Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп бекер айтпаған. Ғалымдарымыздың зерттеуі бойынша «Психолог» мамандығы ең танымал мамандықтар қатарының бестігіне кіреді.
Психология әлемі, психолог мамандығы несімен қызықтырады? Психолог ол дәрігер емес, ол адам жанының емшісі. Психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан. Психолог-өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан-дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог- жәрдемші, психолог-көмекші. Психолог-басқа адамның мәселесіне еніп, түсіне отырып, өзі бірақ бұдан зардап шекпейтін мықты тұлға. Психолог-өз өмірін тәжірбие ретінде қолданбайтын, әр нәрсеге обьективті түрде қарай алатын адам. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан-дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейді. Міне, осыншама жақсылық атаулыны жүрегіне, ақылына, санасына шоғырландыра алатын ізгі жан иесі психология мамандығын таңдауымның басты себептері осындай. Мен психологпын. Демек, мамандығымды мақтаныш ете аламын. Жоғарыда айтып өткендей, психология ғылымының құдіретіне, адамзаттың жан дүниесіне үңіліп, түсінуге, тығырыққа тіреліп, өмір жолында адасып жүргендерге көмек көрсете алатындығына басымды иемін, болашақтың кілті екендігіне сенемін.
Психология-үлкен ғылым. Ал балабақшаның психолог маманы үлкен жауапкершілікті атқарады. Көзге көрінбегенмен, атқаратын жұмысы орасан. Әр бала алуан түрлі. Ақын С.Торайғыров өзінің психологиялық пікірінде: «Балаларының жайын түсіндіріп реттеймін деуге көне қоятын қазақ па? Біреуінің баласы жүйрік, бірінікі жорға, бірінікі шабан»,- деп адамның әр түрлі қабілеті мен таланты, мінезі іштен тумайтынын, олар іс-әрекет үстінде қалыптасатыны жайлы айтады. Ал атақты жазушы, педагогика саласына еңбектер қалдырған Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Себебі бала көргеніне еліктегіш келеді» деген екен. Яғни, психолог маманы баламен бірлесе отырып, өзін тануына, жан дүниесін басқара алуына, бала құқығына қол сұқпай тәрбиесіне басшылық жасаса нәтижеге жетері сөзсіз.
Қазір мен балабақшада психолог бола жүріп, әр бір күн сайын бүлдіршіндер, ата-аналар, тәрбиешілерде кездесетін қиыншылықтар мен проблемаларымен бетпе-бет кездесіп өз білімімді шыңдау, іздену үстіндемін. Бұл мен үшін психология мектебі. Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог болу үшін бар ерік –жігерімді сарп етуге әзірмін.
Ана. Әке. Бала. Отбасы. Барлығы бір-бірімен байланысты. Отбасы- әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, бұғанасын бекітіп, үлкен өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Бала отбасы аясында түлеп өседі. Оң мен солын таниды.Ол алғашқы адамгершілік қасиеттерді де еңбек әліппесінен бетін ашады. Сондықтанда, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру және баласының бойындағы мінезді анықтау қажеттілікті талап етеді. Жайлы отбасы да өскен балалар сезім әрекетіне бой алдырмайды. Жайдары және жарқын, белсенді келеді, бір нәрсеге көңіл аудара шұғылданады. Берілген тапсырманы уақытымен орындайды. Шуға көп көңіл бөлмейді. Айналасындағы балалармен тез қарым-қатынасқа тез түседі. Күн тәртібін сақтайды, уақытымен тамақтанғанды ұнатады. Егер күн тәртібі бұзылса көңіл-күйі де қош болмайды, тез ренжіп тәбеті мен ұйқысы қашады.
Өз жұмысымды сүйемін. Түрлі жаттығулар арқылы балалардың көңілін сергітемін. Үзінді келтірсем:
«Өзіңді-өзің танысаң –істің басы» — дегендей өзімізді белсенді қатыстыра, ата-ана, балалармен бірге мынадай жаттығулар жүргіземіз. Қазір біздер дөңгелек шеңбер құрып отырамыз. Енді нұсқау бойынша жұмыс істейміз.Барлығымыз көздерімізді жұмып, денемізді бос ұстаймыз.Ойша бір шеңбер сызып аламыз. Денені ауырлатуға емес, аяқ-қол мен бүкіл дененің біртіндеп жылуына бағыт береміз.Көз алдыңызға ортада от жанып тұр деп елестетіңіз. От лаулап жанып тұр, жанған ағаштардың дауысы шырт-шырт етіп, құлаққа жағымды естіледі. Жанған ағаштардың, түтінің иісі киімге сіңіп қалды.Отқа ең бірінші қолымды жылыттым. Жылы алақандарыммен бетімді сипап жылыттым. Осылайша адам өміріне және көңіл-күйінің жақсы болып жүруіне жылылық сезімнің пайдасы зор екенін байқадық. Жаймен көзімізді ашамыз, жылы жүзбен күлімсіреп бі -бірімізге қараймыз. Ендеше өздеріңіздің осы жаттығуда қандай сезімде болғандарыңыз жөнінде ой-пікірмен бөлісейік.
Біздің келесі тренингіміздің аты «Айна» деп аталады. Бұл ойынның мақсаты басқалардың сезімін түсінуге және сезіне білуге тәрбиелеу. Барлығымыз екіге бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрамыз да бір-бірінің қөзіне қараймыз. Біреуі бір қимыл жасай бастаса екінші ойыншы сол мимиканы қайталайды. Психолог жест және мимика арқылы әртүрлі эмоцианалды жағдайларды ұсынамын. Мысалы мұң, қуаныш, ауру, жек көру т.с.с. Міне жалпы адам бір күндік өмірде түрлі образға ене алады және бетімізді әр түрлі мимикаға келтіре аламыз.
Сөзімді қорытындылай келсем, әрбір адам — өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір — бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы — мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл — өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.
Стамбекова Гульназ Данагулкызы
Қарағанды облысы Балқаш қаласы
«Ақбота» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме
КМҚК педагог-психологы