отбасы қойылым қояды)

  1. «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай»
  2. «Алдардың сиқырлы тоны»

                             ӘН: «Қасиетті домбыра»

  1. Әділқазылар қорытындысы.

1-жүргізуші: Құрметті, қонақтар,! Бүгінгі «Мен театрды жақсы көремін!» сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайысымызды қорытындылау үшін сөз әділ-қазы алқасына беріледі. Марапаттау.

2-жүргізуші:   Асқар тауы –сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ-тіреушісі анасы.

Жасыл құрақ-келешегі баласы,

Олар бірге болады мықты отбасы.

— деп бүгінгі сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

     

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.