Ж.У. Шайхина
Астана қаласы, №7 «Аққу»
балабақшасының тәрбиешісі
Балалар музыка залына «Анашым» әнімен кіріп, әртүрлі қимылдар жасайды. Ортаға екі жүргізуші ұл бала шығады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, құрметті апайлар.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, ақ жаулықты әжелер мен аналар.
Екі жүргізуші бірге: Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер.
-Бүгін Аналар мен әжелер, қыздар мерекесі ғой. Бірақ апайларымыз, қыздарымыз көрінбейді.
-Мүмкін олар арнайы шақыруды күтіп тұрған шығар.
-Ендеше, оларды ортаға шақырайық. Ортаға Жақсылық Өміртайқызын шақырамыз (ортаға қыздар әртүрлі қимылдармен ортаға шығады).
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, аналар, ақ жаулықты апалар. Бүгінгі «Мен саған сенемін» думанына қош келдіңіздер. Кімнің кімге сенетінін, кімнің кіммен озатынын осы сайысымызда қошеметпен көре аласыздар. Бәрі үйреніп алған: үйдің тазалығына қарайтын, жолдасына қарайтын, баласына қарайтын, тамақ істейтін және өзін өзі күтетін ол нәзік жандылар. Бүгінгі «Саған сенемін» сайысында бәрі басқаша болады. Мен және арулар ер азаматтарын әбден сынаймыз. Сынағанда тұрған ештеңе жоқ. Арулар ішкі түйсігіне сеніп, тәуекелге барады. Өйткені нәзік жандылар ер азаматтарына «Саған сенемін» деп, сенім артады.
Ән «Анашым»
Бүгінгі сайыстың әділ қазыларымен таныстырып өтейік.
-Ал ендеше, сайысымызды бастайық.
Қазір сіздердің алдарыңызда фото сурет көрсетіледі, сіздердің ер азаматтарыңыз не істейтінін табу керексіздер.
І сайыс. Слайд: Түйме және жейде.
(Отбасындағы бала тақтада көрсетілген суреттерді атап, қандай тапсырма берілгенін табу керек және тапсырманы орындау уақытын айтады)
Ал екінші сайысқа өтпес бұрын кезекті тақпақтарға берсек.
Тақпақтар
Жансұлу:
Балам деп шырылдайды ана жаны
Түн ұйқысын төрт бөліп балағаны
Баласы адам болып сенім артса
Ананың одан басқа жоқ арманы
Даниэль:
Бізді өсірген апатай,
Еңбегін де зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсың мерекең
Әлішер:
Әжемдей менің жоқ сірә
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Мейірімі ісем жібектей
Күндей ыстық құшағы
Ет жүрегі елжіреп
«Құлыным» деп құшады.
Әділет:
Өмірді ащы тұщы аралаған
Сондықтан анам ойы дана маған
Жайқалып жауқазындай өсіп келем
Өсірген ержеткізіп панам Анам
Ертегі сахналау: «Шалқан»
ІІ сайыс. Слайд: Ролик және бояумен аяқталмаған сурет.
(Отбасындағы бала тақтада көрсетілген суреттерді атап, қандай тапсырма берілгенін табу керек және тапсырманы орындау уақытын айтады)
Би «Полька»
Ойын «Мама бол»
ІІІ сайыс. Слайд: көкөністер және үгіткіш (терка)
(Отбасындағы бала тақтада көрсетілген суреттерді атап, қандай тапсырма берілгенін табу керек және тапсырманы орындау уақытын айтады)
Тақпақтар
Асанали:
Анашым өмір гүлім, өмір жырым
Анасыз қараңғы ғой, тірлік нұрым
Құлыным, ботақаным деген сөздер
Шықпайды дәл осылай басқа жаннан
Рамазан:
Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Бақшадан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі «жаным» деген сая маған
Айжан:
Құтты болсын ардақты ана
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең
Ұлан:
Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын жақсы анам
Ән «Қара туша ақ туша»
ІҮ сайыс. Слайд: Шар және ине суреті.
«Шар үру» сайысы деп аталады. 2 минут ішінде жігіттеріңіз 20 шарды үріп, жаруы керек. Кім қанша шар үріп жаратынына сіздер көмек бересіздер.
Ән «Тәтті»
Би «Қазіргі заман биі»
Ү сайыс. Слайд: Қыздар суреті және сырға
Қазір біздің алдымызға 10 ару келіп тұрады, әуелі 1 жақ құлақтарындағы сырғасын ашып тұрады, содан кейін шаштарымен жауып тастайды, жігіттер арулардың қандай сырға таққанын табу керек. Осы аруларға мұқият қарап қандай сырға таққанын еш ұмытпай 2 минут ішінде жігіттеріңіз арулардың сырғасының сыңарларың табу қажет.
Жігіт сұлтанын анықтайтын кез келді.
Кезекті әділ қазылар алқасына сөз берсек.
(Әділ қазылар ұпай сандарын айтып, жеңімпаздарды марапаттайды)
Би «Флешмоб»
Қарақат Абильдина, «Анашым» әнімен балалар аналарымен билейді.
Жүргізуші: Құрметті аналар, қонақтар көктем мезгілімен бірге келген
8-наурыз Халықаралық аналар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға тыныштық, бақыт, молшылық тілейміз. Осымен «Мен саған сенемін» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымызға қатысқан әр отбасыға рахмет айтып, тағы бір рет қошеметтеп қояйық.